Главная » Статьи » География

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі
Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 мамырда орнатылды.

Қазақстанның Мароккомен өзара қатынастарына қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді.

2006 ж. қарашада Марокконың Ресей Федерациясындағы Елшісі Нуреддин Сефиани Марокконың Қазақстандағы Елшісі міндетін қоса атқарушы ретінде Сенім грамотасын тапсырды.

Екі ел арасындағы алғашқы саяси қарым-қатынастар 1992 ж. 26-28 мамырда Корольдіктің Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдель Латиф Мулин бастаған Марокко СІМ делегациясының Қазақстанға жасаған сапарынан басталды.

Өткен жылдар ішінде ҚР Вице-Президенті Е.Асанбаев бастаған делегация Касабланка қаласында өткен Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының 7-ші саммитіне (1994 ж. желтоқсан), ал ҚР Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Мараккеш қаласында өткен «Ауа райының өзгеру проблемалары» атты 7-ші халықаралық конференцияға (2001 ж. қазан) қатысты. ҚР Индустрия және сауда Вице-Министрі А.Баталов бастаған делегация 2007 ж. шілдеде Мароккода іссапармен болды.

2006 ж. тамызда Марокко Королінің арнайы өкілі - Ауыл шаруашылығы, ауылды дамыту және балық шаруашылығы министрі Муханнада Лаэнсердің, сондай-ақ 2007 ж. маусымда Марокко Корольдігінің Энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі М.Буталебтің Қазақстанға сапарлары ұйымдастырылды.

Сапарлар барысында әртүрлі салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы сауда айналымын жандандыру, өзара инвестиция тарту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, шарт-құқықтық базаны дамыту, сондай-ақ Қазақстан бидайын Мароккоға тасымалдау мүмкіндіктері қарастырылды.

Екі ел арасындағы тауар айналымы 2008 ж. аралығындағы екіжақты сауда айналым мөлшері 59 млн. 708,5 мың. АҚШ долл. құрады (негізінен экспорт).

2009 ж. қаңтар мен мамыр аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 1 млн. 500 мың. АҚШ долл. жетті.

Жалпы, қазақстан-марокко қарым-қатынастарын талдайтын болсақ, елдер арасындағы қарқынды байланыстардың болмағандығына қарамастан, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуға екі жақтың тең қызығушылығы мен оған қажетті әлеуетінің бар екендігіне көз жеткізуге болады.

Категория: География | Добавил: nauriz (03.03.2014)
Просмотров: 332 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!