Елімізді сүйемін Өлеңін жазған: Қ. Мырзалиев Әнін жазған: Д. Ботбаев
Балбұл жанған гүл шағында, Біз Отанның ұланымыз. Бақытты елдің құшағында Білім алу - ұранымыз. Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз. Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз. Туған жерде аунап – қунар, Біз ұланбыз, өрімдейміз. Біз ұланбыз еңбек құмар, Өнер десе ерінбейміз.
Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз. Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз. Қуанышты әніміз де, Біз ұланбыз - жоқ арманы. Біздер әлі бәріміз де, Боламыз ел қаһарманы. Біз өнерге, ұлы өмірге, Гүл өмірге иеміз. Көгімізді, көлімізді, Елімізді сүйеміз.
|