Главная » Статьи » Ән,өнер |
Байсерке Ұлы жүз ішіндегі Дулаттан шыққан әйгілі Өтеген батырдан өрбиді.Байсеркенің әкесі Қылыш он саусағынан өнері төгілген ісмер,өлмес өнердін парқын білетін,сері көніл сергек жан болса керек.осындай дәстүрлі өнері бар ортада өскен Байсеркенің домбырашылык қабілеті жас кезінен-ақ Төңірегін тәнті еткен.ол ертегі жырларды әсіресе ән-күйді ішкен асын жерге қойып тыңдайды екен.Жас Байсерке ауылга келген әнші,музыканттардан бір адым қалмай жүріп,естігендерін көкірегіне тоқи береді.Жетісу алабы мен қырғыз елінің күйлуррін 16-17 жасынын өзінде-ақ жеріне жеткізе тартуды игерген Байсерке алқалы бас қосуларда небір дәулескер күйшілермен табан тіресіп домбыра тартысып, алыс-жақынға таныла бастайды.Көпшілік күйді ол бір-екі естігенде-ақ бұлжытпай салып алып,қайта тартып береді екен.Байсеркенің музыкалық жағынан өсуіне сол кездегі белгілі домбырашылар Есім ,Үржарлык,Сарша дегендер септігін тигізеді. Байсеркенің музыкант болып аяғынан тік тұруына үлкен қамқорлық жасаған адам-Есім деседі.Ол Байсеркенің дарын иесі екенін бірден танып,естігенін және көрген білгенін жалықпастан үйретеді.Сонымен бірге Байсерке ұстазынан тек күй тартуды ғана үйреніп қана қоймай,сондай-ақ көптеген чалық әнші-күйшілерінің өмірімен танысып,олардың шығармаларының шығу тарихын білді.бұл Байсеркенің комппозиторлық,күйшілік өнеріне зор ықпфл жасайды.Байсерке халыққа өз өнерін таыту үшін бір ауылдан екінші ауылға,бір елден екінші елге қыдырып жүріп, күйімен тындаушылардын құлақ құрышын қандырады.шу алқабына ғана емес Жетісу көлеміне де атағы жайылады.Өз жанынан күй шығаруға талаптанады.Күйші Байсерке өз заманындағы белгілі күй дәстүрлерін.батыстағы төкпе күй дәстүрін де,арқадағы шертпе күй өнерінде менгере білді. Тумысынан дарын иесі өзіндік жол табуға талпынды.оның алғашқы шығармалары белгілі бір қимылды суреттеуге арналды.Ат ойыны -бұл Байсеркенің көпшілік күйі сияқты тұңғыш шығарған миниатюралы шығармасының бірі. Жалпы Байсерке себепсіз күй шығармаған.Белгілі бір өмір құбылыстары, тіршіліктің әсерлі сәттері күй тіліне түсіп отырған. Ат ойыны, Жекпе-жек, келіншек сияқты күйлері, баласы дүние салғандағы егіліп тартқан –Солқылдақ күйі,қазақ даласындағы ақсүйек жұтқа арналға/1890/ арналған- Төрт қарға күйі, Ресей отаршылдығының кеудемсоқ наразылығын білдірген – Ұран күй сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен ортасы мен заманының шежіре сырындай болы күй тіліне түскен.Жетпіс бұтақ, Ұран күй, Қалипа қалыш, күйлерінде орындаушылар үшін ырғақтық қабілет,қағыс шеберлігін керек ететін кезеңдер жиі кездеседі. Кез келген дарын иесі сиякты, Байсерке өнерінің де алды –арты шүйгін, күйшілік дәстүрінің арқауы үзілмеген сабақтастығы көілге қанағат ұялатады. | |
Просмотров: 559 | |
Всего комментариев: 0 | |