Главная » Статьи » Информатика

Паскаль програмдау тілінің қайталау командалары
Кіріспе 
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль. Оның алғашқы вариантын 70-жылдары Швейцария ғалымы Н. Вирт жарыққа шығарған болатын. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. 
Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: 
тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет; 
тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді; 
мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін; 
тіл синтаксисі қиын емес; нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б. 
Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік кіріспе тілге аудару үшін компилятор пайдаланылады. 
Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі. 
Төменде Паскальда ерекше орын алатын файлдар туралы толық мағлұмат келтірілген.

Қайталану командалары.

Программаның белгілі бір бөлігінің орындалуын бірнеше рет қайталау үшін қолданылатын командаларды қайталану командалары деп атайды. Көптеген есептеулерде айнымалылардың әртүрлі мәндері үшін кейбір операторлар бірнеше рет қайталанып орындауды қажет етеді. Бұл операторларды , қайталап орындалуы үшін , программаға қайта – қайта жаза берсек, онда программа құру үшін көп уақыт кетеді, әрі программалық текст өте ұзақ және оқуға ынғайсыз болып жазылады. Сондықтан программалық текстер қысқа әрі оқуға жеңіл болу үшін қайталану процесін циклдық операторлар қолданып ұйымдастырады. Циклдік процесс ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады: 
1.FOR – параметрлі циклдік оператор; 
2.WHILE – алдын – ала циклдің орындал шартын тексеретін оператор; 
3.REPEAT – соңында циклдің тоқтау шартын тексеретін оператор.

Циклдік операторлар структуралық операторлар тобына жатады, өйткені құрамына бірнеше операторлар кіреді. Программада алдымен циклдің тақырыбы жазылады, онан кейін қайталанатын операторлар бөлімі – цикл денесі жазылады. Цикл денесі бір немесе бірнеше операторлардан тұруы мүмкін. Барлық циклдық операторлардың келесі ерекшелігі бар: 
а) Қайталанатын операторлар ( циклдің денесі ) бір – ақ рет жазылады; 
ә) Циклге тек қана басынан ( тақырыбы ) ғана кіруге болады; 
б) Циклің айнымалылары алдын – ала циклге дейін анықталуы тиіс; 
в) Цикл денесінде көшу операторын ( Goto ) қолданып программаның басқа бөліктеріне шығуға болады. 
д) Цикл ұйымдастырғанда, міндетті түрде циклден шығу шарты орындалатынын қарастыру керек, әйтпесе программа орындалуы циклге келгенде тоқтап тұрып қалады ( программа «мәңгі циклденіп» қалады ). 
Цикл денесінің әр қайталауында цикл айнымалыларының мәндері де өзгеріп, жаңа мән қабылдап отырады. Қайталану саны циклдің тақырыбында және цикл денесінде берілетін айнымалылардың мәндеріне байланысты болады.

FOR циклдік операторы ( Үшін циклі ).

Параметрлі циклдік операторлар цикл денесінің қайталануы арқылы алдын – ала белгілі болғанда қолданылады.Жалпы жазылу түрі төмендегідей болады: 
FOR K : = M TO N DO 
ЦИКЛ ДЕНЕСІ ; 
МҰНДАҒЫ : К – циклдік айнымалы ( есептеуіш ), әр цикл орындалғанда К – ға 1 қосылып тұрады. 
М – К айнымалысының алғашқы мәні. 
N – К айнымалының соңғы мәні.

Цикл денесі жай немесе құрама оператордан тұруы мүмкін, егер цикл денесі құрама оператордан тұрса,онда ол операторлық жақшаға алынып жазылады.Циклдің параметрі ( К ) тек қана айнымалы болуы тиіс, ал М және N өрнек болуы да мүмкін ( нақты Real – типтен басқа ). Көбінесе цикл параметріне бүтін типті айнымалы қолданылады, оның мәні циклдің әр орындалуынан соң 1 – ге артып отырады ( қадам 1 – ге тең ).

FOR циклінің блок – схемасы:

Цикл денесінің орындалуы FOR операторындағы К параметрінің мәні соңғы М параметрінің мәніне жеткенге дейін қайталанады. Егер К мәні М мәнінен асып кетсе, онда қайталану процесі тоқтап, басқару циклі денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Сондай – ақ FOR және DOWNTO операторларының көмегімен кері циклдер ұйымдастыруға болады, кері циклдің жалпы жазылу түрі төмендегідей: 
FOR := N DOWNTO M 
Цикл денесі;

Мұндағы: К – циклдік айнымалы ( есептеуіш ), әр цикл орындалғанда – 1 – ге азайып тұрады. 
М – к айнымалысының алғашқы мәні. Т – К айнымалысының соңғы мәні.

Енді FOR операторымен циклдер құру мысалдарын қарастырайық: 
Алты бұрыштың қабырғалары берілген. Үшбұрыштардың ауданын программаның бір орындалуында шығару керек. 
а)Егер есепті шығару үшін сызықты программа құратын болсақ, онда программада үшбұрыштың қабырғаларын ендіру және оның жарты периметрі мен ауданын есептеу формулаларын төмендегідей етіп алты рет жазу керек:

PROGRAM AUDAN; 
VAR A, B, C: Byte; P, S:REAL; 
BEGIN Write ( 1,’үшбұрыштың қабырғаларын енгіз:’ );Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A+ B + C )/2; S := SQRT ( P*(P – A)*(P – B)*(P – C) ); 
Writeln ( ‘ аудан S ’ , 1 , ’ = ’ , S : 5 : 2 ); 
Write ( 2 , ’ үшбұрыштың қабырғаларын енгіз: ’); Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A+ B + C )/2; S := SQRT ( P*(P – A)*(P – B)*(P – C) ); 
Writeln ( ‘ аудан S ’ , 2 , ’ = ’ , S : 5 : 2 ); 
Write ( 3 , ’ үшбұрыштың қабырғаларын енгіз: ’); Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A+ B + C )/2; S := SQRT ( P*(P – A)*(P – B)*(P – C) ); 
Writeln ( ‘ аудан S ’ , 23, ’ = ’ , S : 5 : 2 ); 
Write ( 4, ’ үшбұрыштың қабырғаларын енгіз: ’); Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A+ B + C )/2; S := SQRT ( P*(P – A)*(P – B)*(P – C) ); 
Writeln ( ‘ аудан S ’ , 4 , ’ = ’ , S : 5 : 2 ); 
Write ( 5 , ’ үшбұрыштың қабырғаларын енгіз: ’); Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A+ B + C )/2; S := SQRT ( P*(P – A)*(P – B)*(P – C) ); 
Writeln ( ‘ аудан S ’ , 4 , ’ = ’ , S : 5 : 2 ); 
Write ( 6 , ’ үшбұрыштың қабырғаларын енгіз: ’); Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A+ B + C )/2; S := SQRT ( P*(P – A)*(P – B)*(P – C) ); 
Writeln ( ‘ аудан S ’ , 5 , ’ = ’ , S : 5 : 2 ); 
Readln End.

ә) Программаны тармақталу командалары көмегімен төмендегідей етіп құруға болады:

PROGRAM AUDAN 1; 
LABEL 1; 
VAR A, B, C: Byte; P, S: Real; K : Byte; 
BEGIN K:=1; 
1: Write ( k, ‘үшбұрыштың қабырғаларын енгіз: ’); Readln ( A, B, C ); 
P:=( A + B + C ) / 2 ; 
S:=SQRT ( P*(P – A)*(P – B)*(P – C) ); 
Writeln ( ‘ аудан S ’ , K , ’ = ’, S : 4 : 1 );; 
K:= K + 1; 
If K < = 6 Then Goto 1; 
Readln End.

б)Енді дәл осы программаны FOR операторымен құратын болсақ, онда программада үшбұрыштың қабырғаларын ендіру және оның жарты периметрі мен ауданын есептеу формулаларын төмендегідей цикл денесінде бір – ақ рет жазса жеткілікті. Цикл денесі К параметрінің 1 – ден 6 – ға дейінгі мәндерінде қайталанып орындалады. Компьютер 6 рет Readln операторындағы айнымалылар мәндерін сұрап, оларды клавиатурадан ендіргеннен кейін, 6 рет үшбұрыштың ауданы Герон формуласымен есептеліп, экранға нәтиже шығарады.

PROGRAM AUDAN 1; 
VAR A, B, C : Byte; 
P, S : Real; K : Byte; 
BEGIN 
For K:= 1 To 6 Do Begin 
Write ( K,’үшбұрыштың қабырғаларын енгіз’ ); 
Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A + B + C ) / 2; 
S:=SQRT (P*(P-A)*(P-B )*(P-C)); 
Writeln ( ‘ аудан S’ , K, ’=’ , S:5:2 );End; 
Readln END.

Бұл программаны ТО операторының орнына DOWNTO операторын қолданып төмендегідей кері цикл ұйымдастырып, құруға да болады:

PROGRAM AUDAN 1; 
VAR A, B, C : Byte; 
P, S : Real; K : Byte; 
BEGIN 
For K:=6 Downto 1 Do Begin 
Write (K,’ ’үшбұрыштың қабырғаларын енгіз’ ); 
Readln ( A, B, C ); 
P:= ( A + B + C ) / 2; 
S:=SQRT (P*(P-A)*(P-B )*(P-C)); 
Writeln ( ‘ аудан S’ , K, ’=’ , S:5:2 );End; 
Readln END. 

Экранға Х – тің барлық 1 – ден 100 – ге дейінгі бүтін мәндері үшін Y=x2-50*x-30 өрнегінің нәтижесін шығару командасы.

Программада Х идентификаторын өрнектің айнымалысы әрі циклдің параметрі ретінде белгілеп, 1 – ден 100 – ге дейін қайталанатын цикл ұйымдастырамыз. Цикл параметрі Х 1 – ді меншіктеп, өрнектің Х =1 болғандағы мәнін шығарады. Цикл параметрінің келесі мәні 2 – ні меншіктеп, өрнектің Х =2 болғандағы мәнін шығарады, әрі қарай цикл аяқталғанша өрнектің сәйкес мәндері шыға береді. Цикл параметрі 101 мәнін қабылдағанда, цикл тоқтайды.

PROGRAM Tendeu 1; 
VAR X:Byte; Y:Longint; 
BEGIN 
For X:= 1 To 100 Do 
Begin 
Y:= SQR ( X ) + 50*X-30; 
Writeln (‘Y=’, Y ); 
End; 
Readln END. 
Программаның блок – схемасы: 

Дәл жоғарыдағы өрнектің Х – тің 1 – 100 – ге дейінгі бүтін жұп мәндері үшін нәтиже шығару программасын құру.

PROGRAM Tendeu 3; 
VAR X:Byte; 
Y:=integer; 
BEGIN 
For X:=1 To 100 Do 
If X Mod 2=0 Then 
Begin 
Y:= SQR ( X )+*X-30; 
Writeln (‘Y =’, Y); 
End; 
Readln END.

Программаның блок – схемасы: 

немесе бұл программа төмендегідей қысқаша етіп құруға да болады:

PROGRAM Tendeu 4; 
VAR X:Byte; 
BEGIN 
For X:=1 To 100 Do 
Begin 
X:=X+1; 
Writeln (‘Y=’,SQR (X)+50*X-30); 
End; 
Readln END.

Программаның блок – схемасы: 

WHILI … DO ЦИКЛДІК ОПЕРАТОРЫ ( ӘЗІРШЕ ЦИКЛІ ).

Әдетте, WHILE операторы қайталану саны алдын – ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады. Цикл денесінің әрбір орындалуының алдында, WHILE опероторында циклдің орындалу шарты тексеріледі, шарттағы айнымалылар мәндерінің өзгеруіне әсер ететін операторлар цикл денесінде беріледі. Егер цикл денесі бірнеше операторлардан тұрса, онда ол операторлық жақшаларға алынады, жалпы жазылу түрі: 
WHILE шарт Do 
цикл денесі;

Әзірше WHILE операторында жазылған шарт орындалып тұрса, цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер шарт орындалмай қалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы салыстырылатын айнымалылар мәндері цмклге дейін беріліп, олардың жаңа мәндерінің өсімі цикл денесінде беріледі. Егер WHILE операторындағы шарт бірде – бір рет орындалмаса, онда программа орындалуы циклді аттап өтеді.Егер шарттағы айнымалы мәндері ешқашан өзгермесе, онда программа мәңгі циклденіп қалады. 
WHILE циклінің блок – схемасы:


FOR операторымен құрған үшбұрыштың қабырғалары бойынша ауданын табу және өрнектердің нәтижелерін шығару программаларын
WHILE операторымен де төмендегі мысалдардағыдай етіп құруға болады.

Герон формуласымен үшбұрыштардың ауданын табу программасы.

PROGRAM Audan1; 
VAR A, B, C, K: Byte; 
P, S :Real; 
BEGIN K :=1; ( циклдің орындалу шарты ) 
Write K <=6 Do 
Begin 
Writeln (K,’үшбұрыштың қабырғаларын енгіз’); 
Readln ( A, B, C ); 
P:= (A +B +C ); 
S:= SQRT (P*(P-A)*P-B)*(P-C)); 
Writeln (‘аудан S’,K,’=’ S:5:2); 
Lnc (K); (K:=K+1 өрнегін ауыстыратын функция ) 
End; 
Readln END.

Экранға Х – тің барлық 1 – ден 100 – ге дейінгі бүтін мәндері үшін Y=X2-50*X-30 өрнегінің нәтижесін шығару программасы.

PROGRAM Tendeu 1; 
VAR X:Byte; 
Y: Integer; 
BEGIN X:=1; 
While X<=100 Do 
Begin 
Y:= SQR (X)+50*X-30; 
Writeln(‘Y=’, Y); 
Lnc (X); 
End; 
Readln END.

Программаның блок – схемасы: 

Дәл жоғарыдағы өрнектің Х – тің 1 – 100 – ге дейінгі бүтін жұп мәндері үшін нәтиже шығару программасын құру.

PROGRAM Tendeu 2; 
VAR X:Byte; Y: Integer; 
BEGIN 
X:=2; 
While X<= 100 Do 
Begin 
Y:=SQR(X)+50*X-30; 
Writeln (‘Y=’,Y); 
Lnc (X,2); 
End; 
Readln END.

Программаның блок – схемасы: 

Сандардың қатынасының мәндерін есептейтін стандартты Mod және Div функцияларын While циклі арқылы ауыстыру программасы.

PROGRAM San; 
VAR A, B, K, P, N :integer; 
BEGIN 
Readln ( A, B ); {екі сан енгізу } 
P:= A;N:=0; 
{Циклдің орындалу шарты} 
While P>=b Do 
Begin 
P:= P – B; 
N:= N + 1 
End; 
Writeln (‘Rez1=’,N, ‘Rez2=’,P); 
Readln END.

REPEAT … UNTIL ЦИКЛДІК ОПЕРАТОРЫ ( Дейін ).

Бұл операторда WHILE операторы сияқты қайталану саны алдын – ала белгісіз болған жағдайларда қолданылады.REPEAT циклінің WHILE циклінен айырмашылығы циклді орындау шарты цикл денесінен кейін тексеріледі. Цикл денесі жай немесе құрама оператор болуы мүмкін. Ондағы операторлар REPEAT және UNTIL қызметші сөздерінің арасында орналасқандықтан, цикл денесі операторлық жақшаларға алынбай жазылады. Циклден шығу шарты орындалу үшін, цикл денесінде шартқа әсер ететін ең кемі бір оператор болуы тиіс, әйтпесе цикл денесінің орындалуы тоқтамай шексіз қайталана береді ( программа «мәңгілік циклденіп» қалады ).Жалпы жазылу түрі төмендегідей: 
REPEAT 
Цикл денесі; 
UNTIL шарт;

UNTIL оператолрында жазылған шарт орындалғанға дейін цикл денесінің орындалуы қайталанып тұрады. Егер ондағы шарт орындалса, онда қайталану процесі тоқтап, басқару цикл денесінен кейін тұрған операторға беріледі. Шарттағы есептеуіш параметр мәні циклге дейін беріліп, оның жаңа мәнінің өсімі цикл денесінде беріледі.

REPEAT циклінің блок – схемасы: 
Барлық циклдік операторлармен программалар құрғанда, Do, While, Repeat операторларынан кейін нүктелі үтір қойылмайтынын ескеру қажет. Егер цикл денелерінде басқаруды циклдің сыртындағы таңбаға көшіретін оператор кездессе, онда циклдің қайталануы бірден тоқтайды. Егер циклдің орындалу шарты басынан орындалмаса, онда цикл жүрмейді. REPEAT циклінде программа орындалуы цикл соңындағы шартқа бармай тұрып, цикл денесі міндетті түрде бір рет орындалады. Цикл денесінде басқаруды цикл сыртына жіберетін шартсыз көшу операторы тұрса, онда басқару Goto операторындағы белгісі бар цикл сыртындағы операторға беріліп, цикл ертн аяқталуы мүмкін. 
REPEAT операторымен қайталану процестерін ұйымдастыру мысалдары:

S=1+2+3+4+5 қатарын есептеу программасын құру.

а) есептің сызықты программасы төмендегідей құрылады:

PROGRAM Syzyk; 
VAR S:integer; {айнымалыларды сипаттау} 
BEGIN 
S:=0; {S – тің қосынды есептемей тұрғандағы алғашқы мәні} 
S:=S+1;S:=S+2; 
S:=S+3;S:=S+4;S:=S+5; 
Writeln (‘S=”,S); {нәтиже шығару} 
Readln END. 
ә) Сызықтық программадан қатардың қосындысын есептеу формуласын шығарып алып, программаны тармақталу командаларымен құруға ьолады. Қатардың қосындысының формуласы: 
S:=S+K; 
Мұндағы: S – қосындының алдыңғы мәні; 
К - әр жолы 1 – ге артып отыратын параметр.

PROGRAM Tarmak; 
LABEL : 
VAR X, K: integer; {айнымалыларды сипаттау} 
BEGIN S:=0; K:=1; {S – пен К – ның алғашқы мәндері} 
1:S:=S+K; 
K:=K+1; {K – ның жаңа мәні әр жолы 1 – ге өсіп отырады} 
If K<5 Then Goto 1; {шарт тексеру} 
Writeln (‘S =”, S); {нәтиже шығару} 
Readln End.

б) Енді программаны REPEAT операторымен құрып көрсетелік:

PROGRAM Kaitalanu; 
VAR S, K :integer; 
BEGIN S:= 0; K:=1; 
REPEAT 
S:=S+k; 
K:=K+1; 
Until K>5; 
{циклдің тоқтау шартын тексеру} 
{нәтиже шығару} 
Readln END.

Программа блок – схемасы:

Y =X2 функциясын Х – тің мәндері 1, 4, 7, 10 болғанда шығару программасын REPEAT циклімен құру.

PROGRAM Funct; 
VAR X:Byte; Y: integer; {айнымалыларды сипаттау} 
BEGIN 
X:=1; {Х – тің алғашқы мәні} 
{цикл басы} 
REPEAT 
Y:=SQR(X); 
Writeln (X,’^2=’,Y); {нәтиже әр циклдің шығады} 
Lnc (X,3) 
Until X>10; 
Readln END.

Радиустары әртүрлі 5 шеңбердің аудандарының қосындысын табу программасын құру.

PROGRAM Audankos; 
CONST PI=3.14; {тұрақты шаманы көрсету} 
VAR R,K: integer; S, P:Real; {айнымалыларды сипаттау} 
BEGIN 
P:=0;K:=1; {қосынды мен цикл параиетрінің алғашқа мәні} 
REPEAT 
Readln ®; {радиустың мәнін енгізу (5 рет )} 
S:=PI*SQR®; {5 шеңбердің ауданын есептеу} 
P:=P+S; {5 ауданды бір – біріне қосу} 
LNC(K) {К – ның келесі мәні} 
Until K>5; {циклдің тоқтау шарты} 
Writeln (‘аудандар қосындысы P=’,P:4:1); {нәтиже шығару} 
Readln END.

1 – ден N – ге дейінгі жұп сандардың квадраттарының қосындысы мен тақ сандардың түбірлерінің көбейтіндісін табу программасы. 
PROGRAM Sankvadrad; 
VAR X, K, N; integer; 
Y:Longing; 
S:Real; {айнымалыларды сипаттау} 
BEGIN Readln(N); {N санын енгізу} 
{циклдің басы} 
REPEAT 
{санның жұп – тақтығын} 
{анықтайтын шарт} 
if XMod 2= 0 
Then Y:=Y+Sqr(x) 
Elser S:=S*Sqrt(x); 
Lnc(x) {х – тің келесі мәні} 
Unit X>N; {циклдің тоқтау шарты} 
Writeln (‘Жұп сандардың квадраттарының қосындысы=’,Y); 
Writeln (‘Тақ сандардың түбірлерінің көбейтіндісі=’,S:4:1); 
Readln End.

Цикл ішіндегі циклдер.

Turbo Pascal программаларында бір циклдің ішінде екінші цикл, оның ішінде үшінші цикл тағыда сондай – сондай бір – біріне қабаттастырыпұйымдастыруға болады. Егер бір циклдің денесінің құрамында басқа бір циклдер болса,ондай циклді сыртқы цикл дейді. Ал цикл басқа бір циклдің құрамында болса, ондай циклді ішкі цикл дейді. Сыртқы және ішкі циклдерді ұйымдастыру тәртібі жай циклдерді ұйымдастыруға ұқсайды.Тек қана мынадай ережені есте сақтаған жөн: Ішкі циклдердің барлық операторлары сыртқы циклдің денесінде болуы шарт. Цикл ішіндегі циклдердің орындалу тәртібі мынадай: 
1. Алдымен сыртқы циклдің параметрінің алғашқы мәні бойынша сыртқы циклдің орындалуының шарты тексеріледі, егер сыртқы циклдегі шарт орындалса, онда басқару цикл денесіндегі ішкі циклге беіледі. 
2. Ішкі циклдің параиетрлерінің барлық мәндері бойынша ішкі циклдің орындалуы толық тексерілгеннен кейін басқару сыртқы циклге беріледі. 
3. Сыртқы циклдің параметрінің келесі мәні бойынша сыртқы циклдің орындалуының шарты тексеріледі, егер сыртқы циклдегі шарт орындалса, онда басқару қайтадан ішкі циклге беріледі.

Цикл ішіндегі циклдер ұйымдастыру мысалдары.

Көбейту таблицасын шығару программасын құру.

Программаны FOR операторын ғана қолданып құру: 
PROGRAM Kob; 
VAR K, I, S:Byte; 
BEGIN {сыртқы цикл тақырыбы} 
For K:=2To 9 Do Begin 
{ішкі цикл} 
For I:=1 To 9 Do 
Begin S:= K*I; 
Write(K,’X’, I,’=’, S, ’ ’ ) End; {ішкі цикл соңы} 
Writeln 
End; {сыртқы цикл соңы} 
Readln END. 

Пайдаланған әдебиеттер

Блашкин И.И., Буров А.А. Новые возможности Turbo Pascal 6.0. СПб.: Изд-во 
Васильев П.П. Турбо Паскаль − мой друг: М.: Компьютер, ЮНИТИ, 1995.-96 б. 
Зуев Е.А. Язык программирования Turbo Pascal 6.0-М.: Унитех, 1992.-298 б. 
Мизрохи. Turbo Pascal и объектно-ориентированное программирование.-М.: Финансы и статистика, 1992.-185 б. 
Справочник по процедурам и функциям Borland Pascal with Objects 7.0 – Киев: «Диалектика», 1993.-272 б. 
Фаронов В.В. Программирование на персональных ЭВМ в среде Турбо паскаль.-М.: Изд-во МГТУ, 1990.-580 б. 
Фаронов В.В. Турбо Паскаль (в 3-х книгах). Кн.1. Основы Турбо Паскаля.-М.: Учебно-инженерный центр «МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК», 1992.-304 б. 
Фаронов В.В. Турбо Паскаль (в 3-х книгах). Кн.3. Практика программирования. Часть 1.-М.: Учебно-инженерный центр «МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК», 1993.-256 б. 
Фаронов В.В. Турбо Паскаль (в 3-х книгах). Кн.3. Практика программирования. Часть 2.-М.: Учебно-инженерный центр «МВТУ-ФЕСТО ДИДАКТИК», 1993.-304 б. 
Федоров А. Особенности программирования на Borland Pascal.-Киев: Диалектика, 1994.-144 б. 
Хершель Р. Турбо Паскаль /2-е изд., перераб.-Вологда: МП «МИК», 1991.-342 б. 
Культин. Программирование в Turbo Pascal 7.0 и Delphi /2-е изд., перераб. и доп.-СПб.: БХВ-Петербург, 2002.-151 б. 
Климов Ю.С., Касаткин А.И., Мороз С.М. Программирование в среде Turbo Pascal 6.0.-Минск: Высшая школа, 1992.-158 б. 
Перминов О.Н. Программирование в языке Паскаль.-М.: Радио и связь, 1988.-244 б. 
Эрбо Х.Э., Шгольц О. Введение в программирование на языке Паскаль.-М.: Мир, 1989.-299 б.

Категория: Информатика | Добавил: nauriz (09.03.2014)
Просмотров: 766 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!