Әлия Өлеңін жазған: Б.Тәжібаев Әнін жазған: С.Бәйтереков Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейне бір баласындай, Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.
Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның!
Саған белгі орнатқан мәрмәр тастан, Саған күнде қызыққан мөлдір аспан. Саған күнде жазылған көркем дастан, Саған күнде құшағын көктем ашқан. Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның!
Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық, Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып. Туған жердің төсінде мәңгілікке, Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.
Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның!
|