Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы
Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы

Ана тілінің қадір-қасиетін танытып көпшілікке ой салу ,пікірлерін ұштау мақсатымен тіл,ана тілі,қазақ тілі жайлы ұлы ойшылдар мен қайраткерлердің,танымал тулғалардың,ғалымдар мен сөз зергерлерінің даналық ой тұжырымдары мен түйінді сөздерінен жыйынтығын әр жерден аударып тіркеп жыиып журетінмін Осы жыинағымды алғаш массаған сайтынада жариялап көпке таныстырған едім Енді өз блогымада тіркеп қойуды жөн көрдім 
тағы бір ескерте кетер жайт тіл жайлы өз пікір ойларын білдерген кеибір сайтшылардыңда өз ой туиіндемелерін қатар қосып қойдым!!!Себебі сайтшылардыңда әр қыилы жазған пікр еңбегі көл көсірғой! 
Тіл-қылыштан да өткір 
Ақыл-көркі-тіл 
Тілдің көркі-сөз 
Ақыл мен білмнің тілмашы-тіл 
Көрінеді тілден түйсік,білім де, 
Біле білсең жарылқаушы –тілің де. 
Білімсіздер тіліне берік болсын, 
Білімдінің тіліне ерік болсын. 
Тіл мен сөз көңңілдің айнасы. 
Адамға екі нәрсе тіректегі. 
Бірі-тіл,бірі-ділің жүректегі. 
Игі істің басы –тіл. 
Сөздің бәрін тыңда,керегін ал. 
Ақының тілі-қылыштан өткір ,қылдан жіңішке 
Көп сөйлемей азбен келтір иінін, 
Бір сөзбен шеш түмен сөздің түйінін. 
Жүсіп Баласағұни 
«Әрбір саналы ,мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің кәдірін білмеу-мәдениетсіздік». 
«Мен ана тілімде жазып,ойымды ана тілінде білдіріп қана қоймай,тіпті,түсімді де қазақша көремін». 
«Өз тілін,әдебиетін, қәдірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болсада, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады». 
«…Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барамын десе де, ең алдымен өзінің ана тілін,ана тіл әдебиетән сүюі шарт.Сол сүюді өмір бақи асыл қасиетіндей сақтау керек». 
«Бірталай қызметкерлер,олардың үй-іші кейде, тіпті қазақ әдебиетін, ол әдебиеттің көрнекі нұсқаларын орысша аударылған түрде ғана оқиды. Осындай оқушының бар екені даусыз.Әрине, бұл жәй ол адамдар үшін сорлылық». 
«…Жазушы өз дәуіріндегі қазақ әдебиет тілін өсіру, саралау, көріктеу, шеберлендіру жөнінде міндеткер». 
Елділіктің негізгі белгісі-тілінде. Тіл-аса қәдірлеп ұстайтын байлығымыз. Тілді ешкімге түрткілетпеуіміз керек. 
Ғабит Мүсірепов 
Өз алдына ел болуға өзінің тілі ,әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауымыз тиспіз. 
Ахымет Байтұрсынов 
Менің тілім өз ұрпағыма түсініксіз боп қалады-ау дегенді ойласам жаным түршігеді. 
В.Г.Короленко 
Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып,өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. 
Жүсіпбек Аймауытов 
Өз ана тіліне немқұрайдылықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей. 
К.Г.Паустовский 
Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сөз, 
Ой түбінде жатады, 
Асан қайғы 
Тіл өнері-дертпен тең. 
Қ.Абай 
Тіл жоқ екен-ой жоқ, ой жоқ екен -адам жоқ. 
Рабиндранат Тагор 
Ділмарлықтан гөрі тоқ етерін айтқан артық. 
Б.Грасиан 
Тез сөйлегенен ,ойлап алып сөйлеген артық. 
Т.Мор 
Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады ,сөздегі қателік істегі қателікті тудырады. 
Д.И.Писарев 
Шалқыған ойы болмаған соң ,лепірме сөзге үйір. 
П.Бусат 
Қарапайым да айқын турде айтып беруге болмайтын ой жоқ. 
А.И.Герцент 
Тіл сұлулығы оның айқындығы мен бейнелігінен тұрады. 
Д.И.Писарев 
Сөз куші көп нәрсені аз сөзбен айтып берумен сипатталады. 
Пултрах 
Созбақтай берсе,ең тамаша сөз де жалықтырып жібереді. 
Б.Паскалъ 
Өзге ұлттың тілін,дәстүрін білмей оның жанын,арманын түсіну,сеніміне,құрметіне бөленіу мүмкін емес. 
Өз тілінің сұлулығын сезінбей,өзге тілдің сұлулығын сезіну екі талай.

Бауыржан Момышұлы 
Шешенің ең ұлы қасиеті-қажет нәрсені ғана айту емес,сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. 
Цицерон 
Екі жағдайда сөйлейтін бол,не өзінің сөйлер нәрсеңді айқын ойланып алғада немесе бір нәрсе жайында айту қажет болғанда,Өйткені,тек осы жағдайда ғана үндемегенен сөйлеген жақсы,ал қалған жағдайдарда сөйлегенен сөйлемеген анағурлым жақысы. 
Исократ 
Бөтен сөзбен былғаған сөз арасын, 
Ол-ақының білімсіз бишарасы. 
Қ.Абай 
….Кезінде жеке адамдар тілді де түгелдей өз бақылауына алатын болады 
К.Маркс 
Біз ұлтық тілді игеру арқылы мәдениетті адам бола аламыз. 
В.И Ленин 
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін,өзінің әдебиетін сыйламаса ,бағаламаса ,оны сауатты,мәдениетті адам деп санауға болмайды. 
М.Әуезов 
Әкемнің құты, 
Анамның сүті- 
Сіңірген тұла бойыма. 
Бар асылын халықтың, 
Қазақтың ұлы тарихтың, 
Құйған сана ойыма- 
Туған тілім өркенде, 
Бола бер күшті, көркем де! 
Сәбит Мұханов

Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды,Отанымызды танып білеміз, 
халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. 
Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін, 
Оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. 
К.Д.Ушинский 
Ана тілін үйрену-ұлы іс.Әркім өз ана тілімен сөйлеуге,анасынан туа үиренген тілімен сөйлесуі керек. Ең жақсы тіл-ана тілі. 
М.И.Калинин 
Сүйемін туған тілді-ана тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! 
Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 
Құлағыма сіңірген таныс үнін. 
С.Торайғыр 
Егер тілім болмаса, мемлекет те болмайды, 
Бәрінен де сол қайғы. 
________________________________________ 
Қыдырқожа Сүлтанкерей 
Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір. 
Тоқсары 
Қанша айтсаңда да, ана тілі қашан да ана тілі болып қала береді.Шешіліп бір сөйлегің келген кезде бірде-бір франсуз сөзі басқа кірмейді. 
Толстой 
Туада үйренген ана тілі-ұмтылмайтын мәдениет. 
Д.Нацагдорж 
монгол 
Тіл-халық рухы. 
В.Гумбольдт 
неміс ойшылы 
Тілі зордың-елі зор. 
И.С.Тургенов 
Ойы нәрсіздің тілі нәрсіз. 
А.М.Горький. 
Ана тілі-мәдени өрлеудің аса зор тегершігі. 
Н.Я.Марр 
Тәрбие басы-тіл. 
М.Қашқари 
Ділмарлықтан гөрі тоқ етерін айтқан артық. 
Б.Грасиан.

Ел бастау қиын емес,- 
Қонатын жерден көл табылады. 
Қол бастау қиын емес, 
Шабатын жерден ел табылады. 
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.> 
Бұқар жырау 
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл мәртебесін толық жүзеге асыруға күш саламын. Бұл – менің әрі азаматтық, әрі перзенттік борышым, деді министр. 
Нұрсолтан Назарбаев 
Ана тiлi қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңiлдiң, лүпiлдеген жүректiң сығындысы. Онда дәм де, мән де болу керек. 
Сұлтанмахмұт Торайғыр 
«Тiл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтiндей өлген, жоғалған ұлт болады» 
Ғұмар Қараш 
«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен 
жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының 
ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, 
яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі» 
Алтынбек Сәрсенбайұлы 
«Тiлсiз ұлт, тiлiнен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшiн бiрiншi шарт – тiлi болу. Ұлттың тiлi кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетедi. Ұлтқа тiлiнен қымбат нәрсе болмасқа тиiстi». 
Мағжан Жұмабаев 
Тәуелсіздікке қолымыз жеткенмен 
Тіл тәуелсіздігіне қолымыз жетпей жүр. 
Қымбат дүнйе қолға түсе бермейді, 
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді 
Береке бірлік басы тіл болады 
Бузылған қаймақ сызықсыз бітпеиді 
Жанарбек Ақыбйұлы 
Асырып айтсаң да, рахмет Ақби! Дегенмен әр баланы отбасында тәрбиелеуден бастасақ, қазақ тілі жетімсіремейді деп ойлаймын! 
Тіл үшін күресуден жалықпаған, 
Тіл жайлы ой айтудан қалыспаған 
Әбіш пен Мұхтар сынды ағалардың 
Әр сөзін ұран етіп алып қалам! 
Аикерім 
«Тiлiмiздiң бүлiнбей сақталуын тiлесек, 
әуелi, өз ана тiлiмiзде оқытып, 
сонан соң басқа тiлді үйретуге 
тиiспiз» 
Ахмет Байтұрсынұлы 
«Мемлекеттiк тiл мемлекеттiк органдардың жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады» және «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады…», 
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» ҚР Заңының 8 және 9 баптарында 
«Мемлекеттiк тiлде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу туралы» 
Үкiметтiң өкiмi 
«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн» 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай 
«…Қазақ тілінің қоғамдық функциялары тарылып барады. 
Бұл процесті тоқтату керек,өйткені,қажеттгі барған сайын кеміп бара жатқан тілдің болашағы балаға да түсінікті. 
Тілді кемістіп,ығыстыру-сол ұлтты құрметтемеудің ең ренішті формасы. 
….Тегенде,тоқырау кезіндегі және оның алдындағы жылдардағы ойластырылмаған саясат қана емес,сонымен қатар қазақ тілінде сөйлейтін халықтың өзі де кінәлі. 
Сіздер мен біздер,жергілікті ұлтың өкілдері –орыс тілінде сөйлейтін халықтарды қазақ мәдениетіне және халықтың дәстүрлеріне тарта білмейміз және оған тырыса да бермейміз. 
Оның үстінде тілдің қоғамдық тұрғыдан қажет етілмеуі,оның тіпті қазақтардың өздері арасындағы беделінің кеміуіне әкеп соқты. 
Көптеген семъялар,әсіресе қалаларда ,іс жүзінде орыс тілін сөйлейтін болып алды.Ана тілін тіпті тұрмыстық қарым –қатынаста да қолданудан қалды.Сөйтіп,атасы өзінің туған немересімен ана тілінде сөйлесе алмайтын жағдай жиі кездесіп отыр……. 
Барлық цивилизацияларда және әрқашан да-тіл ұлттық мәдениеттің өзегі болып табылады,ұлттардың архитектурасы,бейнелеу өнері,музикасы,жалпы интерллектуалдық және рухани потенциалы тілге байланысты.Ұлт тілін қолдану аясын кеңейту-ұлттық мәдеиеттің иесі және оны жалғастырушылар болып табылатын оқырмандар,көрермендер және тыңдаушылар саны да көбейтіу деген сөз. 
Тіл пайдаланып жүрген кезде өшпек емес,қоғамдық қатынастарда толымды түрде және белсенне пайдаланылатын тілі болып тұрған кезде ұлт өмір сүре бермек».

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Н.Ә. Назарбай /19творчестволық және ғылыми интеллигенция өкілдермен кездесуіндегі сөзінен 1989/ 
* * * * * 
«Қазақстанның болашағы қазақ тiлiнде, тiлсiз ұлт болмайды. Өз тiлiмiздi сақтау, өз тiлiмiздi құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етедi әрi ата-баба алдындағы ұлы парызымыз !» 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай: 
* * * * * 
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай 
* * * * * 
«Ана тілі – ардағымызды жойылудың аузынан аман алып қалған сол өршіл рух емес пе?» 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай 
* * * * * 
Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай: 
* * * * * 
Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай: 
* * * * * 
Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай: 
* * * * * 
«Өз тілімізбен өмір сүрейік!»- бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!» 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбай 
* * * * * 
"Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымы, мә¬де¬ниеті мен тарихы, салт-дәстүрі ар¬қылы меңгеруге болады. Өзге тіл¬ді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымы кеңейіп, рухани байи түседі”, 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбай 
* * * * * 
«…жалтақтауды қоятын заман туды, қазақ тiлiнiң болашағы қазақтардың өздерiнiң қолдарында,» 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбай 
* * * * * 
«Мемлекеттiк тiлдi дамыту жөнiнде жұмыстар жүйелi жүргiзiлуде. Менiң бастамам бойынша «Мемлекеттiк тiлдi дамыту» Президенттiк қоры құрылып, қазiрдiң өзiнде бiрқатар жаңа жобаларды жүзеге асыра бастады. Мемлекеттiк тiлдi оқыту жөнiнде өңiрлiк орталықтар жұмыс жасап жатыр. 
Жаңа сөздiктер шығарылды және бiрқатар компьютерлiк бағдарламалар жасалынды»

Тәуелсiздiктiң 17 жылдығына байланысты сөйлеген сөзiнде 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбай: 
Сорласа жұрт рухсыздықтан сорлайды. 
Қырандардан биік қойсақ торғайды, 
Отанды кім торғайлардан қорғайды? 
Рухсыздың,қайырсыздың баюы, 
Бәлкім,ертең ұлтымызға зор қайғы. 
Мұхтар Шаханов 
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, 
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. 
Өзің білмесең, білгендерден үйрен, 
Үйренгеннен ештеңең кетпейді. 
Мұхтар Әуез 
Ана тілді тірек етіп күн кешем, 
Артық емес тілсіз өмір түн десем! 
Қазақпын деп кеуде соқпа, бауырым 
Қазақ тілді сүйіп, жетік білмесең! 
Керім 
Өр көкірек ұйғырда жүр орыста…. 
Өз жеріңде жалтақтап қазақ жасыма? 
Бәсекелес мына қыйлы заманда. 
Кеуде соғар ұлдарым әсте қажыма! 
Керек олар озбырларды жөнге сап, 
Отаршылдар ышқынсын ойбайлап. 
Кеуде соғар тентек болса ұлдарым, 
Жетесіздер жүрер еді жорғалап. 
Жанарбек. 
Жақсы пікір жан дүниеңді тыңайтады, 
Шолақ ой жаныңды жеп мұңайтады. 
Ақын көп екі сөздің басын құрар, 
Керімдей келтіріп нақышында кім айтады. 
Керім ойың керемет!!! Егер тағы бір коминизім пайда боп тағы бір кун көсемге табыну керек болса мен сендей қазақй Анаға табынар едім… қурбым рақымет. 
Елбасы ел басылық салауатымен, қазақ еліндегі кірмелерге сен қазақша сөйлесенші деп әркімге жалынып көшеде жүрмейді ғой, тіпті солай бола қалған кунің өзінде халықаралық баспа сөз қуралы тыныш жатпас қазақстанда адам қуқғы бұзылды деп жер әлемге жар салатыны ақиқат сондықтан ұлтық қундылықты мәнсаптылар емес төмендегі мәнсапсыздар шегелеп отырып тақауырау керек әр түрлі жолмен уздіксіз жүмыс жасау отырыс,митингілер әр қилы үндеулбер арқылы ана топастарды ояту керек!!! 
Менің байқағаным осындай белсендлер елдің санасына ой саламыз дейдіде көп жағдайда Елбасының өзімен алысып кетеді сосын белгілі,істің аяғы жіңішкеріп жатады.Әйтеу тыш тағы жүрмеиміз деседе бізде өте шебер ісұйлестірушілік жетіспей жатырма деп ойлаймын сіздер қалай ойлайсыздар!!! 
«Қазақ елiнде тұрып, қазақша бiлмеу ұят» 
Елена Кириллова 
Баяғыда Хан Қожанасырды шақырып алып 
- Саған мың ділдә берем , мына есекке он жылда тіл үйрет , – депті. 
- Айтқаныңызға құлдық – деп , Қожа бір қап ділдәні 
арқалап , есекті жетектеп келе жатса кемпірі алдынан 
шығып: 
- Ей , алжыған ! Қай заманнан көрдің есектің тіл үйренгенін- 
депті . Сонда Қожанасыр:- 
- Саспа , кемпір ! Он жылда не есек өлер , не мен өлем, не 
хан өліп бір жөні болар – депті жарықтық. 
*ов* пен *ев* 
Осыдан он жеті жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде менің фамилиям «Мұртаза» болып жазылды, *ев* алып тасталды. 
Дәл осы амалды Парламент мәжілісі енді қолға алып, заң қабылдап жатыр /Айқын: 8.10.2008/. Бұған да шүкір. 
Әлі де *ев*, пен *ов*, «ин», «ич» дегендер маңдайларына тушьпен жазылғандай өмірі кетпейтін таңбалар көп. Арада ұрпақ өтер. Келер ұрпақ тазаланар. 
Баяғыда еврей халқы перғауынның құлдығына түсіп, одан әулие Мұса пайғамбар құтқарып, құлдықта болғандар өмірден өтіп таусылғанша, еврейлерді қырық жыл бой шөлдің ішімен алып жүрген. 
Жаңа,жас ұрпақ дүниеге келгенде Мұса пайғамбар оларды Палестина жеріне қоныстандырып, Израиль мемлекетін құрған ғой. Бәріне төзім мен ақыл керек. 
Бізге де таза,құлдық көрмеген ұрпақ келер. 
Бір кем дүние… 
/Ш.Мұртаза/ 
Тарихың тұр санаңа өткел тастап 
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, 
Бүкіл баба рухымен 
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер. 
Тағдырыңнан ата-мұра шамын солай өшірер… 
Өз тіліңді жерсінбеудің, 
Өз анаңды менсінбеудің 
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? 
Ол – рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық! 
Аз қайғы ма, талабыңды түсінігің алдаса?.. 
Мейлі он тіл, тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса 
Өз ұлтыңның тілі мен рухы 
Ой санаңа іргетас боп қалмаса! 
М.Шахан 
«Тіріні көрге салатын да – сөз, 
Өліні тірілтіп алатын да – сөз.» 
Низами 
"Ана тілім жойылар болса, мен бүгін өлуге даярмын” Р.Гамзатов 
Тілім менің түзелер, 
Билік басы қолдаса. 
Елім алда күйзелер, 
Ана тілім болмаса. 
Қыдырқожа Султанкерей 
Ұрпақтың жаңаруы мемлекеттің болашағының беріктігін,қазақ ултының гүлденуін айқындайды. Қазіргі жасбуынға осыны жетік түсінулері керек. Жас буынға тарихи құндылықтар мен рухани қасиеттерге ұмтылта, өздерін өмір сүріп отырған заманға лайықтай білсе, көңілдегі көксеген арманға қол жеткізу тіпті де қиын болмасы белгілі. 
Халқымыздың сан жағынан көбейіп, сапа жағынан тұрақтауы — міне, осы ақиқатқа тәуелді болмақ.Сондықтан жас буындарды ултық қундылыққа тартып осы жағыннан басты назарда устап,бағдарламалар жасай білмесек ғылым техника дамыған мына ғасырда жәй бірақатықпен жалтақтаудың кесірінен біз уақыттан оңбай утылып қаламыз.Сондықтан түйсікке сеніп баяндама қойып жүрген басшылардың сөзіне тоқмейіл танытпай әліде тақырыпты аша түсер жан жақты зерттей анықтай түсп әрі насиқаттай біліуіміз қажет. 
________________________________________ 
өз иті әлсіз ауылға өзгенің иті үреді. 
ана тілін білмеген итшілеп өмір сүреді. 
Жанарбек Ақыбйұлы 
Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады. 
Георг Гегель 
… ТАРИХЫҢ ТҰР САНАҢА ӨТКЕЛ ТАСТАП, 
ӨЗ ТІЛІҢДЕ ОЙЛАУ,СӨЙЛЕУ ТОҚТАЛҒАН СӘТТЕН БАСТАП 
БҮКІЛ БАБА РУХЫМЕН БАЙЛАНЫСЫҢ КЕСІЛЕР. 
ТАҒДЫРЫҢНАН АТАМҰРА ШАМЫН СОЛАЙ ӨШІРЕР. 
ӨЗ ТІЛІҢДІ ЖЕРСІНБЕУДІҢ, 
ӨЗ АНАҢДЫ МЕНСІНБЕУДІҢ 
АРСЫЗДЫҒЫ ҚАЙ ДӘУІРДЕ БОЛЫП ЕДІ ТАПҚЫРЛЫҚ? 
ОЛ-РУХИ МҮГЕДЕКТІК,ӘРІ ҰЛТТЫҚ САТҚЫНДЫҚ! 
АЗ ҚАЙҒЫ МА,ТАЛАБЫҢДЫ ТҮСІНІГІҢ АЛДАСА?.. 
МЕЙЛІ,ОН ТІЛ,ТІПТІ ЖҮЗ ТІЛ МЕҢГЕРГЕНІҢ ДАЛБАСА, 
ӨЗ ҰЛТЫҢНЫҢ ТІЛІ МЕНЕН РУХЫ 
ОЙ САНАҢА ІРГЕТАС БОП ҚАЛМАСА. 
/М.ШАХАНОВ/ 
.Ана тілден жүректер от алуда, 
Мұрасы өшіп,батпасын Ата мұңға. 
Тілін сатқан сатқындық,опасыздық, 
Сатар оңай халқын да,Отанын да! 
Ана тілмен игеріп қаншама өнер, 
Сол тілменен рухым шапақ төгер. 
Ұлт тілімді құрметте ең алдымен, 
Мені Ел деп елейтін болсаң егер! 
Кәкей Жаңжұңұлы 
ана тілі… жүректің терең сырларын, басынан кешкен дауірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына. 
Жүсіпбек Аймауытов 
"Бәйгеден қосқан сайын келсе-дағы 
Тұлпарда арықтаса сән бола ма" 
Қазақ деген ултың керемет өз ана тілі бар.Қазақ тілінің кереметтігі сондай шешендері қас қағымда кез келген сурағыңа өлеңмен жауап береді. Қазақ тілі айтқысы келген ойын тура мағанасында айтумен бірге алысты ерте болжап астарлап айтады , немесе басыңды қатырып зерек болсаң тауып ал деп жумбақтап айтады ,әйтпесе түспалдап айтады , 
«Әзілің жарасса атаңмен ойна» демейме қалжыңдап айтады,сөз қәдірін білмегендерге урсып айтады,улт қундылығын таптап жұрген жетесіздерге «таяқ еттен сөз суйектен өтеді» зекіп айтады, 
Қазақй болмысын жоғалтқан азғындарға жеті атасын араластырып боқтап айтады. 
«Жақсының реніші жібек орамал кепкенше жаманың өкпесі қара басың жерге жетенше» демейме өкпелеп айтады. Рақаттанып кулші жасың узарады дейді ғой кулдіріп айтады,жәбір көргендерді жубатып болысып айтады осыдан артық сөйлесудің қандай түрі бар тағы кім қалай айтады Қазақ тілі қалай иілсең солай йкемге келер өте қоры бай өрісі кең тіл. Өлеңмен тудым өлеңмен өлемін демекші қазақ тілінің өрісі жетпеген мәселе барма? 
Тіл қайтіп пайда болады? Тіл белгілі бір улттың узақ жылдары қалыптастырған сөйлеу мәдениеті Уйтсе Қазақ тар кім узақ жыл басқыншы қаншер жауыз ултардың отаршылдық сайқал саясатының 3 ғасыр қурбаны боп келген қазақ ултының улдары мен қыздары тағдыр тәлкегімен әр тарапқа әр қыйырда келіп жыйылып тілдескенде еш қыйналмастан өз Ана тілдерінде Қазақ тілінде бір бірінің тілін ойын Қазақ тілінде түсіне білген керемет оқыйғаны өз көзімізбен көріп жүрген біз Қазақ тілінің керем ет шыдамдылылығын қудыретін сезініп марқайдық Қазақ тіліне жол ашылды барлық көрген қорлық қайғы қасырет мутылды. Қазақ елінде Қазақ жерінде Қазақ мемелекетінде Қазақ тілі жулдыздай жарқырап жайнайды деп есептедік… солай болуға тиіс еді…

"Бәйгеден қосқан сайын келсе-дағы 
Тұлпарда арықтаса сән бола ма" 
Жанарбке Ақыбиұлы 
"Көбіне қызбаланып пікірталастыруыңның себебебі – қарсыластың нені дәлелдегісі келгенін түсіне алмай әлек болуыңнан” 
Л.Н.Толстой 
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы, 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп тегіс, жұмыр келсін айналасы. 
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 
Ол ақынның білімсіз бейшарасы. 
Өлеңге әркімнің ақ бар таласы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы. 
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, 
Қазақтың келістірер қай баласы.

Абай Құнанбайұлы 
"Орыс тiлiне "мемлекеттiк тiл” мәртебесiн бермеймiз. Себебi, бiз қазақ тiлiн дамытуымыз керек. Бүгiнде Қазақстан халқының 100 пайызға жуығы орыс тiлiн меңгердi. Ал қазақ тiлiн әлi үйрене қоймады. Сонда бiздiң мемлекеттiк тiлiмiз қайда қалады?” 
/2008/ "Эхо Москвы” радиостанциясына сұхбат берген сөзінен. 
К. Мәсiмов 
Тіл жайлы үкімет басшысының ой сезімі қалай,нұсқау кеңестері бар ма екен? 
Үкіметің тіл жайлы жоспары қалай сүрақтарына жауап іздеп ақпаратық шолу жасадым содан тапқан матерйаламды сіздермен бөліскім келіп дана,түйінді сөздер қатарына қосып қойдым үйткені үкімет басшысы көп жайды өз тәжірибесінен білетін сияқты әрі көпке өзі бастап үлгі боларлықтар сезілді,Байқағаным улкен кісі жалпы қазаққа сергіп серпілумен бірге әлде нені меңзейтін секілді!!! . 
* * * * * 
«Үкімет мемлекеттік тілді дамыту үшін барынша жағдай жасайды. Алайда, тек үкіметтік шаралармен шектелмеу керек. Бұл – халықтық іс. Мемлекеттік тілді дамыту өз елін, ұлтын, Отанын сүйетін әр азаматтың парызы болуы тиіс» 
Үкімет басшысы. К. Мәсімов 
* * * * * 
Ешқандай заң, бұйрық, қаулы арқылы тілдің мәселесі шешілмейді,тілді үйрену үшін жүректен әмір болуы керек. «Мен мұны өз іс-тәжірибемнен білемін» 
Үкімет басшысы. К. Мәсімов. 
* * * * * 
Театрлардың репертуарлары тіл үшін қызмет мардымсыз. 
«Жаңа шығармалар, қазіргі заманға, тәуелсіздігімізге қатысты туындылар жоқ. 
Министрлік бұл мәселемен де жақсылап айналысуы керек» 
Үкімет басшысы,К. Мәсімов. 
* * * * * 

Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: nauriz (11.03.2014)
Просмотров: 897 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!