Главная » Статьи » География

Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы
Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

13 мамыр 1992 ж. Қазақстан Республикасы мен Финляндия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнады.

3 наурыз 2010 ж. Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

19 наурыздан 2009 ж. Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев (қоса атқарушы, резиденциясы Вильнюсте)

19 қарашадан 2010 ж. Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Микко Киннунен.


Саяси қарым-қатынастар

Екі ел арасындағы саяси диалогтың негізі Финляндия Президенті М.Койвистоның Қазақстанға сапары барысында 1992 ж. қыркүйекте қаланды.

Саяси консультациялар Қазақстанға ФР Сыртқы істер министрінің орынбасары Я.Бломбергтің (10-11 қараша 1997 ж.), Сыртқы істер министрі Э.Туомиойдың (10-11 ақпан 2005 ж.), ФР СІМ Мемлекеттік хатшысы П.Торстилдің (9 қазан 2006 ж.) сапарлары барысында жалғасын тапты.

Екі жақты ынтымақтастықтың нығаюына ЕҚЫҰ Төрағасы-Финляндия Сыртқы істер министрі А.Стуббтің Қазақстанға сапары және оның ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясына (Астана, 2-4 шілде) қатысуы игі әсерін тигізді.

23-25 наурыз 2009 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Финляндия Республикасына мемлекеттік сапары болды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Тарье Халоненмен, Премьер-министр Матти Ванханенмен, Парламент спикері Саули Ниинистомен, елдің іскерлік элитасымен келіссөздер жүргізді, мәртебелі Паасикиви Саясаттану қоғамының мүшелері алдында сөз сөйледі, сондай-ақ «Отаниеми» аумақтық технологиялық орталығында болды.

Сапар барысында келесі құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасында Қосарланған салықты болдырмау және табыс пен капиталға салықтан жалтаруға жол бермеу туралы келісім; Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Финляндия Республикасының Білім министрлігі арасында Білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Финляндия Республикасының Ұлттық мұрағаты арасында Мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; инновациялық ынтымақтастық туралы төрт келісім.

Парламентаралық байланыстар дамуда. 1997 ж. 21-24 қыркүйекте Алматыға Финляндияның парламенттік делегациясы келді.

16-20 мамыр 1999 ж. Финляндияға сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісі делегациясын Президент М.Ахтисаари, Парламент Спикері Р.Уосукайнен қабылдады.

1-3 ақпан 2006 ж. Қазақстанға ФР Парламенті Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің Төрағасы Л.Яконсаари бастаған делегация сапары өтті.

30 мамыр – 2 маусым 2010 ж. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасы О.Мұхамеджанов Финляндияға ресми сапар атқарды. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, екі ел арасындағы сауда айналымы 2008 ж. жедел өсіп, 1140,1 млн. долл. құрады, бұл 2007 ж. көрсеткіштен 56% жоғары. Сыртқы сауда балансының сальдосы Қазақстан үшін жағымды: экспорт – 634,1 млн. долл., импорт – 506,0 млн. долл. болды. 2007 ж. ол 732,4 млн. долл. еді (экспорт – 425,0 млн., импорт – 307,4 млн.) құраған.

Дүниежүзілік дағдарысқа байланысты 2009 ж. екі ел арасындағы сауда айналымы 33% қысқарып, 760,9 млн. долл. құрады. Соның ішінде экспорт – 451,2 млн. долл., импорт – 309,7 млн. долл.

Екі жақты қарым-қатынастарда 1992 жылы құрылған қазақстан-фин Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияның рөлі зор.

Комиссияның бес отырысы өтті (16-19 қараша 1993 ж., 27-28 қазан 2004 ж., 27-28 қазан 2005 г., 28 мамыр 2007 ж. және 3 қараша 2008 ж.).

5 наурыз 2010 ж. Финляндияның Сыртқы сауда министрі П.Вяюрюнен бастаған ең ірі фин компанияның 50 өкілдері Қазақстанға сапар атқарды. Сапар барысында Астана мен Алматы қалаларында бизнес-форумдар өтті. Финляндияның Қазақстандағы Елшілігі ресми ашылды.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар

Финляндияның қоғамды ақпараттандыру бойынша тәжірибесі, әлемдегі ең жоғары білім деңгейінің біріне жетуі, мәдени ерекшелігі мен туған тілін қадірлей білу дәстүрі Қазақстан үшін пайдалы.

2006 ж. 4-11 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрінің Хельсинкиге сапары болып, ол фин білім жүйесімен және осы саладағы инновациялық жобалармен танысты, сондай-ақ финдік әріптестерімен зияткерлік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

2010 ж. 24-26 мамырда Хельсинки қаласында Қазақ киносының күндері өтті.

Категория: География | Добавил: nauriz (03.03.2014)
Просмотров: 414 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!