Главная » Статьи » География

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрамы Штаттары арасындағы қатынастар

1991 ж. 25 желтоқсан – Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.

1991 ж. 26 желтоқсан – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. 15 қыркүйек – АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ашылды.

1992 ж. 30 қазан - ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі ашылды.

2009 ж. 14 желтоқсан – Алматыда АҚШ Бас консулдығы ашылды.

2007 ж. 4 шілдеден бастап – Е.Ыдырысов ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

2008 ж. 8 қазаннан бастап – Р.Хоугланд АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. Мемлекеттер арасында шартты-құқықты берік негіз құрылды.

2006 ж. 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары барысында елдеріміздің жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын расталды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта АҚШ-тың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына және елімізді Джексон-Вэник өзгерістерінің әсерінен шығаруына қолдауы көрсетілген.

2010 ж. 11-14 сәуірде ҚР Президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу аясында АҚШ-қа ресми сапар шекті. Елбасы Президент Б.Обамамен, Энергетика министрі С.Чумен, сондай-ақ еврей ұйымдары мен АҚШ-тың ең ірі корпорацияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Екі ел басшыларының кездесуінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ғаламдық қауіпсіздік, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, Ауғанстанды тұрақтандыру, сауда-экономикалық ынтымақтастық және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мәселелері талқыланды.

Сапар нәтижесі ретінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды, сондай-ақ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге және «Қазақстан Темір Жолы» Ұ.К. мен «General Electric» арасында ТМД елдеріне арналған маневрлік тепловоздар жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

2008 ж. 14 қарашасында АҚШ Президенті лауазымына сайланысымен Б.Обама тек қана бірнеше елдер басшыларына, оның ішінде Елбасына, телефон соқты. Әңгіме кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ көкжиектерін талқылады. Б.Обама Қазақстанға жақын арада сапармен келуге ниетті екендігін білдірді.

2009 ж. 2-6 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев АҚШ-та жұмыс сапарымен болды. Американдық тараптың шақыруымен Мемлекеттік хатшы дұғалы ұлттық таңертеңгілік асқа қатысты.

2009 ж. 7 сәуірде ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев Стамбұл қаласында өткен Өркениеттер Альянсының II форумы шеңберінде АҚШ Президенті Б.Обамамен кездесті. Қ-Ж.Тоқаев американдық басшыны ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан аумағында бейбіт бағдарламаларында пайдалану үшін Халықаралық атомдық энергетика агенттігінің бақылауындағы ядролық отын банкін орналастыруға дайындығы жөніндегі мәлімдемесі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, кездесу барысында Б.Обамаға ҚР Президенті Н.Назарбаевтың елімізге ресми сапармен келу туралы шақыруын тапсырды.

Американдық Президент Қазақстан басшысының тұлғасына шынайы құрметпен қарайтындығын, онымен іскери байланыстарын жоғары бағалайтындығын және телефон арқылы әңгімен барысында қол жеткізген өзара уағдаластықтары жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуге дайын екендігін ерекше атап көрсетті. «Қазақстанмен қарым-қатынастар стратегиялық сипатта» екенін тілге тиек еткен Б.Обама Орталық Азия аймағына турне жоспарлап отырғанын және сол сапарда алдымен «АҚШ-тың досы мен сенімді әріптесі» саналатын Қазақстанға келетіндігін жеткізді.

2009 ж. 3-5 мамыр аралығында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің АҚШ-қа іс-сапары өтті. Ол АҚШ Мемлекет Хатшысы Х.Клинтонмен, АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөнінде кеңесшісі Дж.Джонспен және АҚШ Энергетика министрі С.Чумен кездесулер өткізді.

2009 ж. 9-10 маусым аралығында Астана қаласына АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары У.Бернс бастаған американдық делегацияның сапары өткізілді. У.Бернс ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Премьер-Министрі К.Мәсімовпен және Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен кездесулер өткізді.

Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев 2009 ж. 23-37 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші отырысына қатысты. Ол БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунмен, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Х.Клинтонмен, АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкстан жөніндегі арнайы өкілі Р.Холбрукпен, бұрынғы мемлекеттік хатшылар Г.Киссинджермен және Дж.Шульцпен, бұрынғы қорғаныс министрі У.Перримен және бұрынғы сенатор, «Ядролық қатерді қысқарту бастамасының» тең төрағасы С.Наннмен кездесулер өткізді. Ядролық сынақтарға жанжақты тиым салу туралы шарттың күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі конференцияда сөз сөйледі.

2010 ж. 2-5 ақпанда Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың АҚШ-қа ЕҚЫҰ-нің лауазымдағы төрағасы ретінде ресми сапар шекті. Ол АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Дж.Джоунспен, Мемлекеттік хатшы Х.Клинтонмен, Энергетика министрі С.Чумен, Б.Обама Әкімшілігінің басқа да жоғары дәрежелі өкілдерімен және АҚШ Конгресінің беделді мүшелерімен кездесулер өткізді. ҚР СІМ басшысы АҚШ Хельсинки комиссиясында ҚР-дың ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдылықтары жөнінде және АҚШ қоғамдық-сараптамалық шеңберлерінің алдында «Atlantic Council» зерттеу орталығында сөз сөйлеп, американдық ірі компаниялардың басшыларын қабылдады.

Парламентаралық ынтымақтастық

АҚШ Конгресімен ынтымақтастық жоғарғы деңгейге жеткен.

2008 ж. АҚШ Конгрессмендері Ш.Беркли (демократ, Невада штаты) және Р.Адерхольттың (республикандық, Алабама штаты) төрағалық етуімен АҚШ Конгресінде Қазақстанның достары Кокусы (ынталы бейресми топ) құрылды.

2009 – 2010 жж. Қазақстанда А.Хастингс, Г.Рид, Э.Фалеомаваега, Дж.Броун және басқа да тұлғалар бастаған АҚШ Конгресінің делегациядары Қазақстанда болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Америка Құрама Штаттары - Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. 2009 ж. нәтижесі бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,004 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт – 612,6 миллион, импорт – 1391,5 миллион). Бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 2,8% тең.

АҚШ-тың Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларының көлемі 19,63 миллиард АҚШ долларына жетті. Жалпы шетелдік капитал салымының 19%-нан астамына сай келеді.

АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан арасында сауда және инвестициялық қатынастарды дамыту туралы келісімді (ТИФА, Вашингтонда 2004 ж. маусымда қол қойынған) іске асыру маңызды бастама болып табылады. ТИФА Кеңесінің 6 отырысы болып өтті, соңғысы 2009 ж. 11 қазанда Вашингтонда орын алды.

«ШевронТексако», «ЭксонМобил», «КонокоФиллипс», сияқты американдық компаниялар «Теңізшевройл», «Аджип ККО», «Каспий құбыр консорциумы», «Қарашығанақ интеграциялық ұйымы» және т.б. сияқты ірі жобаларға қатысуы байқалады.

2002 ж. наурызынан бастап Қазақстан-американ энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен комиссиясы жұмыс істейді. Бес отырысы өткен. 6-шы отырысына 2009 ж. 5-8 қазанда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Д.Понеман тең төрағалық етті.

2009 ж. 23-24 қарашада Нью-Йоркте Қаржы министрі Б.Жәмішев пен Энергетика министрінің бас көмекшісі Дж.Элкиндтің қатысуымен «Қазақстан-американ инвестициялық форум - 2009» өтті.

Қорғаныс және қауіпсіздік

Қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық Қазақстанда әскери реформаларды қолдауда бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды қамтиды. IMET және FMF бағдарламалары шеңберінде қазақстандық офицерлер мен сержанттар Қазақстанда және АҚШ-та дайындық өтеді. Сондай-ақ, ҚР әскери күштерінің жеке бөлімдерінің американдық техникамен және саймандармен жабдықтандыруы жүзеге асырылады. Шекараны қорғау және экстремизмге қарсы күрес бағдарламалары бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» атты кеңейтілген бағдарламасына белсенді түрде қатысады.

2009-2010 жж. Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Дэвид Петреус Қазақстанға бірнеше рет келіп, Елбасымен, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізді.

2009 ж. 17-18 қарашада АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры III Роберт С.Мюллер Астанада болып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Шабдарбаевпен, Бас Прокурор Қ.Мәмимен, Ішкі істер министрі С.Баймағанбетовпен, Қаржы полициясы Төрағасының бірінші орынбасары Р.Ибраимовпен кездесулер өткізді. Сапар нәтижесі ретінде ҚР Бас прокуратурасы мен АҚШ ФТБ арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

Категория: География | Добавил: nauriz (03.03.2014)
Просмотров: 589 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!