Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар

Тұманбай Молдағалиев
Тұманбай Молдағалиев — 1935 жылы 20-наурызда Алматы облысы, Еңбекші-қазақ ауданы, "Жарсу” совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев — сыр-шыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы. 
1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды 1959-1970 жылдар аралығында "Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында "Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан "Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен "Жалын”-ның бас редакторы болып істеді. 
Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты. 1954 жылы Т.Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі "Украина қызына” жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы "Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Т.Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. ”Кәмила”, 1961 ж. ”Көктем таңы” , 1963 ж. ”Алатау қызы”, 1964 ж. ”Ферюза туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды күндер”, 1966 ”Жүрегім менің сапарда” т. б. жинақтары шықты. 1967 жылы жарық көрген "Жаңа дәптер” атты кітабы үшін 1968 жылы ”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты атанды. "Ескерткіш” (1969), "Шақырады жаз мені” (1970), "Жүрек ояу қашанда” (1972) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді. Оның "Қош, көктем” атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971), "Хаттар” атты поэмалар жинағы (1974) жарық көрді. Т.Молдағалиевтің орыс тілінде "Я — сын Семиречья” (1962), "Первая встреча” (1968), "Новая тетрадь” (1969) атты өлеңдер жинақтары шықты. Т.Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның "Құстар қайтып барады” (музыкасы Н.Тілендиевтікі), "Бақыт құшағында”, "Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), "Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), "Шақырады көктем” (муз. Ә.Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған. Ол байрон, М.Ю.Лермонтов, Т.Г.Шевченко, Туманян, С.Канутикян, Ғ.Ғұлам, Х.Ғұлам, Р.Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д.Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды. 
Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды. Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі-оның өлеңдері сезімге толы. Ақынның «Қош көктем», «Жаңа дәптер», «Жүрек ояу қашанда», «Махаббат оты сөнбейді», «Жүрегім менің сапарда», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүректегі жазулар» т.б. жыр-жинақтарын жазды. 
«Балдырған» журналының бас редакторы – Тұманбай Молдағалиев. 
Шақырады көктем әні 
с. Т.Молдағалиев 
ә. Ә.Бейсеуов 
Елестеттің көктемді гүл ашқан 
Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан 
Алыстарға жетеле, еремін 
Сені ғана бақыт деп сенемін 
Арманымдай алдағы 
Ақ шуақтай таңдағы 
Аялай бер арманым, аялай бер 
Сандуғаштар жырлаған 
Көктемдерге бір барам 
Шақырады біздерді көгорай бел 
Қолыңды бер, жатсынба, арманым 
Сәуледей боп аяла таңдағы 
Шақырады жас көктем гүлімен 
Шақырады жасыл бақ жырымен 
Арманымдай алдағы 
Ақ шуақтай таңдағы 
Аялай бер арманым, аялай бер 
Сандуғаштар жырлаған 
Көктемдерге бір барам 
Шақырады біздерді көгорай бел
Категория: Тарихи тұлғалар | Добавил: nauriz (04.03.2014)
Просмотров: 2236 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!