Ардағым Өлеңін жазған – Қ. Қазыбеков Әнін жазған – И. Мамақов Ақ құсы сенсің көңілімнің, Қай кезде қанат қағарсың? Қызығын бүгін сол күннің Іздесең қайдан табарсың? Сырымды ашпай бір жанға, Қиялды жолдас етем бе? Үмітім болған арманға, Жыл құсы болып жетем бе? Сағыныш сезім бойымды Еріксіз билеп тербетер Аңсаумен жүрген ойымды Қуантып қашан күн жетер. Үміттің гүлін үзбеген Асылым, асқақ арманым. Жалғанда жаным іздеген, Қайдасың, менің ардағым?
|