Ғашық жүрек Өлеңін жазған – Т.Молдағалиев Әнін жазған – Е.Белғозиев Алқынғандай, талпынғандай боласың, Шарқ ұрғандай бүкіл қазақ даласын. Көкірегіме менің сыймай барасың, } 2рет Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың! } 2рет Дегбіріңді тауысқандай боласың, Жазың күзге ауысқандай боласың. Күз жапырақтай қалтырайсың, тоңасың, } 2рет Ғашық жүрек қайда апарып соғасың? } 2рет Көрген жандай арманыңның моласын, Күрсінесің, ауыр ойға шомасың. Жабырқайсың, жауың таптап кеткендей } 2рет Ғашық жүрек қайда апарып соғасың? } 2рет Назырқанып тірлігіңнің бағасын, Келер күннен бір сүйеніш табасың. Бейтаныс бір терезені қағасың, } 2рет Ғашық жүрек қайда апарып соғасың? } 2рет Күздің желі жапырағыңды тонасын, Сонда да сен бақытыңды табасың. Жете алмайтын арманыңа жет дейсің } 2рет Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың? } 2рет
|