Главная » Статьи » Ашық сабақтар

Сын есімнің жасалуы
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы 
(Жаттығу жұмысы) 2 сағат.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушылардың негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдерден алған білімдерін есте бекіту, жинақтау.
ә) тәрбиелігі: оқушыларды тапқыр да еңбекқор, ойлы болып өсуге тәрбиелеу; мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік қасиеттерге, әдептілікке баулу. 
б) дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, туынды сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру, тірек сөздер арқылы мәтін жазуға жаттықтыру. 
Көрнекілігі: Таблица, «Семантикалық карта», 
«ішке-сыртқа» стратегиясы.

Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті қалыптастыру.

Оқыту әдістері: Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. 
ІІ. «Аквариум тәсілі» арқылы оқушылардың өткен тақырыптарда алған білімдерін еске түсіру.

Сыныпты 3 топқа бөліп, оларды А, Б, С тобы деп белгілеу.

1-тапсырма. Тақтаға әр түрлі түстер іліп, оны өз қалауы бойынша алып, 
сұраққа жауап беру. Егер бірден жауап бере алмаса, тобымен ақылдасу. 

2-тапсырма. Кітаппен жұмыс. 
137-жаттығу. Төмендегі зат есім сөздердің мағыналарын айқындаңдар. Оларға сын есім жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жасаңдар. 
141-жаттығу. Туынды сын есімдердің ішінен етістіктен жұрнақ арқылы жасалған сын есімдерді теріп жазыңдар. 
142-жаттығу. Берілген туынды сын есімдерді қатыстырып, сөз тіркесін жасаңдар. 

3-тапсырма. 
І топқа «Семантикалық карта» Асты сызылған сөзге берілген кесте бойынша талдау жаса. 
1. Жүйелі сөз жүйесін табар, 
Жүйесіз сөз иесін табар. 
2. Жақсыдан үйрен, 
Жаманнан жирен. 
3. Ақылды ұл білім іздер.

ІІ топқа. Төмендегі сөйлемдерде қарамен жазылған сөздердің қайсысы сын есім мағынасында қолданылғанын тап. 
1. Сыз жерге отырма, сызықты түзу сыз. 2. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған. 3. Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел. Сонда шал Әзімге арқан, қанжар берді, - Маяның ішіне еніп, сен жат! – деді. 
ІІІ топқа. «Ішке-сыртқа» стратегиясы. 
Берілген сөздерден негізгі, туынды, дара, күрделі сын есімдерді тауып «ішке» бөліміне жаз , қатыссызын «сыртқа» бөліміне жазыңдар. 
Қалың, тұп-тұнық, сары ала, бозаң, әдемі, жіңішке, қоңырқай, малшы, ән, адам, биік-биік, сүйкімді, қонымды, аққу, белбеу, өткір көзді, аққұба, ақылды, әдепті, ақ сақалды, жирен қасқа. 
Жеке оқушымен жұмыс. 
Тақтада сөйлем талдау. 
1. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. 
2. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. 
3. Жақсыдан қашпа, жаманға баспа. 
4. Көгілдір аспанда бозторғай ән салады. 
5. Ол домбырада шебер ойнады. 

4-тапсырма. 
Мәтіндер беріп, кімнің шығармасынан алынған үзінді екенін анықтау. Сын есімдерді табу. 

5-тапсырма. 3 топқа да ортақ. 
Тірек сөздерді пайдаланып, бір-біріңнің портреттеріңді жазыңдар. 

6-тапсырма. «Тірек белгілер» оқыта үйрену ойыны. 
1 – топ. Туынды с.е. табу 
2 – топ. Күрделі с.е. табу. 
3 – топ. Негізгі с.е. табу.

Ү. Сабақты қорытындылау. Таблица бойынша қорытындылау.

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: nauriz (28.02.2014)
Просмотров: 2361 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!