Главная » Статьи » География

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы
Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 5 маусымда – Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1994 ж. қаңтарынан бастап ҚР-да Болгария Елшілігі ашылды.

2004 ж. Қазақстанның Болгариядағы Уақытша Сенімді өкілі Т.Оразаев.

2004 ж. қарашасынан бастап Қазақстандағы Болгария Республикасының Уақытша Сенімді Уәкілі И.Паров болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақстан мен Болгарияның Жоғары деңгейдегі екі жақты қатынастары дамуының алғашқы сатысы Болгария Президенті Ж.Желевтің 1993 ж. Қазақстан Республикасына ресми сапарынан басталды.

1999 ж. Президент Н.Назарбаевтің Софияға жауапты сапары екі жақты қатынастардың дамуына қосымша серпіліс берді.

2003 ж. 25-27 қыркүйекте – Болгария Республикасының Президенті Г.Пырвановтың Қазақстан Республикасына ресми сапары болды. Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың одан ары дамуы туралы бірлескен мәлімдемеге, терроризммен, ұйымдасқан қылмыс, есірткі құралдарының, психотропты заттардың, олардың аналогтары және прекурсорларының заңсыз айналымымен және басқа да қылмыстармен күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісімге; денсаулық сақтау және медициналық ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге; Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы Әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойылды. 
Парламентариялық байланыстар. Депутат Д.Дыбовтың басшылығымен Болгар Парламенттік делегациясының (7 адам) 2005 ж. 4 желтоқсандағы Президентттік сайлауда халықаралық байқаушылар ретіндегі сапары болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Болгария арасындағы тауар айналымының көлемі 2005 ж. – 21241 млн. долл. (экспорт – 074,7 млн. долл., импорт – 20566,3 млн.) құрды, ал 2004 ж. – 31,2 млн. долл. (экспорт – 16,5млн. долл., импорт – 14,7 млн. долл.), 2003 ж. – 23,8 млн. долл. (экспорт – 14,7 млн. долл., импорт – 8,5 млн. долл.).

Қазақстаннан шикі мұнай экспортталады (98%), Болгариядан медикаменттер (46%), парфюмерия (15%), типографиялық және басқа да құрал-жабдықтар(10%, оның ішінде автокарлар, сүйремелер) импортталады.

Үкіметаралық комиссия. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық нытымақтастық бойынша Қазақстандық-Болгар үкіметаралық комиссиясының қызметті құралдарының бірі болып табылады.

Үкіметаралық комиссия Қазақстандық бөлігінің тең төрағасы – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Г.Қарағұсова, Болгар жағының тең төрағасы – аймақтық даму мен көріктеңдіру Министрі В.Церовски.

Қазақстанның Болгарияға қызығушылығы, оның Балкандағы транзиттік-энергетикалық орталық және Европалық одақтың көлік жобаларында жетекші байланыстырушы рөлінен туындайды. Осы орайда, Бургас (Болгария) – Александрополис (Греция) Мұнай құбыры құрылысының жобасына қатысу мүмкіндігі Қазақстанның қызығушылығын тудыруда (тасымалдау мүмкіндігі шамамен – 30-35 млн. тонн жылына, ұзақтығы 280-300 км, жоба құны – 688 млн. долл.).

Болгарияның сауда-экономикалық серіктес ретіндегі маңызы бұл елдің 2007 ж. басында Европалық Одаққа ену мүмкіндігіне байланысты да өсуде.

Экономикалық өзара байланыстарда энергетикалық ынтымақтастық, соңдай-ақ ауыр машина жасау, химия, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы саласы басым болып табылады.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстанда 10 мың. жуық этникалық болгарлар тұрады. 2003 ж. болгар тарапының қатысуымен Абылай хан атындағы ҚазҰХҚШТ білім беру бағдарламасына болгар тілі мен әдебиеті енгізілді. Болгар ұлттық мәдени орталығы Қазақстандағы этникалық болгарлардың қоғамдық қоры «Славяне» (Павлодар обл.) қызмет істейді. «Возрождение» Павлодар мектебінде Болгар тілін үйрету бойынша курстар өткізіледі. Жуырда Софиялық университете қазақ тілі бойынша курстардың ашылуы жоспарлануда. 1994 ж. сәуірде Алматы қаласында Болгария Республикасының мәдениет күндері өтті.

Категория: География | Добавил: nauriz (03.03.2014)
Просмотров: 476 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!