Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Адам болам десеңіз (білім сайысы)
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, білімге деген қызығушылығын арттыру; 
Сөйлеу, мақал- мәтел, сұрақ- жауап, ән арқылы ой- өрісін дамытып; туған жерін, тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, компьютер,қалам 
(Ойынға қатысушы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топтың өз аттары мен ұрандары және төс белгілері болады.) 
Арыстандай айбатты, 
Жолбарыстай қайратты, 
Мен жастарға сенемін,- деп жырлаған өршіл, рухты Мағжан ақын жырлағандай... 
Құрметті: оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Адам болам десеңіз» атты білім сайысына қош келдіңіздер! 
Ал, келіңдер, келіңдер! 
Бір-біріңе еріңдер 
Білімдеріңді тексеріп, 
Ал таласып көріңдер! 
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын ойынның шарттарымен таныстырып кетейін. 
Ойын алты айналымнан тұрады: 
1- айналым Жұмбақ және мақал- мәтел сайысы

2- айналым Қ әрпінен басталатын зат есімді сөздер ойлап табу.

3- айналым Сөйлемді тауып оқыңдар.

4- айналым Ойлан тап.

5- айналым Аяқталмаған сөйлем.

6- айналым Тапқырлық.

7- айналым Кім тез тауып айта алар?

Ойынымызды бастамас бұрын алдымен әділ қазылар алқасымен таныса кетейік.

1- айналымның шарты бойынша, 1 топ 2 топқа жұмбақ жасырылса, ал 2 топ ол топқа жұмбақтың шешуі бойынша мақал- мәтел айтуы тиіс. Берілген уақыт ішінде білетін сөздерін айтып үлгеруі керек.

2- айналымның шарттары: бұл айналым бойынша Қ әрпінен басталатын зат есімді бірнеше сөздер ойлап жазу. Қай топ неғұрлым көп сөз жазып үлгерсе, сол топқа көп ұпай беріледі.

3- айналымның шарттары бойынша, шардың ішіндегі сөздерді сағат тілімен екі сөзден қалдыра отырып, әйгілі адамның шығармасынан алынған сөйлемді құрап оқу керек.

4- айналым бойынша, берілген әріптерден сөз құрап оқу.

5- айналымның шарттары: берілген сөйлемді аяқтау. Бұл айналымның шарты бойынша баланың тапқырлық шеберлігін қадағалау.

6- тапқырлық айналымы бойынша, жұмбақтың, не берілген сөйлемнің жауабын тауып, осы жауаптың орысша және ағылшынша аудармасын табу керек.

7- айналым гүлдегі жасырылған сөздерді қатыстырып, мақал- мәтел немесе нақыл сөздер айту қажет.Осымен ойынымыз өз мәресіне жете келді.

Қорытынды қазіргі мектеп қабырғасында дамып жетілген жас ұрпақ, ертеңгі ел болашағын жасаушы қайраткер.Сондықтан бала бойында өзі жайлы сыр берген болмашы жақсы нышанды одан әрі дамытып, жаман нышанды дер кезінде тоқтата білейік.

Бойларыңда от бар екен байқадым, 
Жүректерде шоқ бар екен байқадым. 
Әрқашанда осы шоқты өшірмей, 
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: nauriz (28.02.2014)
Просмотров: 850 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!