Аңса, Жаным Өлеңін жазған – М.Мақатаев Әнін жазған – Д.Сыздықов 1) Мен тілейін, жарқыным, сен де тіле, Жақсылық орнасын де жер бетінде. Аққу тіле айдынның келбетіне, Айдын тіле аққуды тербетуге. Қайырмасы: Мен аңсаймын, сен дағы аңса, жаным Жақсыдан жәйлап ескен жан самалын. Аңса, жаным, Зарығып шарша, жаным, Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың 2) Мен сағынам, Сен-дағы сағын, жаным, Адамнан тек жақсылық табылғанын. Ашусыз ала көзсіз бауырлардың, Аңсаймын алқам-салқам қауымдарын Қайырмасы: Мен аңсаймын, сен дағы аңса, жаным Жақсыдан жәйлап ескен жан самалын. Аңса, жаным, Зарығып шарша, жаным, Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың 3) Көңілім болса дағы қанша жарым, Солармен білінбейді шаршағаным. Жақсыдан жәйлап еске жан самалын, Жабықпай аңса, жаным, Аңса, жаным!... Қайырмасы: Мен аңсаймын, сен дағы аңса, жаным Жақсыдан жәйлап ескен жан самалын. Аңса, жаным, Зарығып шарша, жаным, Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың
|