Главная » Статьи » Қазақ әдебиеті

Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Мағжан Жұмабаев өлеңдері

Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны – Мағжан Жұмабаевтың ХХ ғасырдың қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен. Міне сол Мағжан ақынымыздың өлеңдерін барлығын болмаса да, жартысын жариялаймыз деп шештік. www.Zox.kz әкімшілігі.

Өлеңдері:

Жатыр…

Басқа да жұрт аспан-көкке асып жатыр, 
Кілтін де өнер-білім ашып жатыр. 
Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі күн боп, 
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр. 
Таласып өнер-білім алып жатыр, 
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр. 
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп, 
Тәңірінің рақметіне қанып жатыр. 
Ойламай біздің қазақ текке жатыр, 
Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр. 
Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң, 
Қазекең таңғаларлық кепте жатыр. 
Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр. 
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр. 
Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс – 
Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр. 
Кең жері күннен күнге құрып жатыр. 
Сұр жылан қанын сөлін сорып жатыр. 
Астана, жұрт билеген адамдарды 
Тәңірі күннен күнге ұрып жатыр. 
Біреулер оқып, төре болып жатыр, 
Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр. 
Ұмытып өзін-өзі бұл сабаздар 
Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр. 
Шәкірттер медреседе шіріп жатыр, 
Оқыған, дін іздеген байғұс шәкірт 
Жемтікші құзғын болып кіріп жатыр. 
Әйелдер мал орнына жүріп жатыр, 
Жас қызын малға, шалға беріп жатыр. 
«Бес байтал - әйел құны» деген бір сөз 
Қармаққа талай жасты іліп жатыр. 
Дау-жанжал ел арасы толып жатыр, 
Өзара тала-тартыс болып жатыр. 
Кешегі шешек жарған қазақ гүлі 
Сарғайып, бір су тимей солып жатыр. 
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр, 
Күн сайын артқа қарай кетіп жатыр. 
Сезінбей өз өлгенін, өзінікін, 
Аты өшкір, оқығандар нетіп жатыр.

Сағындым

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, 
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. 
«Қарашығым, құлыным», - деп зарлаған 
Алыстағы сорлы анамды сағындым…

Алтын күнді, қара жерді сағындым, 
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. 
Асау тайдау еркелетіп өсірген – 
Ағайынды, туған елді сағындым…

Бостандықта өткен күнді сағындым, 
Желдей заулап кеткен күнді сағындым. 
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті – 
Ойдағыны еткен күнді сағындым…

Ойыны бір кұрдастарды сағындым, 
Тілегі бір жолдастарды сағындым. 
Келешекке бірге жоспар құрысқан – 
Сырласатын жан достарды сағындым.

Уға толы жас жүрегім, жабықтым, 
Таныс дауыс ести алмай зарықтым. 
Не дегенін, не істегінін біле алмай, 
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!..

Сырым

Мен қуансам, жас баладай қуанам, 
Көрген адам талай деген: «Есалаң!» 
Мен қайғырсам, орнатамын қиямет, 
Жас баламын – тағы да тез жұбанам.

Күлсем егер, есім шығып күлемін, 
Жылағанда, қап-қара қан төгемін. 
Қасым болса, қанын ішкім келеді, 
Досым болса, жолында оның өлемін.

Әйел сүйем, бірақ емес сендерше, 
Мен сүйемін, жан-денесін бергенше. 
Жан-денесін бірдей алам, улаймын, 
Қысып сүйем құшағыма өлгенше.

Ол күледі, мен де есалаң күлемін, 
Ол жылайды, мен де жасым төгемін. 
Құшағымда жан тәнінен айырылып, 
Өледі әйел, мен де бірге өлемін.

Тағы да көрем, тағы күлем, тірілем, 
Есім шығып, тағы тұзаққа ілінем. 
Өмір – дала, тапыл басқан мен – бала, 
Тапыл-тапыл, дамыл-дамыл сүрінем.

Өмір-өзен, үміт шабақ ойнаған, 
Жел сөзбенен шабақ аулауға ойлаған. 
Мен – есалаң, мен нәресте, үміт – от, 
Жүз күйсе де, қармануын қоймаған.

«Өзім – тәңірі, өзіме-өзім табынам», - 
Деп көпіріп, зор тәңірге шабынам. 
Егерде енді ауыңқырап кетсе бас, 
Сол тәңірге жасым төгіп жалынам.

Міне, оқушым, осы менің бар сырым, 
Бояу деген ойымда жоқ, жоқ сырым. 
Сен не дейсің?.. Құлағындай есектің 
Ерніңе күлкі келді-ау, жарқынам!

Қазағым

Қазағым, таянды ғой қылта мойын, 
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. 
Қарашы өзіңе-өзің көз жүгіртіп, 
Жаратпас бұдан былай күлкі-ойын. 
Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер, 
Ойламай келешекті түпке жетер. 
Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан 
Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер. 
Тасталық болыстыққа таласуды, 
Таласып жаман көзбен қарасуды. 
Мың-мыңның төгілуі жетер енді, 
Ізделік аққан бұлақ – қара суды. 
Бар жерді күннен-күнге алып жатыр, 
Біреулер алып қала салып жатыр. 
Қырылысып өзді-өзімен қазақ сорлы, 
Жерінен аузын ашып қалып жатыр, 
Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, 
Отырайық жиылып, оңдалайық. 
Мың жылғы өткен қуам де пата заңды, 
Өнерден кеш қалармыз, ойланайық. 
Жер қалар, біз жиылып қала салсақ, 
Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ, 
«Ауыл болсаң, қоғам бол» - деген сөзбен 
Бұлтармай ертеңді-кеш жүріп барсақ. 
Сол шақта көп түкіріп көл де болар, 
Көлде толқын айдаушы жел де болар, 
Мектеп, медреселер көп салынып, 
Ағайын тату-тәтті ел де болар. 
Жиылмай, өнерге аяқ баса алмаспыз, 
Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз. 
"Заман түлкі болғанда, тазы болмай”, 
Биік қырдан алдағы аса алмаспыз!

Қазақ тілі

Күш кеміді, айбынды ту құлады; 
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды, 
Күндей күшті, күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай – алтын анна есте жоқ, 
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың… 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім! 
Орал тауы

Таласқан аспанменен көкпеңбек тас, 
Қарасаң төбесіне, айналар бас. 
Жасаған мейірімі кең қадір тәңірі 
Шығарған сол тауынан алтын, алмас. 
Жіп-жиі, шытырманды түрлі ағаш, 
Тұрғаны мұнарланып өсіп жалғас, 
Қарағай, шырша-батыр бір қалыпта: 
Шілде, жаз, қысын, күзін есіне алмас! 
Ішінде аю, қасқыр, түрлі аң толған, 
Адамзат батып жалғыз аяқ салмас.

Бір күнде сенің иең түрік еді, 
Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді. 
Қорықпайтын таудан, тастан батыр түрік 
Қойныңа жайыменен кіріп еді… 
Ер түрік ен далаңа көрік еді, 
Отырса, көшсе, қонса – ерік еді, 
Тұрғанда бақыт құсы бастарында, 
Іргесі жел-күн тимей берік еді.

Тұрақсыз бұл жалғанда опа бар мА? 
Сақтан, алдар, бой салып жақын барма! 
Бүгінгі күн жан досың болып жүріп, 
Құлатып кетер ертең сені жарға.

Қарашы төңірекке мойның бұрып, 
Алтай, Орал бойында тұрған түрік 
Аты да, заты да жақ, дыбысы жоқ, 
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп…

Анамыз бізді өсірген, қайран Орал, 
Мойның бұр тұңғышыңа, бермен орал! 
Қосылып батыр түрік балалары, 
Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: nauriz (09.03.2014)
Просмотров: 765 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!