Главная » Статьи » Қазақ тілі және тіл білімі

Жеке бас құжаттары
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары

Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. 
Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады 
1. өмірбаян 
2. түйіндеме 
3. жеке іс парағы 
4. визит карточкасы 
5. өтініш 
6. арыз 
7. мінездеме 
8. кепілдеме 
9. кеден мағлұмдамасы 
10. жеделхат 

1. Өмірбаян. 
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. 
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады. 
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады. 
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз», 
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді. 
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.

Өмірбаянның мазмұндық-құрылымдық жүйесі: 
1. Құжаттың аты (өмірбаян) 
2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы, күні, туған жері 
3. Ұлты 
4. Білімі, оқыған оқу орындары 
5. Қоғамдық-саяси қызметі 
6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет 
7. Қазіргі жұмысы, мекен-жайы 
Өмірбаянның мазмұны автордың өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.

Өмірбаян үлгілері. 
Өмірбаян 
Мен, Мақсат Ахметұлы Нүсіпбеков, 1983 жылы, 14 қаңтарда Алматы обылысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында тудым. Менің ұлтым - қазақ. Алматы каласы, Бостандық ауданындағы №81 орта мектебін 2000 жылы бітірдім. 
2004 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің 1 курсына оқуға түстім. 
Ата-анам бар: әкем - Ахмет Абимолдаұлы Нүсіпбеков циркте жұмыс істейді. Анам - Салтанат Әріпжанқызы Алпысбекова, ауруханада жұмыс істейді. Мен үйленбегенмін. 
Қазір осы жоғары оқу орнының 2-курсында оқып жүрмін. Мақсатым - жоғары білім алып, маман болып шығу. 
Мекен жайым: Алматы қаласы, "Орбита-3" ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел. 29-48-56. 

Өмірбаян 
Мен, Серік Жүмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым. 
1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі қоғамдық жүмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым. 
Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілінен сабақ береді. 
2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалық университетіне мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін окуға түстім. 
Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді маман болып шығу. 
Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.

Өмірбаян 
Мен, Куаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семей облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым - қазақ. 1970-1980 жылдар аралығында «Баршатас» орта мектебінде оқыдым. 
1980 жылы 1 қырқүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын. 
Ата-анам бар: Әкем - Өмірбек Қасенов -Ұлы Отан соғысының ардагері; қүрметті зейнеткер, анам - Хадиша Қасымова - ұзақ жылдар бойы Баршатас орта мектебінде мүғалім болып істеді, қазір зейнеткер. Отбасым бар: жұбайым - Жазира Дүйсенқызы, жоғары білімді маман, дәрігер. 
Үш балам бар, олар мектепте оқиды. 
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. 
Қосымша мәліметтер: казақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс істеймін. 
Мекен- жайым: Алматы қаласы, "Қазақфильм" ықшамауданы, 47-үй, 18-пәтер.

Негізгі сөздік 
өмірбаян - автобиография 
ұлт - национальность 
білім - образование 
жоғары білім - высшее образование 
орта білім - среднее образование 
ата-ана - родители 
мұғалім - учитель 
үйленгенмін - женат 
отбасы - семья 
жұбай -супруг (супруга) 
үйленбегенмін - не женат 
ажырасқанмын - разведен 
әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе 
әскери қызмет - воинская служба 
қосымша мәліметтер - дополнительные сведения 
мекен-жай - адрес 
туу - родиться 
оқу - учиться 
қызмет - должностъ 
қызметкер - служащий 
маман - специалист 
мамандық - специальность 
бөлім - отдел 
беттеу - верстка 
бірлестік - объединение 
әкімшілік - администрация 
тіркелім - прописка 
тұрғылықты жер - место жительства 
оқу орны - учебное заведение 
арнайы орта - средне-специальный 
акционерлік - акционерный 
коммерциялық - коммерческий 
ұйымдастыру ісінің техникасы - организационная техника 
дүниеге келу, туу - родиться 
түсу - поступать 
бітіру - закончить 
бару - посещать, пойти, ходить 
үйлену - жениться 
тұрмысқа шығу - выходить замуж 
жұмыс істеу - работать 
ауысу - перейти 
міндетті - обязан

Грамматикалық минимум 
Жіктеу есімдігі мен 
Жалқы есімдер Жер-су атаулары оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен мекемелердің атаулары 
Сан есімдер (реттік сан есім) Етістіктің өткен шағы -ды, -ді 
- ты, -ті 
- қан, -кен 
- ған, -ген 
Үстеу (қазір) 
Модуль сөздер (бар, жоқ)

2. Түйіндеме (Резюме) 
Резюме француз тілінен алынған термин. "Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді. 
Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. 
Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. 
Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі: 
- аты-жөні; 
- туған жылы, күні, айы, туған жері; 
- ұлты; 
- жынысы; 
- мекен-жайы, телефоны; 
- отбасы жағдайы; 
- азаматтығы; 
- білімі; 
- бітірген оқу орындары; 
- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; 
- тілдік дағдылары; 
- компьютерлік сауаттылығы; 
- жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) 
- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)

Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз! 
1. Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын. 
Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? 
Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б. 
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз. 
Қызмет бабымен, саяхатшы ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі. 
Жеңіл машина немесе көліктердің басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды. 
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады. 
2. Түйіндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс. 
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды. 
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды". 
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.

Түйіндеме үлгілері 
Т Ү Й І Н Д Е М Е 
Аты-жөні: Сұлтанова Назира Айханқызы 
Туған жылы, күні, жері: 1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым. 
Мекен-жайым: Алматы қаласы, N. Тілендиев көшесі, 21, 3. 
Үй телефоны: 41-00-43 
Мамандығым: заңгер, тарихшы. 
Сала: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері. 
Білімі мен қызмет жолы туралы мәлімет: 
Қазақ мемлекеттік зац университетініц аспиранты 1997-2000 жж. 
Ілияс Жансугіров атындагы университеті тарих факулътетініц оқытушысы /995-1997 жж. 
Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті тарих және қуқық факультетініқ студенті — 1991-1995 жж. 
Негізгі мәліметтер. Казақстан тарихы, қуқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын жүргіздім. "Әлихан Бөкейхаповтың саяси, қуқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоғары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қоғамдық жумыстарға белсене араласамын. 
Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен қолданушы ретінде жұмыс істей аламын. Туристік сапармен Туркия, Қытай, Корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын. 
Әуестіктері Театрға, спорт жарыстарына барганды, кітап оқығанды ұнатамын. 
Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр. 
4 наурыз 2000 жыл (қолы) Сұлтанова Н.А.

Категория: Қазақ тілі және тіл білімі | Добавил: nauriz (12.03.2014)
Просмотров: 1096 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!