Главная » Статьи » Қазақстан тарихы

Андрондық мәдениет немесе соғыс арбаларының дәуірі
Андрондық мәдениет немесе соғыс арбаларының дәуірі

Андрондық мәдениет сегіз-тоғыз ғасыр шамасында өмір сүрді және оның дамуында үш кезең ерекшеленеді: ерте (б.д.д.XYII-XYI ғ.ғ.), дамыған (б.д.д.XY-XIII ғ.ғ.) және кейінгі (б.д.д. XII-IX ғ.ғ.). Көптеген ғасырлар бойына андрондық тайпалар өмірі елеулі өзгерістерге ұшырамады. 

Андрондықтар шағын өзендердің бойында отырықшы қоныстарда өмір сүрді. Терең орлармен және шарбақтар орнатылған жалдармен қоршалған мұндай әрбір қоныста 10-20 үлкен жартылай жертөлелер болды, олардың көлемі 25-100 шаршы метрден (ерте кезең) кейінгі уақыттарда 150 шаршы метрге дейін ауытқып отырды; 200-300 шаршы метрге дейінгі баспаналар да кездеседі. Бір-бір жарым метрге тереңдетілген ағаш діңгек түтін шығатын тесіктері және жарық түсіретін қақпақтары бар қос құламалы немесе пирамидалы шатырмен жабылды. Шатырды көптеген бағандар көтеріп тұрды. Әрбір үйде үлкен отбасы (30-50 адам) өмір сүрді, ал айдалмалы жерлерімен, жайлымдарымен және зираттарымен қоныс бір руға тиісті болды. Кейде рулар шағын өзендер мен бұлақтар бойындағы бірнеше ұсақ қоныстарға шашырай отырды, ал көрші алаптарда сол тайпаға тиісті қоныстар таралып жатты. Археологтардың терминологиясы бойынша, қоныстардың бір тайпалық тобы мәдениеттің оқшаулана шектелген вариантын жасады. Бір тайпалы қоныстардың аумағын бір-бірінен ешкім қоныстанбаған кеңістіктер бөліп жатты. Жері ылғалды әрі жұмсақ өзендер жайылмалары теселермен мұқият өңделді, ал дәнді дақылдардың өсірілген өнімдерін қола орақтармен орды. Андроновтықтар үйлерінен дән үккіштер жиі табылатын. Қола дәуірінің жартастардағы суреттеріне петроглифтерге қарағанда, өгіздер сүйреткен соқалық жегулер де белгілі болған.. 

Андроновтар үшін күн көрістің басты көзі әрқашан да мал шаруашылығы болды. Андроновтық бейіттерге қойылған қыш құмыралардың беттеріндегі іздерге қарағанда, қоныстар тұрғындарының негізгі тамағы сүт тағамдары екені байқалады. Андронов қоныстарының күресіндерінде көбіне өгіздердің, жылқылардың және қойлардың сүйектері жатады. Палеозоологтардың есептеулері бойынша андроновтардың ет тағамының 60-70 % ірі қара, тек 10 % ғана қой етінен тұрған. Жылқы еті ет тағамдарының 20-30 %-ін құраған. Малды, дәлірек айтсақ, төлді байлап бағу үшін тұрғын үйдің бір шеті бөлініп, қоршалып қойылады; кейде үйге мал қора жанастырыла салынады. 

Андроновтық табындардың неғұрлым бағалы бөлігі жылқы үйірлері болғанына сөз жоқ. Сүйек қалдықтары бойынша аттардың үш түрлі тұқымы болғанын анықтаудың сәті түсті. Олар - "моңғол тұрпатты" басы үлкен, шағын денелі, шыдамды жылқылар (шоқтығының биіктігі 128-136 см.); биік жылқылар (136-152 см.); сирағы сидыйған, ұзын иілген мойнындағы басы кішкентай және жинақы сауырылы тұрқы биік таза тұқымды жылқылар. Асыл тұқымды жылқылар соғыс арбасына жегілуге арналды және олардың иесінің мақтанышына айналып, абыройын асырды. Міне, солар осы заманғы ахалтекелік жылқылардың арғы атасы болып табылады . 

Малды жайып бағу далалық және шөлдік жайылымдарды игерудің неғұрлым өнімді әдісін - көшпелі шаруашылыққа көшуде байланыстырушы буын болды. ¤мір салтын осындай өзгерістерге әкелудің маңызды алғы шарты қорадағы мал құрамы болды, онда әсіресе тебіндеп жайылуға және алысқа көшуге икемделген жылқы мен қой көп болды. Тиісінше мүйізді ірі қара үлесі табында кеміп, ал жылқы саны көбейді. Андронов мәдениеті өмір сүрген соңғы кезеңінде (XII-IX ғ.ғ.) Солтүстік және Орталық Қазақстанда қорадағы жылқылардың үлесі 14-тен 36%-ке өсті. Андронов мәдениеті басымдылығы бойынша жылқышылардың мәдениетіне айналды. 

Басқа бір жаңалық пайда болды - шаруашылықтың қозғалмалылығының өсуіне қарай қос өркешті бактриандық түйелер саны да барған сайын көбейе түсті. Олардың сүйектері андроновтардың ең ертедегі тұрақтарынан табылады, ал соңғы кезеңде түйеге табыну пайда болады - оның қыш статуэткалары мен жартастағы бейнелері табылады . Алыс көшулерге икемделген төрт дөңгелекті арбаларға орнатылған киіз үйлер де пайда болды. Олардың саздағы моделдерінің жұрнақтары андроновтық мекендерді қазғанда табылды, ал арбадағы киіз үйлердің өзі басқа петроглифтердің арасында жартастарда бейнеленген. 

Сонымен, кейінгі андроновтық кезеңде андронов тайпалары тарихының ерте кезеңіне тән болғанынан мүлдем басқа типтегі мал өсіру шаруашылығын қалыптастыру процесі толық аяқталды. Мал өсіруші көшпенділер дәуірі басталды . 

"Қатардағы жерлеу" құралдары, яғни марқұмды о дүниеге аттандырудағы заттардың жиынтығы әдетте тамағы бар бірнеше қыш құмыралардан , қарапайым әшекейлерден , кейде құралдардан (пышақтар, теселер, тас жебелер) және құрбан шалған мал етінің бөліктерінен тұрды. "Бай" жерлеулерде мола шұңқыры елеулі мөлшерімен, қорған үйіндісінің үлкендігімен, оның төңірегіндегі тас қоршауларымен, әсіресе құрал-жабдықтарымен ерекшеленді . Сонымен, Синташта I (Оңтүстік Орал) бейітінің бес моласынан дөңгелегінде он шабақты екі аяқты соғыс арбасы, ат әбзелдері табылды. Мұндай жерлеулерде тығынды найза, жебелі садақтар, қола шапқы-балталар, тас және қола шоқпарлар, қанжарлар сияқты қарулар жеткілікті еді. Әшекейлер арасында мыс білезіктер мен алтын жалатқан самай сақиналар, күміс тілікті кеуде киімдері, басқа да зергерлік бұйымдар бар . 

Андроновтардың соғыс арбасы тек қана соғыс қаруы ғана емес, ерекше табынудың, сиынудың заты болды . ‡йлер мен бейіттерде шабақты дөңгелектердің саз моделдері немесе дөңгелекті еске салатын қола белгі олжалары аз кездеспейді. Шабақты дөңгелектердің немесе ат жегілген соғыс арбаларының суреттері Қазақстан петроглифтері арасында ғана емес , сонымен бірге мүрделерден табылған саз ыдыстарда да жиі кездеседі. Жылқы құрбандыққа шалар басты мал саналды. Құрбандыққа шалулар жерлеулерде де, сондай-ақ қасиетті орындарда, рулық және тайпалық ғибадатханаларда жүзеге асырылды. Этнографиялық шендестірулер көрсеткендей, мұндай ғибадатханалар көбіне биік тауларда, адам аяғы баспайтын орындарда орналасты. Мұндай жерлердегі жалпақ тастарда жануарлардың, адамдардың, арба айдаушылардың, және диқандардың, басында күн орайлары және басқа сюжеттері бар өзгеше тіршілік иелерінің тастарда қашалған бейнелерімен жеткілікті әшекейленген . Табынудың басқа нысаны - қасиетті оттың куәсі андроновтық баспаналардан табылған таза алтын қабатты тікбұрышты табыну ошақтары болып табылады. 

Андроновтық тайпалардың өмір суреттерін тек жазбаша түпнұсқалар толықтыра және жандандыра алар еді. Бірақ сол кездердің жазба көздері Қазақстан далаларынан алыста - Таяу Шығыстың қалалық өркениетінде, Хуанхэ алқабында, бәлкім, Инд аңғарында болды. Алайда, бәрі үмітсіз емес, қола ғасырдың далалық өркениеті ұрпақтарымен өз тілінде сөйлесуге қабілетті.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: nauriz (08.03.2014)
Просмотров: 2595 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!