Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Ер Төстік
ЕР ТӨСТІК 
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде калыпты. Ерназардыц сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді – келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді. 
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйдің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады: 
— Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы көрінеді, бол, жылдам асып жіберші,—дейді. 
Сөйтіп, бұлар төстікті қазанға салады. Төстікті асып жеп, шал мен кемпір әлденеді. Ұзамай кемпір жүкті болады. Мезгілі болып, босанады. Бір ұл туады, оның атын Төстік жеген соң біткен бала деп, Төстік кояды. 
Төстік өзгеше бала болып өседі: бір айда бір жастағы баладай, үш айда үш жастағы баладай, бір жылда он бестегі жасөспірімдей болып, екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады. Садақ тартып үйренеді, тартқан садағын тоғыз қабат кетпеннен өткізеді. Аң аулап, құс атып, шал әкесі мен кемпір шешесін асырайды. 
Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақ пен тартып қалады. Садақ тарғақтың қанатын үзіп кетеді. Тарғақ жығылмай, бір қанатын сабалап қаша береді. Төстік ұстаймын деп қуып жүгіреді. Сөйтіп жүргенде, тарғақ бір кемпірдің өрмегінің үстінен қарғып өтеді. Қуып келе жатқан Төстік те өрмектен секіреді. Сөйткенде Төстіктің бір бақайы өрмекті іліп кетеді. Өрмектің бірсыпыра жібі үзіліп қалады. 
Өрмек тоқып отырған кемпір: «Алда ғана көк шешек-ай! Өрмегімді үзіп кеттің-ау! Ертеден қара кешке бүйтіп, жар қуалап, торғай атқанша, тентіреп жүрген сегіз ағаңды тауып алсаң болмай ма?»— деп қарғап сілейді. 
Төстік кемпірге жауап бере алмай, оның сөзіне қатты қорланады. Әсіресе, «тентіреп кеткен сегіз ағаң» деген сөз оған қатты тиеді. Төстік бұрын ағалары барын есіткен жоқ екен. Әке-шешесі оны Төстікке айтпайды екен. Кемпірге сөз қайыра алмай, Төстік жүгірген бетімен үйіне келеді. Атып әкелген құстарын лақтырып тастап, отыра кетеді. Төстіктің ашулы түрін көріп, шешесі: 
«Саған не болды? Кіммен жанжалдастың?»—деп сұрайды. 
Төстік кемпірдің сөзін түгелімен шешесіне айтады. «Ағаларым қайда? Неге келмейді? Іздеп тауып әкелемін!»— дейді. Шешесі: 
«Қақбас кемпір өтірік айтады. Сенің ағаларың болған жоқ оның сөзіне нанба»,—дейді. Сөйтіп Төстікті нандырып қояды. 
Тағы бір күні Төстік асық ойнап жүріп, әлгі кемпірдің жалғыз баласын жұдырығымен қойып жіберсе, бала өліп қалады. Кемпір Төстікті бұрынғыдан да жаман қарғап-сілейді. 
— Қыршыныңнан қиылғыр, Төстік! Менің жалғыз балама әлің жеткенше, айдалада тентіреп өлген сегіз ағаңның қураған сүйегін тауып алсаң болмай ма?— дейді. 
Кемпірдің сөзі Төстікке ой салады. Шешесінен ағаларын сұрайды. Шешесі айтады: «Сегіз ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді, содан қайтқан жоқ, қайда жүргендерін білмейміз»,—дейді. 
Төстік ағаларын іздеу қамына кіріседі. Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де? Төстік жолға шығады. Беліне садақ байланады, қолына темір таяқ алады, аяғына темір етік киеді. Ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды. Жолдасы да — садағы, азығы да — садағы, жолында кез келген аңды атып жеп отырады. Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда, алыстан сағым көтерген бел көрінеді. Өлдім-талдым деп келіп, белге шықса, қарауытқан қалың жылқы көрінеді, жылқының ар жағында ел көрінеді. Жылқыға келсе, жылқының ішінде тігулі тұрған қара қос тұр. Қосқа кірсе, асулы мосы, ілулі бақыр тұр. Бақырдың іші піскен етке толы екен. Төстік етке тойып алады да, елге қарай жүреді. 

Төстіктің келген елі ас беріп жатқан ел екен. «Ағаларымды осы астан іздеп көрейін»,— деп, асқа тігілген қалың үйді жағалай қыдыра бастайды, Арықтаған, азған киімі жыртық-жыртық Төстікті ешкім ескермейді. Жаяу жүрген адамды кім білсін? Сөйтіп келе жатса, табақшылар бір кезде: «Ерназардың сегізіне тарт, Ерназардың сегізіне тарт»,— деп шуылдасып жүр екен. «Ерназардың сегізін көрейін»,— деп үйге кірмек болса, табақшылар Төстікті кейін карай сүйреп, қақпалай береді. «Қайыршы неме, әлі етке тоймадың ба?»—деп жекіріп ұрсады. Төстік оған шыдамай, табақшының біреуін жұдырықпен қойып қалып, мұрттай түсіреді. Жұрт жиналып қалады. 
—Кім керек? Неғып жүрген адамсың?— деп Төстіктен жөн сұрайды. Төстік: 
—Маған Ерназардың сегізі керек – дейді - Адасып кеткен сегіз ағамды іздеп жүрмін,—дейді. Сол арада Ерназардың сегізі жөн сұрасып, Төстікпен жылап-сықтап танысады. Ерназардың сегізі елден адасқаннан кейін жұттан қалған жалғыз күрең биені бағып, содан көп жылқы өсірген екен. Бағанағы көп жылқы солардікі екен. Төстіктен елінің жөнін білген соң, олар да қайтпақ болады. 
Тоғызы тоғыз жағынан шығып, қалың жылқыны айдай бастайды. Бірақ жылқы ұйлығып, бір жақты бет алып жүре алмайды. Қанша айдаса да серпіліп, алғашқы айдаған жеріне қайтып келеді де отырады. Тоғызы жылқыны неше күн айдайды, аяғында жүргізе алмай, жалығады. 
Бір күні Төстік мынадай айла табады: барлық жылкының басы күрең биені ұстап алып, жылқының ортасындағы бір дөңге шығады, биені жығып, төрт буады да, қыл бұрау салып, тақымын бұрайды. Тақымы бұралған соң, бие қатты шыңғырады. Биенің шыңғырған дауысына шұрқырасып қалың жылқы жиналады. Жылқы әбден жиналып болды деген кезде, Төстік биені тұрғызып алады да, жетектей жөнеледі. Сонда қалың жылқы өз беттерімен бұлардың соңынан шұбай береді. Енді ешқайсысы да жылқы айдап әлек болмайды, күрең биені жетектеп жүреді де отырады. Қалың жылқы шұбырып ереді де отырады. Судың тұнығын іше-іше, шөптің сонысын жей-жей, талай асқардан асып, талай шөлді басып, Төстігі бастап, Ерназардың сегізі аман-есен елдеріне келеді. 
Балалары амап-есен келген соң, Ерназар ел жиып, той қылады. Түйеден бура, жылқыдан айғыр, ту бие, қойдан қошқар, құнан қой сойып, қымызын көлдей, етін таудай қылып қояды. Ақсақал, қарасақалын түгел разы қылады. Той тарқағаннан кейін Ерназар тоғыз ұлын аяқтандыру қамына кіріседі. Тоғызына тоғыз келіншек іздейді. Келінінің тоғызын бір үйден таппақ болып, ел қыдырады. Көп елді аралайды. Бірақ Ерназар ойлағандай тоғыз қыз бір үйден табылмайды. 
Сөйтіп, Ерназар күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді. Ауылдың ортасындағы үлкен бір коңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. Үйге кірсе, керегесінің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды. Үйдің бәйбішесі Ерназардан: 
— Неге жыладың?—деп сұрайды. 
— Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын; тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын, керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам біреуі кем екен, соған жылап отырмын,—дейді Ерназар. 
— Ендеше, жылама, тағы біреуі бар, әне тұр,— деп бәйбіше тұсбақаннан тағы бір сырғаны алып келеді. «Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым бір төбе, Кенжекейім бір төбе. Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бір бөлек тұрады»,— деп сырғаны қайтадан орнына іліп қояды. 
Ерназар оған: 
—Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе еді, Кенжекейің Төстігімдікі болсын—дейді. 
Сөйтіп, Ерназар тоғыз қызға құда түсіп қайтады. 
Ерназар келіндерін алып қайтуға тоғыз ұлымен сапарға шығады, Жолда бұларға перінің қызы Бекторы кездеседі, ол Төстікті көріп ғашық болады. Төстікті Кенжекейден айырып алу ниетіне кіріседі. 
Ерназар тоғыз ұлымен Кенжекейдің ауылына барып, көп уақыт жатады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын істетіп, келіндерін алып, еліне қайтпақшы болады. 
Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп, көп жасаумен ұзатады. Сонда Кенжекей әкесінің берген еншісіне — мінгізген ат, арттырған түйе, тарттырған жасауына разы болмайды. «Әкем маған жылқыдан Шалқұйрық атты берсін, жасаудан Ақсырмалды сауытты берсін, түйеден Құба інгенді берсін»,—дейді. 
Кенжекейдің әкесі қызына ашуланып, кісісін қайта жібереді: 
— Қызыма айта бар, Ерназардың байлығы оған жетеді. Шалқұйрық атты сұрағаны несі? Шалқұйрық жылқымның құты, құтқа қыз ие болған жер бар ма екен? Құба інген түйемнің басы, түйемнің басын сұрағаны несі, қызда ондай түйе артар бар ма екен? Ақсырмалды сауыт атадан ұлға қалатын мұра, мені қызым қу бас дегені ме? Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін,— дейді. 
Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты; «Шалқұйрыкты сұрағаным, ерге лайық ат еді, ер мінсін деп едім; Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп едім; Ақсырмалды сауытты сұрағаным, Ер Төстік ер еді, сол ер кисін деп едім»,— депті. 
атқанда, алдынан 
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: nauriz (09.03.2014)
Просмотров: 797 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!