Главная » Статьи » Ән,өнер

Бағдарлама - Әлем музыкасы Скачать рефе
Кіріспе

«Европадан тыс елдердің музыкалық әдебиеті» пәні профессионалды музыкалық білім системасындағы профильдеуші тәртіптердің бірі, Европадан тыс мемлекеттердің музыкалық мәдениетінің ерекшкліктерін зерттеуге бағытталған. 
Тәртіптің пререквизиттері. «Европадан тыс елдерінің әлем музыка тарихы » пәніне дейін БММ және колледждердегі музыкалық әдебиет өтіледі, оның мақсаты – музыканың клссикалық үлгілерін білу, жанрлар мен формалардың терминологиялық түсініктерін меңгеру. Бұдан басқа «Әлемдік музыка әдебиеті» бүкіл теоретикалық пәндердің кешенімен алдын-ала дайындалады- музыкалық формалар анализі, гармония, полифония. «Әлемдік музыка әдебиеті»- көптілік информацияны синтездеуші пән, сондықтан қоғамдықпен тығыз байланысты-тарихи тәртіптермен-тарихпен, философиямен, мәдениет танумен. 
Тәртіп сипаттамасы: Бағыттың бірінші бөлімі советтік бағдарламаға қарағанда жаңа болып келеді- онда бұрын оқытылмаған, Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері зерттеледі-Американың, Азияның, Африканың және Австралияның. Пәннің мазмұнында саяси-қоғамдық тарих жөніндегі информация қамтылған, діни наным сенімдер, фольклор және Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениеті.Музыкалық өнер өзінің спецификасы және өмір сүру тәсілі мен жағдайымен тығыз байланыстағы өзіндігі жағынан қарастырылады. Музыканы тыңдауға ерекше мән беріледі-ол музыкалық мәдениет спецификасын меңгеруге жеткілікті болуы тиіс. Бұл бағыт жаңа болғандықтан бағдарламаға музыканы таңдау оқу орнына және мұғалімге ғана байланысты, яғни бос. 
Тәртіп құрылуының принципі-жалпылама сипаттан мәдениеттің ерекшеліктеріне.Әр тақырыптың дара ашылуы берілген мәдениеттің спецификасы, оның тарихи дамуы, халық дәстүрлеріне байланысы. 
Пән мақсаты: 
- интеллектуалды білімді, әлемдік музыка мәдениеттерінің көпшілігін меңгерген музыканттарды тәрбиелеу; 
- музыка тарихы сұрақтарында эрудицияны және кең ой-өрісті дамыту; 
- стиль сезімін тәрбиелеу 
Тәртіп мәселелері. Студенттер бағытты өткен соң осыларды білу керек: 
- әртүрлі географиялық өңірлердің: Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка мемлекеттері, Австралия, Жапон музыкалық мәдениетінің тарихи дамуының ерекшеліктері; 
- Европадан тыс елдердің музыкалық мәдениетінің ерекшеліктері; 
- Азия мемлекеттерінің діни-мифологиялық сенімдері; 
- Қытай, Үнді, Жапония, Корея, Монғолия және т. б. шығыс мемлекеттерінің фәлсәфалық ілімдері; 
Тәртіпті өткен соңғы білім мен дағдылар.Бағыт аяқталған соң студент бағдарламаның теориялық және музыкалық материялын меңгеруі тиіс. 
Сынақтық-емтихандық талаптар. Бірінші оқу семестрі біткенде жазбаша сынақ өтіледі (тест) , екінші семестр аяқталғанда емтихан өткізіледі. Мұнда студент теориялық білімін көрсетеді. 
ІІ.Методикалық кепілдемелер.Музыка тарихы аудиторлы және аудиториядан тыс оқуды қамтитын бағыт.Аудиторлы оқудың негізгі формасы –музыканы тыңдау қосылған (фрагментті, ал толығымен тыңдау аудиториядан тысқы уақытқа шығарылады) лекциялы. 
Сабақ құрылады: ұйымдастыру сәті, лекциялық бөлім, музыка тыңдау 
немесе видео материал көру. 
Студенттің педагог қадағалауымен өздік жұмысы. 
СПӨЖ формалары 
1-семинарлық жұмыстар(Оларды бір елдің музыкалық мәдениетін зерттегеннен кейін өткізеді.Мысалы «Үнді музыкалық мәдениеті» , «Қытай музыкалық мәдениеті» ) . 
2-рефераттар 
3-тестілеу өткізу(Ол бағыт бөлімдері боиынша кезекті және оқудың соңында қорытынды болуы мүмкүн) . 
Семинарлық жұмыстсар тақырыптары: 
№1 семинар: Үнді, Қытай, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің музыкалық театрының дәстүрлі формалары. 
Семинар жоспары: 
а) Үндістан тетрлық өнері; 
ә) Қытай музыкалық театры. 
-Қытай классикалық театры 
-Сарай театры 
-Пекиндік опера 
-Қытай театрының музыкалық жағы 
б)Жапон театрының дәстүрлі формалары: 
-Гигаку маскаларындағы буддисттік би драмасының спектакльдері. 
-Сарай маңындағы бугаку билік қойылымдар. 
-Қарапайым халықтық фарсты-сюжеттік саругаку сахналары. 
Кабуки театрының құрылу тарихы. Мәнерлеу тәсілдерінің системасы. Спектакльді музыкалық көркемдеу.Репертуар. 
-«Но» театрының көокемдік принциптері. 
в)Оңтүстік-Шығыс елдері театрлық қойылымдарының дәстүрлі формалары: 
-«тео»ауылдық музыка театры 
-судағы «руа нуок» қуыршақ театры 
-«ваянг кулит» явандық қуыршак көлеңке театры 
-«туонг» вьетнамдық музыка драмасы

Әдебиет: 
1.Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки»музыкалық ЖОО-на арналған. –М. : 1982 
2.Васильченко «Звуковые аспекты мира»........ 
3.Внеевропейские культуры: вопросы изучения традиций. –М. : 1988 
4.Грубер Р. Всеобщая история музыки. Ч. 1.- М., 1956 
5. История мировой культуры / Г. В. Драч редакциясымен.- Ростов-на Дону: Феникс, 2000. 
6. Кондратьев С. А. Музыка монгольского эпоса и песен-М., 1962 
7. Конрад Н. Очерки истории средневековой Японии.-М., 1978 Актуальные проблемы изучения музыкальных культур стран Азии и Африки.-Ташкент, 1983 
8. Серова С. А. Пекинская музыкальная драма (ХIХ-40-е годы ХХ века)- М.:1970 
9. Сорокин В. Китайская классическая драма ХIII-ХIV веков.-М.,1979

№2 семинар:Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Түркия, араб-ислам мемлекеттерінің музыкалық системасы, аспаптары және негізгі жанрлары. 
а) Үндістан(шрути системасы, әріптік нотация ),Қытай (люй-люй cистемасы, цифрлік нотация), араб-ислам мемлекеттерінің(саз системасы) музыкалық системаларының негіздері. 
ә) аспаптары; 
б) негізгі жанрлар: Үнді классикалық музыка-Рагасангит;гагаку жапондық музыкасы; Түркия музыкалық жанрлары- фасиль, тагасим, башраф, макам; макамның араб-ислам мемлекеттеріндегі дәстүрлері, тағы нооубы, дестан жанрлары. 
Әдебиет: 
1. Васильченко Е. В. Арнайы курстың конспект-бағдарламасы «Музыкальная культура Азии и Африки» музыкалық ЖОО –на арналған-М.:1982 
2. Виноградов В. С.Индийская рага.-М.: 1976 
3. Еолян И. Очерки арабской музыки.-М.: 1977 
4. Кондратьев С. А. Музыка монгольского эпоса и песен-М.,1962 
5. Лань Юсун Лекции по истории музыкальной культуры Китая.-М.:1982 
6. Менон Радхава Р. Звуки индийской музыки. Путь к раге.- М.: 1982 
7. Сисаури В. Японская инструментальная музыка гагаку(генетические связи процесс становления) / вопросы теории и эстетики музыки. Вып. 14.-М.,1975 
8. Шнеерсон Г. Музыкальная культура Китая.-М.,1952

Рефератқа қойылатын талаптар 
Реферат тәртіпті меңгерудің қорытындысы болып табылады. 
Реферат-бұл студенттің оқу-зерттеулік қызметінің ұйымдастыру формасы.Оның маңызы-маманның танымдық өздігін, мамандық мазмұнды білімдерді өзі тауып, тереңдету, шығармашылықпен өңдеу қабілетін дамыту. Реферат жазу процессінде студент ғылыми-зерттеушілік қызметінің дағдыларына ие болады. 
Сонымен қатар, реферат окушылардың профессионалдық дайындығының деңгеін тексеру формасы. 
Реферат сабақтардан тыс уақытта, оқу бағдарламасымен белгіленген уақыт аралығында жазылады. Курстық жұмысқа 5 айдан кем уақыт берілмейді.Жұмыс көлемі: машинамен басылған 20 беттен кем болмуы тиіс. 
Реферат екі экземплярмен тапсысырслады. 
Реферат комплекстік сипатты, үлкен көлемді әдебиетті меңгеруге құралған. 
Рефераттың ғылыми аппараты: 
Тақырыптың актуалдылығы 
Зерттеудің мақсаты 
Зерттеу объектісі 
Зерттеу пәні 
Зерттеу мәселелері 
Зерттеу әдістері 
1.Зерттеу тақырыбының актуалдылығы оның ғылымдағы дамытылғандығының деңгейімен анықталып сипатталады. 
2. Зерттеудің мақсаты-ол нұсқалған мәселеде қойылған сұраққа жауап іздеу. Зерттеудің нәтижесін болжайтын мақсат, әдетте, «дамыту», «айқындау», «негіздеу», «анықтау» т. б. баяндауыштармен, текқана позитивті хабарлауыш сойлемдермен тұжырымдалады. 
3. Зерттеу объектісі – ол зерттеу өткізілетін ғылыми немесе практикалық кеңістік .Ғылыми кеңістік – зерттеу мінезін анықтайтын теория, ілім, концепция. Ал практикалық кеңістік- нақты біліктілік, тәрбиелік немесе оқу системалары, процесстері немесе жағдайлары. 
Қойылған мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыс жағдайларын зерттеу объектісі анықтайды. 
4.Зерттеу пәні – ол зерттеу объектісінің арнайы қарастырылатын және, дамытылуы мүмкін. 
5.Зерттеу мәселелері - мақсаттың фрагменттері, мақсаттың сатылары фрагменттері, іздеудің сатылары. Мәселелерді «өткізу», «зерттеу», «жалпылау», «дамыту» - деген етістікткер, және зат есімдер арқылы белгілеу керек. 
6. Зерттеу әдістері – зерттеу методологиясы ретінде ілімдер, ғылыми амалдар, принциптер. Зерттеудің теоретикалық базасының анықтамасы методологияның құрама бөлшегі ретінде енеді.Теориялық база - 
ол нақты авторлардың ілімдері, өңдеулері, теориялары. Олар зерттеу пәнімен байланысты және оны ғана түсіндіреді. Зерттеу әдістері екі түрлі бола алады: теориялық ( мысалы, критикалық, кешендік т.б.) эмпирикалық( эксперимент, бақылау , қызмет және құжаттама өнімдерін зерттеу әдістері) 
Есеп беру титулдық парақтан, аннотациядан, мазмұннан, есеп беру текстінен және әдебиет тізбегінен тұрады. 
Реферат құрылысы: 
Кіріспе 
Негізгі бөлім 
Қорытынды 
Әдебиет тізбегі 
Қосымша 
Кіріспеде тақырыптың актуалдылығы әңгімеленеді, мақсат, зерттеудің пәні мен әдістері. Зерттеліп жатқан шығарманың композиторы туралы қысқаша материал беріледі, жазылу тарихы, сюжет, тематика, берілген шығарманың композитор шығармашылығындағы орны жәе жалпы әлем мәдениетідегі орны. 
Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, олар параграфтарға бөлінеді. Егер бөлімнің мазмұны параграфтарға бөлінбесе,оны параграфтарға дейін қарапайымдау керек. Анализ жасағанда алдымен шығарманың құрылысын талдап алу керек, формасының дамуындағы алдыңғы ориентирі үшін. Құрылысты талдау уақыттағы өтуі бойынша емес, әрі кішкентай бөлшектердің ірілерге бірігуімен талдамай, керісінше – жалпы құрылыстың кескінін көріп оның негізгі бөлімдерге бөлшектенуі принципімен талдау дұрыс. 
Негізгі бөлім бірнеше бөліністен тұра алады: 
1 Образдық мазмұнның жалпы мінезі 
2 Негізгі музыкалық образдар, олардың бір-бірімен қатынасы 
3 Образдық мазмұнды музыкалық мәнерлеу тәсілдерін (мелосты, ритмді, ладты, гармониялық тілді)талдау арқылы ашу, және олардың қатынасы 
4 Музыкалық форманы образдық мазмұн негізінде анықтау(музыкалық образдардың анықталан қатынасына) 
5 Форманың жан-жақты анализі(бөлек бөлімдеп). 
Осылардың кейбіреулерінің арасына арнайы проблематикасы бар бөліктер қойыла алады. 
Жұмыстың негізгі бөлімі үшін проблематика тізбегі: 
Образдық мазмұн 
Қандай да болмасын стилистикалық бағыттың белгілері (мысалы, романтизм, экспрессионизм т.б.) 
Негізгі музыкалық образдар, олардың қатынастары 
Негізгі тақырыптың образдық мазмұны 
Қосалқы партияның образдық мазмұны 
Реприза мен кодадағы образдық өзгерістер 
Құрылыс және тональдық системаның ерекшеліктері 
Гомофонды және полигомофонды жазу типтерінің қатынасы 
Форманы анықтау, және оның ерекшеліктерін түсіндіу( схемаға сүйене) 
Форма анализі 
Композиторлық жазудың стильдік ерекшкліктері т. б.

Аяқтау 
Әртүрлі болуы мумкін: 
а) резюме 
ә) қорытындылар 
б) аяқтаудың өзі 
Кіріспе мен аяқтау көлемі бойынша толық тексттің 1/10 артпауы керек. 
Қолданылған әдебиет тізбегінде саны 10 кем болмауы тиіс. Ол алфавиттік ретпен жазылады. 
Қосымша. Талданатын шығарманың бөлімдерін , олардың көлемдерін, тоналдық жоспарын анықтайтын толық схемасы келтіріледі. 
Курстық жұмысты орындау негізгі кезеңдері : 
Тақырыпты талдау 
Тақырыпқа ену 
Жұмыс жоспарын құру 
Теориялық зерттеудің нәтижесін анализдеу. 
Студенттің өздік жұмысы(СӨЖ) 
-Керкті және қосымша материалды зерттеу (конспектілеу) 
-Лекциялық материалды бекту 
-Музыкалық материалды толығымен тыңдау,викторинаға дайындалу 
III Бақылау формасы жайлы жалпы мағлұмат 
Музыка тарихы курсында бақылау формасының екі түрі болады. 
Семестрлер аяқталғанда сынақ мен емтихан өткізіледі. 
III Европадан тыс мемлекеттерінің музыка тарихы пәні бойынша сынаққа қойылатын талаптар. 
Музыка тарихы курсында қорытынды бақылаудың екі түрі бар. Семестрлер аяқталғанда сынақ мен емтихан өткізіледі. 
Сынақ тест формасында өтеді. 
Музыкатанушыларға арналған тест 
1.Арийлік тайпалардың шабуылынан кейінгі Үнді тарихында,ы бірінші кезең: 
а) Ведалық кезең 
ә) брахмандық кезең 
б) исламдық кезең 
2. Касталық бөліністерге қарсы бағытталған Үнді дін ілімі: 
а) брахманизм 
ә) буддизм 
б) индуизм 
3. Санкристикалық түбір vid аударылғанда нені білдіреді? 
а) білу 
ә) ғылым 
б) ән 
4. Үнді классикалық ноталық жазуда ... қолданады. 
а) үш сызықты тұрақ 
ә) екі сызықты тұрақ 
б) бес сызықты тұрақ 
5. Рага бұл: 
а) Халық вокал өнерінің түрі. 
ә) Үнді аспаптық музыкасының жанрлық системасы 
б) ритмдік негіз 
6. Төрттен бір тоннан сәл асатын аралықты Үнді музыкада қалай атайды? 
а) усули 
ә) шрути 
б) тала 
7. Аталған аспаптардың қайсысы ішекті топқа жатады? 
а) бансури 
ә) вина 
б) табла 
8. Қытайдың мемлекеттік діні: 
а) конфуциандық 
ә) Даосизм 
б) чань – буддизм 
9. 12 түтікпен белгіленген 12 сатылы хроматикалық дыбыс тізбегі қалай аталады? 
а) хиджаз 
ә) макам 
б) люй 
10. Халық масссасы арасында кітап әдебиетін таратушулар: 
а) ерулги 
ә) шошуды 
б) екагама 
11. Қытай музыкалық мәдениетте халық – театрлық көріністер: 
а) но 
ә) кабуки 
б) янгэ 
12. Аталған аспаптардың қайсысы ішекті топқа жатады? 
а) да чун ку 
ә) хуцинь 
б) на гу ла 
13. Үнді музыкалық мәдениетте нотация системасы: 
а) әріпті 
ә) цифрлі 
б) невмалы 
14. Қытай музыкалық мәдениетте нотация системасы: 
а) әріпті 
ә) цифрлі 
б) невмалы 
15.Қытайдағы халық шығармашылығының ескерткіші: 
а) Вагаку 
ә) Ши цзинь 
б) бугаку 
16 Үнді музыкасында Рага ... байланысты. 
а) тәулік уақытымен 
ә) Храмдық ритуалмен 
б) би өнерімен 
17 Орта ғасырлық Қытай оркестріне ... тән. 
а) үрмелі аспаптарға сүйену 
ә) құрамның камералығы 
б) құрамды 1500 қатысушыға дейін кеңейту 
18. Пекиндік драманың рекшеліктерінің бірі. 
а) рифмалық диалогтар қимыл системасы 
ә) номерлік құрылыс, ариялар мен речитативтерге бөліну 
б) көріністің әдеби негізі болуы 
19. Әсем әшкерлілік, трельдер, мелодикалық фигурациялар аталған ән айту стильдерінің қайсысына тән? 
а) дхрупад 
ә) кхайяль 
б) таппа 
20. Үндістанндағы музыканттың ең жоғарғы лауазымы: 
а) найк 
ә) дан 
б) жырау 
21. Ситарада орындаудың мастеры, виртуозы (20-21ғ.) 
а) Рави Шанкар 
ә)Рабиндранат Тагор 
б) Тансен 
22. Аталған аспаптардың қайсысы Қытайдың үрмелі тобына жатады? 
а) цинь 
ә) пиба 
б) люй 
23. Аталған аспаптардың қайсысы Қытайдың ішекті – ыспалы тобына жатады? 
а) бянь – чжун 
ә) ди 
б) хуцинь 
24. Филосов, ақын, композитор, Нобель премиясының лауреаты (Үндістан): 
а) Тансен 
ә) Васудевачария 
б) Рабиндранат Тагор 
25. Жапонияның бірегей, ежелгі діні: 
а)даосизм 
ә) синтоизм 
б) дзен – буддизм 
26. Жапон поэзиясының жанры: 
а) хайку 
ә) газель 
б) касыда 
27 Жапон музыкасының жанры: 
а) макам 
ә) гагаку 
б) рага 
28. Аталған жапондық аспаптардың қайсысы үрмелі аспаптарға жатады? 
а) сёко 
ә) хитирики 
б) какко 
29. 16 – 17 ғғ. Жапония театрлық дәстүрлері қай театрмен көрінді? 
а) кабуки 
ә) янгэ 
б) ваянг – кулит 
30. Жапонияның буддисттік діни әндері: 
а) сёмё 
ә) гагаку 
б) бугаку 
31.Жапондық бамбук флейта: 
а) сямисэн 
ә) кото 
б) сякухати 
32. Музыкалық – билік драма (Жапония): 
а) ноо 
ә) бунраку 
б) сайбара 
33. Саяхатшы монахтардың орындауындығы әйгілі «Хэйке – моногатариден» әңгімелер: 
а) гагаку 
ә) энкёку 
б) хэйкёку 
34. Жапондықтардың көркемдік өмірінде бүкіл заттардың өлшемі боп ... саналады. 
а) табиғат 
ә) адам 
б) дін 
35. Жапондық ішекті – шертпелі аспап: 
а) сямисэн 
ә) шэн 
б) тайко 
36.Ең жас діндердің бірі: 
а) брахманизм 
ә) конфуциандық 
б) ислам 
37. Бұл стиль Кореяда, Вьетнамда, Жапонияда тараған: 
а) Тандық стиль 
ә) араб стилі 
б) андаллусстық стиль 
38. Вьетнамның классикаляқ музыка драмасы: 
а) туонг 
ә) янгэ 
б) кабуки 
39. Яван көлеңке – қуыршақ театры: 
а) но 
ә) ваянг кулит 
б) кабуки 
40. Дзен сөзі нені білдіреді? 
а) ән 
ә) дін 
б) медитация

МУЗЫКА ТАНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ 
№1 билет 
1. Үнді классикалық Рагасангит - әуендері. 
2. Туркия музыкалық мәдениеті (жалпы сипат). 
№2 билет 
1. Жапония театрының дәстүрлі формалары (Ноо, Кабуки). 
2. Монғолия музыкалық мәдениеті (жалпы сипат) 
№3 билет 
1. Гагаку Жапон музыкасы. 
2. Арабтардың культтік музыкасы.. 
№4 билет 
1. Люй – люй Қытай системасы. 
2. Латын Америкасы мәдениетінің жалпы сипаты ( Вил – Лобос шығармашылығы) 
№5 билет 
1. Үнді музыкалық системасының негіздері. 
2.Оңтүстік – шығыс Азия – жалпы сипат. Корея музыкалық мәдениеті. 
№6 билет. 
1. Араб – Ислам мемлекеииерінің музыкалық мәдениеті (кезеңдеме) 
2.Солтүстік Американың мәдениетінің жалпы сипаты (континенттің жаңа жанрлары; Гершвин, Мак – Доуэл шығармашылығы). 
№7 билет 
1. Үндістанның музука теориясы ойы. 
2. Тунистің музыкалық мәдениеті ( культтік музыка). 
№8 билет 
1. Қытай музыкалық мәдениеті ( кезеңдеме, діни – мифологиялық сенімдері) 
2. Араб музыкасының жанрлары. 
№9 билет 
1. Үндістан музыкалық мәдениеті ( кезеңдеме, діни – мифологиялық сенімдері) 
2. Макам жанры 
№10 билет 
1. Жапония музыкалық мәдениеті ( кезеңдеме, діни – мифологиялық сенімдері) 
2. Рабиндранат Тагор шығармашылығы. 
IV. Оқыту нәтижелерін бақылау және баға қою. 
1. Аудиторлық жұмысты орындауды, СМӨЖ, СӨЖ – ның сапасын бақылау; жазбаша жұмыс, коллоквиум, тесттік сұрақтар формасында екі аралық бақылау; қорытынды бақылауы емтихан формасында. 
2. Жазбаша жұмысты бағалау критерийлері: 
Баяндаманың логикалық дұрыстығы; 
Таңдалған тақырыпқа сай болуы; 
Баяндама стилі; 
Зерттеу бұлақтарына сілтеулер; 
Аталған тақырыпты толық ашу; 
Көлемі машинамен жазу тексттінің 10 бетінен кем емес 
3. Бағалау системасы: 
Аудиторлық жұмыс барысындағы өтпелі бақылау (СМӨЖ, СӨЖ) – 20%; 
Жазбаша реферат – 10% 
Аралық бақылау – 20% 
Қорытынды бақылау – 50% 
Барлығы - 100% 
4. Студенттердің білімін бағалау системасы. 
Студенттердің білімдері, дағдылары келесі система бойынша бағаланады: 
Әріптік систе- 
ма бойынша 
бағалау Баллдардың цифрлік эквиваленті 
Проценттік мөлшері

Дәстүрлі система бойынша бағалау

А 
А- 
4,0 
3,67 
95 - 100 
90 - 94 
Өте жақсы

В+ 3,33 85 – 89 Жақсы 
В 3,0 80 – 84 
В- 2,67 75 – 79 
С+ 2,33 70 – 74 Қанағаттандырарлық 
С 2,0 65 – 69 
С- 1,67 60 – 64 
D+ 1,33 55 – 59

D 1,0 50 – 54 
F 0 0 - 49 Қанағаттырарлық емес 
5. Оқу тәртібі саясаты: 
Оку тәртібі бакалавриаттың міндетті компоненті болып табылады.. Оқу жүгі 60 сағатқа тең аудиторлық, 60 сағат СМӨЖ, 60 сағат СӨЖ, 
Талап етіледі: аудиторлық сабақтарға келу және СМӨЖ,СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау, аудиторлық сабақтарда сұрақтарды талдауға белдесене қатысу, лекциялар мен семинарлық жұмыстарға дайындалу, барлық бақылау түрлеріне дайындалу: өтпелі, аралық, қорытынды, СМӨЖ және СӨЖ сапасын бақылау графикке сәйкес.

Тақырыптар тізбегі: 
1.Азия мемлекеттерінің музыка мәдениеті. 
2. Үнді музыка мәдениеті. 
3. Қытай музыка мәдениеті. 
4.Жапония музыка мәдениеті. 
5.Оңтүстік – шығыс Азия музыка мәдениеті. 
6.Монғолия музыка мәдениеті. 
7. Араб – ислам мемлекеттерінің музыка мәдениеті. 
8. Түркия музыка мәдениеті. 
9. Тропикалық Африка музыка мәдениеті. 
10.Солтүстік – шығыс Африка. 
11.Америкалық континенттің музыка мәдениеті. 
12.Асвтралия музыка мәдениеті.

VI. Тәртіптің оқу сағаттарының тақырыптық жоспары: 
«Әлем музыкасы тарихы» сабақтардың СӨЖ түрі бойынша 
№ 

Тақырыптар атаулары Сағаттар саны 
Лекция-лар СМӨЖ СӨЖ 
1. Үнді музыкалық мәдениет. 
Қысқаша тарихи очерк. 
Діни – мифологиялық сенімдері. 2 2 2

2.

Халық – кәсіби шығармашылық. Ән салудың жанрлары мен стильдері. 2

2

2

3.

Үнді классикалық музыкасы – Рагасангит. 
Аспаптар.

2

2

2

4.

Музыкалық системаның негіздері. 
(Amir Khan орындауында рагалар lalit, megh, Ravi Shankar рагалар khamaj, lalit тыңдау.Раги Гаоти, Гуан Аньяна, Рааг Кирвани, Бхтер Даре, Рага Йогия, Рага Бахешри )

2

2

2

5.

Қытайдың музыкалық мәдениеті. 
(«Пекиндік драма» видео материалын көру)

2

2

2

6.

Қытайдың дәстүрлі оркестрі. 
Халық шығармашылығы. 
(«Провинция Китая» видео материалынкөру;Музыка тыңдау: Қытайдың дәстүрлі музыкасын тыңдау. ) 
2

2

2

7. 
Қытай музыкалық театры. 
(«Пекинская драма» видеор материалын көру) 2 

2

8. Музыкалық системасының негіздері. 
Люй – Люй Қытай музыкалық системасы 2 

2

9.

Жапония музыкалық мәдениеті. 
Қысқаша тарихи очерк. 
Діни – мифологиялық сенімдері. 
Халық кәсіби шығармашылығы 2

2

2

10.

Аспаптар. 
(Музыка тыңдау: Жапон дәстүрлі музыкасы – аспаптық, Жапонияның ән шығармашылығы) 
2 2 2 
11. Музыкалық системаның негіздері. 
«Гагаку» Жапон музыкасы 2 

2

12. Жапон театрының дәстүрлі формалары. 
(Видео материал көру – Кабуки театры. Музыка тыңдау: Гагаку жапон музыкасы; буддистік монахтың орындауында Хэйкёку жыры) 2 2 2 
13. Монғолия музыкалық мәдениеті . 
Қысқаша тарихи очерк. 
Діни – мифологиялық сенімдері. 
Ән және аспаптық шығармашылығының музыкалық жанрлары. 2 2 2 
14. Эпос. Аспаптары. Ғұрыптық музыка. 
(Видео материал көру: «Монғолия мкузыкалық мәдениеті», музыка тыңдау: хоомей - тамақпен ән айту,ән шығармашылығы, аспаптық шығармашылығы) 2 2 2 
15. Оңтүстік – Шығыс Азия музыка мәдениеті. 
Музыкалық мәдениетінің жалпы сипаттамасы. 2 2 2 
16. Вьетнам музыкалық мәдениеті. Шығармашылығын қарастыру. Музыка тыңдау: дәстүрлі вьетнам оркестрі, Корея оркестрі,этникалық музыканың шедеврлері; видео материал көру «Обрядовые жертвоприношения.Лаос.», «Праздник дракона» 2 2 2 

Категория: Ән,өнер | Добавил: nauriz (08.03.2014)
Просмотров: 1067 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!