Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

Азаматтық қарым-қатынас құжаттары
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. 
Оған төмендегідей құжаттар жатады: 
1. сенімхат 
2. кепілхат 
3. өтінім 
4. тапсырыс 
5. келісімшарт 
6. еңбек шарты 
7. шарт 
8. еңбек келісімі

ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

ҚОЛХАТ - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады. 

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі: 
- құжаттың аты; 
- қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); 
- қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); 
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); 
- қайтарылатын нақты уақыты; 
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты; 
- қолхат жазылған күн; 
- тараптардың қолы; 
- мекеме мөрі.

Сөздік: 
қолхат- расписка 
азамат- гражданин 
мерзім-срок 
кепілақы- задаток 
қарыз- долг 
ақша- деньги 
уәде- обещание 
қайтарып беру- вернуть, возвращать 
алу-брать 
кабылдап алу- принять 
уақытында-вовремя 
кепіл ақы- задаток

Үлгі: 
Қолхат 
Мен ИИТ-02-17 тобының студенті Мәлік Нұршаұлы, университеттің қазақ тілінде оқу залынан уақытша пайдалану ушін «Қазақстан» энциклопедиясын (бағасы 1000 теңге) алдым. Кітапты бір аптада қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік нөмірі ... 
15 ақпан ,2003ж. (қолы)

Расписка 
Я, студент группы ИИТ-02-17 Малик Нуршаулы, взял в читальном зале «Қазак тілі» для временного пользования энциклопедию «Казахстан» (стоимостью 1000 теңге). Обязуюсь вернуть книгу в течении недели. 
Номер удостоверения личности. 
15 февраля, 2003 г. (подпись)

Қолхат 
Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000(үш мың) АҚШ долларын алдым. 
2003 жылы 15 қыркүйекте жасалган келісім-шартқа сәйкес 2003 жылгы 10-шы қыркүйектен 10 желтоқсанга дейін алынған ақшаның пайызын төлеп түруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитүлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

10.12.2003жыл қолы

Қолхат 
Мен, ФИТ-02-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жеке куәлік №11655223. 
24.03.03 колы 
Х.Б.Ержанның қолын растаймын.

СЕНІМХАТ – сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді. 
Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. 
Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі : 
-құжат атауы; 
- күні, айы, жылы, мекен-жайы ; 
- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); 
-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); 
- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); 
- қайтарылатын нақты уақыты; 
- қайтара алмаған жағдайдағы шарты; 
- нотариалдық мекеме мөрі.

Сөздік: 
Сенімхат - доверенность 
жеке куәлік - удостоверение личности 
жалакы- зарплата 
мөр - печатъ 
Қол -подпись 
Сену -верить 
сеніп тапсыру- доверять 
беру - давать , выдавать 
куәландыру - удостоверять 
алу - получать 
қою, басу- поставить

Сенімхат берілетін жағдайлар: 
Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі. 
Сенімхат 1 дана болып дайындалады 
Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл. 
Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

Сенімхат 
2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы 
Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты: 
- менің атымнан өтініш жазуға; 
- анықтамалар мен құжаттар алуға; 
- менің орныма қол қоюға; 
- мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін. 
Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

01.12.2003 
С.Маметовтың қолын растаймын

Кепілхат 
Алматы қаласы, 25 қараша 2003 жыл. 
Мен, азамат Ержан Бауыржанұлы Хайрош мекен-жайым Алматы қаласы, Абай даңгылы, 10 үй, 5пәтер, жеке басымның куәлік №010777888 ҚР ІІМ берген Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй, 106 пәтерде тұратын жеке басының куәлІк №10356706 ҚР ІІМ берген Әсел Тұрарбайқызы Жұмаділовадан 150 000 (жүз елу мың) теңге алдым. 
Өз міндеттерімді орындауға: 
— келісімшартқа сәйкес пайызын төлеп түруға; 
— алынган ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға; 
— келісім-шарт талабы орындалмаған жағдайда айып төлеуге; 
— мекен-жайым өзгерген жағдайда бүл туралы 3 күн ішінде хабарлауга кепілдік беремін. 
Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған: 
Бір данасы Алматы қаласы 47 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы - азамат Жұмаділова Әселге берілген, үшінші данасы - азамат Ержан Хайрошта сақталған. 
25.12.2003 Қолы_ 
Ержан Хайроштың қолын растаймын.

Кепілхат 
Алматы қаласы № 1 нотариалдық кеңсе 
Мен, азамат Әнел Болаткызы Абтиева, мекен-жайым : Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 45 үй, 10 пәтер, жеке басымның куәлік № 0136197836 ҚР ІІМ берген. 
Алматы қаласы,Достық даңғылы, 89 үй, 14 пәтерде тұратын азамат Бахтеева Камилладан 100000(бір жүз мың) теңге алдым. 
Өз міндеттерімді орындауға кепілдік беремін : 
1. Келесімшартқа сэйкес пайыз төлеп түруға ; 
2. Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға ; 
3. Келесімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге ; 
4. Мекен-жайы өзгерген жағдайда, үш күндік мерзім ішінде хабарлауға. 
Осы кепілхат үш дана етіп жасалған, бірінші данасы Алматы қаласы № 1 кеңседе тіркелген, екінші данасы - Абтиева Анельде, үшінші данасы -Бахтеева Камиллада сақталады. 
Тараптардың қолы А.Абтиева 
К.Бахтеева 
2. Өтінім 
Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті жағдайларды алу мақсатында бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып, жазылатын іс қағазының бір түрі. 
Тапсырыс – келісім шарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын іс қағаздарының бір түрі.

ТАПСЫРЫС 
1. Тапсырыс түрі: алмастыру, алу, коммерциялық үсыныс 
2. Тапсырыстың мотіндік сипатталуы ____________________ 
3. 
4. 5. 6. 7. 8. 9. Тауардың атауы

Тауардың бағасы ең аз ең көп

Тауардың саны ең аз ең көп

Жеткізілім шарты

Төлем шарты

Жеткізілім мерзімі

Үсынысқа қосымшалар (қүжаттар)



Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатьш алушы үшін), тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді. 
Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Ондірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті. 
Косіпорынның жетекшісі 
Қолы _

ӨТІНІМ 
1. Мекемеішілік қатынаста 
2. Келісімшарт жасау міндетті емес. 
3. Кепілдік көрсетілмейді. 
4. Біржақты болады 
5. Тауар бағасы мен саны нақты. 
6. Төлем шарты көрсетілмейді. 
7. Жеткізілі шартым көрсетілмейді.

ТАПСЫРЫС 
1. Мекемеаралық қатынаста 
2. Келісімшарт міндетті. 
3. Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс берушінің төлеуге қабілеттілігіне, ал тапсырыс алушының қолында сол тауардың болуьша) 
4. Екіжақты болуы мүмкін (алмасады, үсыныс түрінде болады) 
5. Тауар бағасы мен санының ең көп не ең аз мөлшері көрсетіледі. 
6. Төлем шарты көрсетіледі. 
7. Жеткізілім шарты көрсетіледі. 
Ескерту: Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Өндірістік -коммерциялық орталыққа алдын-ала жедел хабар беруге міндетті. 
Ортақ белгілері: 
І.Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады. 2. Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі. З.Алушынын не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.

3. Келісім-шарт, шарт 
Келісім-шарт - жеке түлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат. 
Шарттың (келісім-шарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмүны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді. 
Шарт мынадай жағдайларда жасалады: 
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер: 
а) түрғын үйді сатып алу — сату туралы; о) түрғын үйді сыйға беру туралы; 
б) түрғын үйді ауыстыру туралы. 
2. Жер учаскелері туралы мәмілелер: 
а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісім-шарт; ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісім-шарт; 
б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісім-шарт. 
3. Көлік қүралдары жөніндегі мәмілелер: 
а) автомашинаны сатып алу — сату жөніндегі келісім-шарт; ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісім-шарт; 
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісім-шарт. 
4. Ақша қаражатын заемға алу — заемға беру жөніндегі мәмілелер: а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт; 
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісім-шарт.

Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: nauriz (12.03.2014)
Просмотров: 1212 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!