Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Ғабит Мүсіреповтің туғанына - 105 жыл
Ғабит Мүсіреповтің туғанына - 105 жыл
Ғ. Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы

Ғ.Мүсіреповтің туғанына 
105 жыл толуына арналған

Кемеңгер қаламның құдіреті

(іс-тәжірибеден)

Петропавл, 2007 ж. 
«...Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық»

Сафуан Шаймерденов

Мүсірепов - өз дәуірінің рухани – мәдени бел – белестерінде өшпес белгі қалдырған, әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы суреткер, ірі қоғам қайраткері, өзі айтқан әдебиетіміздің «алыптар тобының» аса көрнекті өкілі 
Ғабеңнің өмірі мен шығармашылық табыстарымен жас оқырмандарды таныстыру мақсатында жыл сайын жазушы атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық балалар - жасөспірімдер кітапханасы Мүсірепов оқуын өткізіп тұрады. 
Бұл берілген әдістемелікте «Кемеңгер қаламның құдіреті» деп аталған Ғ. Мүсіреповті еске алу кешінің сценарийі, кітап көрмесі, библиографиялық тізбе, «Ұлпан» романы бойынша оқырмандар конференциясы және Ғ.Мүсіреповтің 105 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің материалдары берілген.

«Кемеңгер қаламның құдіреті» 
(еске алу кеші) 
Кеш 2 бөлімнен тұрады: 
1) Жазушыны еске алу ( туған - туыстары және оны көрген адамдармен кездесу) 
2) «Көркем сөздің шебері» ( «Қазақ солдаты» романы бойынша сұрақ – тапсырма түріндегі сайыс). 
Кеш өтетін жерде жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Жаралған тереңдік пен сұлулықтан » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Кешке жазушының туған туыстары Екпін ағай мен Бекен апай, оның тәрбиесін көрген әнші Дәмеш Құрманкина және т.б. қонақтар шақырылды. Кешті өткізбес бұрын жазушының «Қазақ солдаты» романын М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің студенттері үйге алып оқып сұрақ – тапсырма түрінде өтетін сайысқа дайындалды. Кешке Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебінің оқушылары да қатысып көремендер арасында өткен сайыста өздерін көрсете білді. 
Жүргізуші 1: Қайырлы күн құрметті қонақтар, оқырмандар! Қызылжар өңірінің тумасы, жерлес қаламгер Ғ.Мүсірепов атындағы Облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасына қош келдіңіздер! 
Жүргізуші 2: Сәлеметсіздер ме, көпшілік қауым! «Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдыретті қаламы арқылы өзініңі көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тірісінде өзінің жоғарғы бағасын алды» -деп бағалаған болатын еліміздің Президенті Н.Назарбаев. 
Біз бүгін қазақ әдебиетінің классигі, XX ғасырдың ұлы суреткері, көрнекті қоғам қайраткері Мүсірепов Ғабит Махмүтұлын еске алу кешіне жиналып отырмыз. 
Ғ.Мүсірепов қалдырған мол әдеби мүра - халық казынасы, ел мақтанышы. 
Жүргізуші 1: Бүгінгі еске алу кешіне жазушының шығармаларын сүйіп оқитын оқырмандар мен қатар қадірлі қонақтар да келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін: 
1. Жазушының немере інісі, оның тәрбиесін көрген ЕкпінХамитұлы және ол кісінің жары Бекен апай 
2. Облысымызға белгілі әнші, жазушының немересі Дәмеш Сапарқызы. 
3. Әнші Айгүл Мухамеджанова 
Жүргізуші 2: Дүниенің бүгінгісі ертеңгісі 
Кеше мен арғы күннің жаңа елесі, 
Біркүндік өмірі бар көбелек те 
Сол күннің айтып кетер ертегісін: 
Құдай-ау, қандай ұзақ өмір еді, 
Кеше жоқ, келер күн жоқ, бір күнгісі! 
Қалған мен өте шыққан бір күндікті 
Ұмытпас баласы мен немересі, 
Олардан естімейме шөбересі! - деп Ғабит атамыз қойын дәптерлерінің бірінде жазып өткен болатын.

Жүргізуші I: Ендеше келесі сөз кезегін бүгін кешіміздің қадірлі конағы Екпін ағаға берейік. Жазушының өмірінен өзіңіз куә болған қызықты, тамаша шақтарды, шьіғармаларының дүниеге қалай келгені жайлы әңгімелеп берсеңіз.(Екпін және Бекен апа сөйлеп жазушы туралы қызықты естеліктер айтып, кітпханаға оның ұстаған заттарын тапсырды) 
Жүргізуші 2: Ғабит атамыздың бойындағы келесі бір сүйсінерлік қасиет ол өнерге деген қамқорлығы. Соның бір айғағы облысымыздың мақтанышы әнші, Республикалық Әсет Бейсеуов атындағы "Армандастар" конкурсының лауреаты Дәмеш Сапарқызына сөз берейік. Сіздің өміріңіздегі Ғабит Мүсіреповтің алар орны қандай. Сіздің орындауыңызда "Ғабең сөзі" деген ән бар екенін білеміз. Осы ән дүниеге қалай келді? Және осы әнді орындап берсеңіз. 
"Ғабең сөзі" әні. 
Жүргізуші 1: Кемеңгер қаламның кұдіреті Ғабит Мүсіреповтің өздеріңізге белгілІ ана тақырыбына жазған әңгімелері мен қатар "¥лпан", "Қазак солдаты", "Оянған өлке" сияқты көптеген шығармалары бүгіндер әр оқырманның жүрегінен жылы орын тапты. Оған дәлел мына сіздер мен біздер. Біздің мақсатымыз алып тұлғалардың еңбектерін өрлету, олардың ізгілік қасиетке толы шығармалары арқылы білімізді шыңдау міндеті түр. 
Жүргізуші 2: Кітапханамызда жыл сайын Ғабит Мүсіреповтің туған күнін атап өту дәстүрге айналған. Бүгін осының айғағы ретінде "Көркем сөздің шебері" сұрақ-тапсырма сайысын тамашалайық. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. 
Жүргізуші 1: Бүгінгі сайыстың әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: 
1. Кітапхана директоры Қасымова Раиса Орынбасаркызы. 
2. Екпін Хамитұлы ағамыз. 
3. Г. Мүсірепов атындағы №43 мектепебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мереке Малқарқызы Малдыбаева 
4. М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Искакова Лина Құдабайқызы. 
Жүргізуші 2. Құрметті сайыскерлер әуелі ойынның шартымен танысайық. Әр топ бес адамнан құралған. Төрт кезеңнен тұрады. Жауаптар бес балдық жүйемен бағланады. Әр кезең қорытындысы шығаралып, ең аз ұпай алған ойыншылар ойыннан шығып отырады. Ойын негізінен Ғ.Мүсіреповтің "Қазак солдаты" романы бойынша өтеді. 
Жүргізуші 1: Құрметті оқырмандар, сіздерге тағы бір кұлақ қағыс бүгінгі Ғ.Мүсіреповті еске алу кешінде жалғыз мына алдымызда тұрған сайыскерлер ғана емес, оқырмандар сіздер де калыс қалмай әр кезеңнің арасында қойылған сауалдарға жауап беріп, жазушыға арналған өз жаныңыздан шыққан шығармаларды да ортаға салуға болады. 
Жүргізуші 2: 1 кезең «Бәйге» деп аталады. 
1-ші тапсырма. Әр топ өзін таныстырады, ұраны, топ атты. 
(ортаға шықан топтар өздерін таныстырды: «Мүсіреповшілер», «Қырандар», «Қырғилар») 
Жургізуші 1: 
2-ші тапсырма «Қырандар» тобына 
1 сұрақ 
- Әуелі келісіп алайық: сіз ешнәрсені жасырмаңыз, мен ешнәрсе қоспайын. 
- Жоқ, .... 
(Осының жауабын аяқтаңыздар). 
2 сұрақ «Мүсіреповшілер» тобына. 
Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романының басталуында "зытып келем сөзі" неше рет қайталанып келеді? (Жауабыңызды қысқа емес мәтін бойынша толық жауап беруге тырысыныздар). 
3 сұрақ «Қырғилар»- тобына. 
- Ботам! Мен уәде еткен жерлерде сен де бірге бол...қасымда бол, қатар тұр!... 
(Үзіндіні жалғастырыңыз, және романның қай бөлімінде кездесетінін айтып өтіңіз).

3-ші тапсырма (жүргізушінің сұрағына қол көрсету арқылы үш топ та жауап береді) 
1) "Қызыл бұрыштың" бастығы ? 
2) Романдағы негізгі каһармандық тұлға? 
3) Жас ботаның ерке сипаты мен жас лактың ойнақы мінездері бар, Қайроштың ауылдас қызы, есейе келе есінен бір шықпайтын сүйікті көрші қызы. Ол кім?

Жүргізуші 2: топтар дайын болғанға дейін көремендерге мынандай сұрақ.: 
1) Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қай жылы, қай жерде өмірге келгендігін айтьіп берсеңіздер? (1902 жыл, 22 наурыз, СҚО, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы). 
2 кезең "Аламан" 
Жүргізуші 1: Алдарыңыздағы түрлі-түсті конверттердің ішіндегі сұрақты оқисыздар. 
1 тапсырма. 
«Мүсіреповтер» тобы қызыл конвертегі 1-ші тапсырмаға жауап береді 
1. Романның әр бөлімін қысқаша саралап шығыңыз. (Не жайында) 
2. Романда қандай дана, ұлы ақындардың есімін кездестіресіз?

«Қырандар» тобы сары конвертегі 2-ші тапсырмаға жауап береді 
1. Түйеқоңыз 
2. "Қысыр ағаш" 
3. "Аспан!, Аспан!" 
Осы сөздерді түсіндіріңдер. 
«Қырғилар» тобы жасыл конвертегі 3-ші тапсырмаға жауап береді 
1) Өзеннің қасында тұрып су сұрағаныма өзім де ұялып қалдым. 
Шынында да өзеннің қасында тұра әлдекімнен су сұраған ұят болар. 
(Ұялушы адам кім? Ол қай жерде тұр?) 
2) Жалғыздық жасқаншақ та етеді, жаужүректе етеді. Мен жасқанбауға бел байладым. Аяғыма білінген қатты нәрсені суырып алып едім... екен. 
(Жасқанбаушы кім? Нені суырып алды? Қайда тұр?) 
Әділқазылар осы кезеңге қортынды шығарғанға дейін көрермендерге қойылатын сұрақ: 
Ғ.Мүсіреповтің «кездеспей кеткен бір бейне» поэмасындщағы басты кейіпкер кім? (Еркебұлан ) 
3 кезең «Көкпар» 
Жүргізуші 2. Келесі кезең "Көкпар". Әр кім өзі үшін. Топ ішіндегі бес адаммен жұмыс. 5 конверт ұсынылады. 
1 -ші конверттегі сұрақ: 
- Атың ат емес екен...жеке батырға түк лайығы жок-.-Бүгіннен бастап Костя боласың. Оған молдадан көргенім бар, қазір дұрыстап атыңды қойып берем! 
(Үзіндіні толықтырып көршіңіз арқылы көрсетіңіз. Сіз кімсіз, ол кім роман бойынша?). 
2-ші конверттегі сұрақ: 
- Жолдарың оңғарылсын қарақтарым, бақытты болыңдар бәріңде. Көпір басында біреуің аянған жоқсыңдар! Мен ылғи қандай батыр жігіттер деп, қуанып қарап отырдым! - деді. 
(Бұл кімнің батасы? Өзіңіз манадан бері қатар келе жатқан топ құрамын бата беріп көріңіз). 3-ші конверттегі сұрақ. 
- ...күмістей жарқырап біздің көк қырғи көрінді. Мұнартқан аспаннан сүңгіп шыққандай екіншІ, үшінші, төртінші, бесінші қырғи көрініп қалды. 
(Бұл қырғилардың тура мағынасы не? Өзіңіз бір топты неге теңей аласыз?) 
4-ші конверттегі сұрақ: 
- Манадан бергі қобалжу, қорқыныш дегендерімнің қайда кеткенін білмеймін әрі аға, әрі досыма арнап қаладан келген өнерімнің бәрін көрсеткім келіп барады. Көріспегелі өткен бірнеше жылдың қандай өнер таптым, қандай биікке көтерілдім, соны...көрсеткім келіп еркін бір жайқап түсу үшін 
сақинаны ертерек тартып қалдым.

(Өнерін кім кімге көрсеткісі келген? Сіз өзіңіз кімді қандай өнеріңізбен таң қалдырдыңыз?) 
5-ші конверттегі сұрақ: 
- Бар ананың баласын жаман атқа қимайтын әдеті ғой, апам қорыққан да, жылаған да сияқты. Бірақ одан арғыға ойын жібермеген. Әлде қайда алыс қиядан балапанның шаңқ етіп қалғанын естігенде ұя басар қамқор ана жетіп келген (Үзінді кімдер арасында және теңеулермен жалғастырып көріңіз? Сізді көріп анаңыздың қатты қиналған кездері болды ма, болса еске түсіріп көріңіз). 
Көремендерге сұрақ: 
Г.Мүсіреповтің алғашқы ұстазы кім? ( Бекет Өтетлеуов) 
4 кезең «Алтын сандық» 
Жүргізуші 1. «Қырандар» тобынан үздік шыққан сайыскеріміз 4 кезеңдегі сұрағымыз сізге ғана арналады,мына алдыңыздағы тұрған «алтын сандықтың» сырын ашу- өз қолыңызда.Олай болса,сандық сізді күтіп тұр. 
Сандықтағы сұрақ: Ғабит ата өмірінің соңғы кезіне дейін туған жеріне, ардақты Қызылжарына, кіндік қаны тамған топырағы Елтінжалға жиі келетін еді. Ғабит ағаға туған жерінің нулы орманы, саумалдай сапырылып жатқан күміс көлі, тіпті, шоқ-шок болып өскен көк талы да ыстық, қасиетті еді. 
"Дүниеде, - дейді жазушының кейіпкерлерінің бірі, туған еліңнен артық ел де жоқ, жер де жоқ". 
Кезінде Ғабеңнің қалауымен бір ән жазылған. Ол әннің атын атаңыз.Сөзін жазған ақынды және әнін жазған композиторды атаңыз? 
Бейнетаспадан жауабы көрсетіледі. 
( Сөзін жазған М.Әубәкіров, әнін жазған Ж. Тұрсынбаев) 

ҚЫЗҚАРАҒАЙ 
Сөзін жазған Әнін жазған 
М.Әубәкіров Ж. Тұрсынбаев 
Ауылында бар Ағаның қызқарағай 
Тал бойында бір мін жоқ қыз баладай. 
Ақ балтырлы ақ қайың арасында, 
Жалғыз өсіп, асқақтап, тұр дарағай. 
Қызқарағай, қызқарағай... 
Жалғыз өсіп, асқақтап, тұр дарағай. 
Ауылында бар Ағаның қызқарағай, 
Қызығамыз көркіне біз баладай. 
Аясынан жанына сая тауып, 
Оған мәңгі ұл менен қыз қарағай. 
Қызқарағай, қызқарағай... 
Оған мәңгі ұл менен қыз қарағай. 
Ауылында бар Ағаның қызқарағай, 
Өтпес адам қасынан бір қарамай. 
Ыстықта да, суықта өңін бермес, 
Өзі ме екен Ағаның қызқарағай... 
Қызқарағай, қызқарағай... 
Өзі ме екен Ағаның қызқарағай. 
Жүргізуші 2.: Сіздердің назарларыңызға белгілі әнші Айгүл Мүхамеджанованың орындауында "Қызқарағай" әнін ұсынамыз. 
Бибігүл Төлегенованың шәкірті Айгүл Мұхамеджанова әннің өзіне қалай келгенін әңгімелеп, «Қызқарағай» әнін орындады. 
Кеш соңында сөз әділ қазылар алқасына беріліп «Ғабиттанушы» деген атқа лайық сайыскер анықталып,осы сайысқа қатысқандар және көрермендер арасында қойылған сұрақтарға белсене жауап берген оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.

«Ұлпан» романы бойынша оқырмандар конференциясы

Әйел,ана,арулар тақырыбына арналған Ғ.Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де көрнектісі де «Ұлпан» романы. ХіХ ғасырдың екінші жартсындағы қазақ халқының әлеуметтік өмірін терең зерттей келіп,жазушы тарихи фактілерді, шын өмірде болган оқиғаларды, адамдарды шығармасына негіз етіп алған. Роман –тарихи тақырыптағы шығарма, ал Ұлпан өзі тарихта шын болған адам , өз заманынан бұрын туып, арманда кеткен үлкен жанның бейнесі. 
Асыл жар, ардақты ананың бейнесін халық арасынан шыққан Шынар мен Мүсірептер кемелдендіре түседі. Олардың Ұлпанмен бас қосуы, сыйластығы, аңшылық өнері суреттелген тұстары оқырманның өте сүйсініп оқитын беттері. 
Көркемсөз құдіреті атанған жазушының туғанына 105 жыл толуына орай оның еңбегімен оқырмандарды кеңінен таныстыру мақсатымен «Ұлпан» романы бойынша Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында өтетін оқырмандар конференциясының сұрақтар жобасын ұсынамыз.

1. Ел анасы атанған Ұлпан бейнесі. 
2. Есеней- қазақ әдебиетіндегі кесек тұлға. Есеней көзқарасына Ұлпанның әсері. 
3. Романда көтерілге н адамгершілік, ізгілік қасиеттер. 
(Түрікпен Мүсіреп,Шынар образдары, жағымды-жағымсыз кейіпкерлер, оларға тән ерекшеліктер) 
4. Ұлпан образы мен бүгінгі күннің әйелдерінің арасындағы қандай байланыс пен ұқсастық бар? 
5. Бүгінгі күні Ұлпан біздің арамызда болса кім болған болар еді? 
6. Романның болашаққа деген болжамы,эстетикалық мәні. 
7. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан романының қазақ әдебиетіндегі алатын орны.

Оқырмандар арасында үйге тапсырма беру арқылы мынадай сайыс түрлерін өткізуге болады.

1.Ғ.Мүсірепов шығармаларының кейіпкерлеріне хат жазу 
2. Ақын тойына жыр-шашу арнау 
3.Ғ.Мүсірепов шығармалары бойынша сурет салу

Жаралған тереңдік пен сұлулықтан 
(Кітап көрмесінің жобасы)

Дәйек сөз: «Халқымыздың өткен ғасырда бастан кешкен сан қилы күрделі тағдыры Мүсіреповтің құдіретті қаламы арқылы көркемдік бейнесін тапты. Оның әдебиеттегі зор еңбегі көзі тіріснде-ақ өзінің жоғары бағасын алды» 
Н.Назарбаев 
I. Өлмес мұра, өшпес өнеге 
Дәйек сөз: «Жақсы кітап тоғыз ай, тоғыз күнде туа салмайды» 
Ғ.Мүсірепов 
II. Әйел –ана бейнелерінің галереясы 
Дәйек сөз: «Дала қызының назданған еркелігінде мұң да 
бар, жалынышы мен жалыны да бар.Жан тазалығы,саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар.Сондай қолтума өнерінен кіршіксіз ләззат ала аласың ...» 
Ғ.Мүсірепов 
III. Ғ.Мүсірепов –шебер драматург 
Дәйек сөз: « Ғ.Мүсірепов көркем әдебиетте де ,театрда да, кинода да - өнердің тағы қандай түрі бар – бәрі-бәрінде де сұлулықтың гимн дәрежесіне көтеріліп келе жатқан классик ». 
Ш.Мұртазаев

Круглый стол «Влюблённый в свой край сыновней любовью» 
Звучит кюй «Сарыарка»

Росные туманы и рассветы, 
На лугах пахучая трава. 
Здесь увидел свет Габит Мусрепов, 
Здесь сказал он первые слова 
Под высоким казахстанским небом, 
Расцветают нежные цветы. 
Человек живет не только хлебом. 
Создал он и песни и мечты… 
Говорят: живём не по приметам, 
Ничего не приказать судьбе, 
Но родиться мог Габит Мусрепов 
Только здесь и более нигде! 
В 2002 году нашей библиотеке присвоено имя Габита Мусрепова.В связи с этим нами делается немало для пропаганды творчества Габита Махмутовича, чьё имя вписано золотыми буквами в историю страны. 
Представляем Вам наших гостей: 
1. Племянник Г.Мусрепова Махмутов Екпин Хамитович 
2. Племянница писателя Махмутова Мансия Хамитовна 
3. Курманкина Назира Сапаровна – внучка Г.Мусрепова 
4. Известный краевед нашей области Пресняков Сергей Михайлович.

1 ведущий: В 1980 году вышел в свет 3х-томник избранных произведений писателя. В предисловии к нему говорится :Г.Мусрепов родился в день праздника Наурыз, два года после начала века. Грамоту познал от муллы аула. который учил ребят читать и писать по арабскому алфавиту. Но к настоящему роднику знаний будущий писатель приобщился, когда поступил в Пресногорьковскую начальную школу. Именно здесь он и познакомился с произведениями А.С.Пушкина, Лермонтова, Крылова и с помощью учительницы русского языка и литературы Сильвы Михайловны, предсказавшей ему писательское будущее, открыл в себе любовь к сочинительству.

2 ведущий: Первый рассказ Г.Мусрепова «В бушующих волнах» появился в газете, когда он учился на рабфаке в Оренбурге, тогдашней столице Казахстана, и сразу же привлёк внимание известного тогда писателя Беимбета Майлина, ответственного секретаря республиканской газеты. Майлин заметил дарование юноши и пригласил работать переводчиком в редакцию. 
Так Габит уверенно вошёл в большую литературу. А до этого он успел поработать и военкомом, и заместителем начальника милиции, накопил богатый жизненный опыт, что помогло ему в будущей творческой деятельности. 
Позже Г.Мусрепов поступает в Омский сельскохозяйственный институт, о чём он впоследствии напишет: 
«Работа в сельском хозяйстве, как и военно-милицейская деятельность, не стали содержанием моей жизни. Меня по-прежнему привлекала нетронутая белизна листа бумаги, она заставляла заново переживать события, участником которых я был.

1 ведущий: Когда мы говорим о Габите Мусрепове, то часто говорим «первый», «первопроходец». И, действительно, в становлении казахской литературы, во многих жанрах он был первым и блистательно справился с этой задачей .Когда он взялся за перо, такие корифеи, как Сабит Муканов, Беимбет Майлин, Мухтар Ауэзов уже были широко известны читателю. Однако, прекрасное знание русской и зарубежной классики, а главное большой талант, позволили Габиту Махмутовичу взять успешный старт и подняться до высот классика казахской литературы. 
Романы Г. Мусрепова «Пробуждённый край», «Солдат из Казахстана», «Улпан- её имя»,драмы»Кыз-Жибек», «Ахан-серэ-Актокты», «Амангельды», рассказы о матери и др. вошли в золотой фонд казахской литературы.

2 ведущий: Габит Мусрепов был редактором республиканских газет и журналов, первым секретарём правления Союза писателей, членом исполкома общества европейской культуры и членом советского комитета Содружества стран Азии Африки 
Литературные заслуги Г.Мусрепова отмечены высокими государственными наградами: 3 ордена Ленина ,Октябрьской революции, Трудового Красного Знамени, Дружбы народов .Ему было присвоено звание Героя Социалистического труда. Ему присуждалась Государственная премия Казахстана. Все эти высокие награды и звания свидетельствуют о плодотворной литературной и общественной деятельности и ярком таланте писателя.

1 ведущий: О честности и преданности делу, о твердости характера Г.Мусрепова ходили легенды. В1937 году, когда над интеллигенцией сгустились чёрные тучи и каждый в ужасе ждал ареста, то и дело проходили бурные разоблачительные собрания, на которых клеймились враги народа. На одном из таких собраний в Союзе писателей Казахстана «разоблачали» как шпиона японских империалистов Беимбета Майлина .Выступающих было много .И вот встал Г.Мусрепов: « Если Майлин – враг народа, тогда и меня считайте врагом народа». Это заявление не спасло Майлина от расстрела, но навсегда осталось в памяти людей. В те дни с подобным заявлением мог выступить только человек твёрдой воли, не боящийся пострадать за правду.

2 ведущий: В начале 30-ых годов страшный джут охватил всю республику. Не хватало продовольствия, люди голодали, умирали от истощения. Вымирали целые аулы. Это до глубины души возмущало Г.Мусрепова, и он взялся за дело. Вместе со своими четырьмя собратьями по перу, он написал письмо Сталину, рассказав о массовой гибели людей, прося помощи. Под названием «Письмо пяти» оно было обнародовано лишь в наши дни. 
Тогда же на подобное открытое разоблачение осмелился бы не каждый. Таким был Г.Мусрепов. 
В последние годы жизни Г.Мусрепов часто приезжал в родные края. Родина тянула его к себе и принимала с распростёртыми объятиями. Г.Мусрепов-гордость северо-казахстанцев. Но с особой гордостью вспоминают о нём родные и близкие ему люди. 
Воспоминания гостей: 
1.Племянник Г.Мусрепова Махмутов Екпин Хамитович 
2.Племянница писателя Махмутова Мансия Хамитовна 
3.Курманкина Назира Сапаровна- внучка Г.Мусрепова. 
4. Известный краевед нашей области Пресняков Сергей Михайлович. 
Заключение. Слово директору библиотеки Касымовой Р.О.

Звучит песня.

Ғабит Мүсіреповтың шығамалары. 

Мүсірепов Ғ. Көп томдық шығармалар жинағы./Құрастырған Ә. Нарымбетов.-Алматы: Жазушы , 2002 
Т.1.Әңгімелер .-288 б. 
Т.2. Повестер.- 264б. 
Т.3.Ұлпан: Роман .-248 б. 
Мүсірепов Ғ.Таңдамалы. Үш томдық .- Алматы: Жазушы,1980. 
Т.1. Повестер мен әңгімелер.-542 б. 
Т.2.Оянған өлке: Көркем очерктер.-592б. 
Т.3.Романдар және поэма.-584 б.

Мүсірепов Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы:Жазушы,1992 
Т.1.Повестер мен әңгімелер.-400б. 

Мүсірепов Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Жазушы,1975 
Т.4.Суреткер парызы.Әдеби-сын еңбектері.-555б.

Мүсірепов Ғ. Бес томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Жазушы,1976.-619б.

Мүсірепов Ғ. Жаңа достар: Кітаптан соң кітап.- Алматы:Жалын,1983.-27б.

Мүсірепов Ғ. Жас бала қыз Наргөз бен бала күшік Құмай, бала мысық Мияу.- Алматы: Балауса,1995.-15б. 
Мүсірепов Ғ. Достық сапары. Әңгімелер мен очерктер.-Алматы: Жазушы,1971.-128б. 
Мүсірепов Ғ. Күнделік.-Алматы: Ана тілі,1997.-288б. 
Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. Мақалалар жинағы /Құраст.Ә.Нарымбетов.-Алматы:Жазушы,1970.-544б. 
МүсіреповҒ. Таңдамалы әңгімелер.- Алматы: Мектеп,1979.-205б. 
Мүсірепов Ғ. Тимка-Димка.-Астана: Таным,2003.-80б. 
Мүсірепов Ғ. Тұтқын қыз: Повестер және ой-толғамдар/Дайындаған Ә. Нарым -бетов.-Алматы: Балауса,1993.-512б. 
Мүсірепов Ғ. Уақыт іздері. Очерктер мен публицистика.-Алматы: Жалын,1997.-368б. 
Мүсірепов Ғ. Ұлпан: Роман.-Алматы: Атамұра,2003.-264б.

Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы жайлы әдебиеттер.

Эпикалық драматургия [Мәтін] / Ахтанов Т.// Керуен. Әдебиет туралы ойлар.-Алматы: Жазушы,1969.-195-234б. 
Ағаның көңілі ақ-жайлау [Мәтін] / Әлімбай М. Көзін көрдік жақсы менен жайсаңнын.-Алматы: Қазақстан,2002.-52-57б.. 
Ғабит Мұсіреповтің соңғы туындысы.[Мәтін] / Базарбаев М. Көрікті ойдан-көркем сөз. - Алматы: Рауан,1994.-244-254б. 
Жазушылар әлемі. Фотоальбом/Құраст. Еркін Жаппасұлы, Берік Садыр.- Алматы: Интерпринт,2003.-182б. 
Ғажайып Ғабең [Мәтін] / Қайырбеков Ә.//Саға. Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам.-Астана: Фолиант,2003.-31-42б.

Қайырбеков Ғ. Елтінжал:Повесть-эссе.-Толықт.,2-бас.-Алматы: Өнер,1990.-224б. 
Ел анасы – Ұлпан [Мәтін] / Қаратаев М. //Көргенім мен көңілдегім:(Естеліктер, портреттер, эсселер).-Алматы:Жалын,1982.-142-149б. 
Ғабит Мұсреповтің романдары [Мәтін] / Кирабаев С.// Тәуелсіздік рухымен.-Астана: Фолиант,2002.-242-253б. 
Молдағалиев Ж. Жомарт жүрек: Деректі повесть.-Алматы: Өнер,1990.-208б.(Өнердегі өнегелі өмір) 
Үш бағана [Мәтін] / Нұрғали Р. //Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу.-Астана: Күлтегін,2002.-484-494б. 
Сәрсеке М. Мен білетін ер Ғабең. Эсселер.-Алматы: Атамұра,2002.-160б., жапсырмалы. 
Ысмағұлов Ж. Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам.-Алматы:Қазақстан,2002.-208б. 
* * * 
Асабаев З. Жадымдағы жаңғырық (Ғ.Мүсіреповтің жары Рая Мұхамедияровамен сұхбат)// Парасат.-2002 .-№3.-б.2-5 
Ахметов З. Терең таным, биік талғам(Ғ. Мүсірепов шығармашылығы туралы)//Егемен Қазақстан.-2002.-2 наурыз.-б.3 
Әбдіразақова А. Мүсірепов қазақ тарихы хақында//Қазақ тарихы.-2007.-№1.-б.65-68 
Әбілов А. Қазақ повестеріндегі ырғақ//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2006.-№7.-б.47-53 
Әйкемов Ж. Естен кетпес күндер // Солтүстік Қазақстан.-2002.-2 сәуір.-б.4 
Әкімжанов З. Миллиондардың Мүсірепові ( Ғ.Мүсіреповке арналған эссе) // Солтүстік Қазақстан.-2002.-19наурыз.-б.3, 26 наурыз. 
Байторғаев-Базарбаева Г. Ғабең және Ғұсни, Ғазиза, Раиса...//Қазақ әдебиеті.-2001.-13 шілде.-б.12 
Бельгер Г. Кәрілік //Парасат.-2002.-№3.-б.6-7 
Ғаббас Ш. Жаупты тапсырма (Ғ. Мүсірепов туралы естелік)//Солтүстік Қазақстан.-2002.-15 наурыз.-б.3 
Ғабит Мүсірепұлы// Ақиқат.-2004.-№7.-б.62-63 
Ғажайып Ғабең // Егемен Қазақстан.-2002.-12 маусым 
Ғалымқызы Ә. Жазушымен бір жүздесу... //Солтүстік Қазақстан.-2002.-19 наурыз.-б.5 
Елеукенов Ш. Ғабеңнің асқақ бейнесі//Жалын.-1992.-№2.-б.33 
Елеукенов Ш. Ғабит сөзі-бүгінде көсемсөз//Егемен Қазақстан.- 2002.-30 наурыз.-б.4 
Жақсыбаева Ж. Етістіктің біріккен түрі (Ғ. Мүсіреповтің шығармашылығы) // Қазақ тілі мен әдебиеті.-2006.-№3.-б.111-114 
Жақып М., Мұқанов М. Елі Ғабеңді құрметтеп жатыр// Егемен Қазақстан.-2002.-19наурыз.-б.4 
Жүсіпова А. Көркем сөздің зергері// Солтүстік Қазақстан.-2006.-10 сәуір. 
Кәкішев Т. «Дүниеде ой айтылуы қиын, айтылған ой өлмейді.» (Құпия сұхбат жазбасы) // Егемен Қазақстан.-2002.-9ақпан.-б.4. 
Кәкішев Т. Тәбәрік // Солтүстік Қазақстан.-2002.-23сәуір.-б.4. 
Қайдар Ә. «Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсімбейді...» // Ана тілі.- 2002.-14наурыз.-б.5. 
Қайырбеков Ә. Ғажайып Ғабең //Егемен Қазақстан.-2002.-22 наурыз.-б.4. 
Қанғожин М. Ғабит аға Қызылжарға келгенде(Ұлы жазушының қасында болған күндерден үзік сыр)// Солтүстік Қазақстан.-2002.-5наурыз.-б.3 
Қирабаев С. Ғабең романдары-рухани мәдениеттің озық үлгісі//Егемен Қазақстан.-2002.-26сәуір.-б.4 
Қожакеев Т. Жазушының баспасөзге келуі//Ақиқат.-2002.-№5.-б.71-75 
Махмұтов Е. Ғабең-ел мақтанышы//Солтүстік Қазақстан.-2002.-8ақпан.-б.2 
Мұстафин Б. Жаса, кербез кемеңгерім//Солтүстік Қазақстан.-2002.-19наурыз.-б.2 
Мұстафин Б. «Сәулем жас ұрпақ» ортасында // Солтүстік Қазақстан. – 2002- 8 наурыз.- б.3 
Омаров Қ. Жеріне нәр, еліне әр берген//Егемен Қазақстан.-2002.- 23қаңтар.-б.3 
Садуақасқызы Г. Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы мақал-мәтелдердің қолданылуы//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2001.-№11.-б.51-53 
Самрат Ж. Ғабең ауылында// Солтүстік Қазақстан.-2002.-19наурыз.-б.4 
Сәрсеке М. Жақсылардың үлгісі//Ақиқат.-2002.-№5.-б.63-70 
Сәрсеке М. Мен білетін ер Ғабең //Ақиқат.-2002.-№1.-б.33-39 
Сейсенбиева Ә. Ғ. Мүсірепов драматургиясының ерекшелігі//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2007.-№1.-б.92-94 
Смайылов К. Ескі күндер елесі ( Ғ.Мүсірепов және «Қыз Жібек»)//Парасат.-2002.-№5.-б.20-21 
Сұлтан А. Сені іздеймін//Солтүстік Қазақстан.-2002.-19 наурыз.-б.5 
Сыздық Р Ғабең және қазақтың көркем тілі// Егемен Қазақстан.-2002.-16сәуір.-б.4 
Шакен Ж. Әдебиетіміздің атасы да, ботасы да-қазақ!//Қазақ әдебиеті.-2007.-9-15ақпан.-б.7 
Ысқақ Д. Мүсіреповтің әдеби-эстетикалық ойлары// Жұлдыз.-2002.-№5.-б.3 
Ысмағұлов Ж. «Қазақ батыры»//Ақиқат.-2002.-№12.-б.66

Құрастырған: Бримова З.С. 
Макушева М.С. 
Технический редактор: Шаймерденова А.С. 
Редактор: Касымова Р.О.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: nauriz (28.02.2014)
Просмотров: 3145 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!