Главная » Статьи » География

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы қатынастар


Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды.

2006 тамыз айынан бастап Оман Сұлтандығының Елшілігі Астанада жұмыс атқаруда. Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Ахмед бен Наср бен Хамад әл-Махризи.

Екі жақты қатынастар тарихында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Оманға алғашқы ресми сапары маңызды саты болып табылады (қыркүйек 1997 жыл). Сапар барысында ҚР мен ОС арасында Өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы Хаттамаға қол қойылды.

2008 жылғы 15-18 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Сұлтан Қабус бен Саидтің шақыруымен Оманға ресми сапары болды.

Жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың көкжиектері, соның ішінде Оманның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезінің жұмыстарына және Қазақстанның басқа да халықаралық бастамаларын ілгерілетуге қатысу, қазақстан-оман үкіметаралық комиссиясын және екі елдің Іскерлік кеңесін құру, сондай-ақ омандық инвестицияларды мұнай-газ салалары мен еліміздегі басқа да инвестициялық жобаларға тарту мәселелері талқыланды.

Оман тарапынан Қазақстанға сапармен Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Юсуф бен Алауи (2004 жыл қыркүйек), Мұнай және газ министрі М.әл-Румхи мен Сауда және өнеркәсіп министрі М. Султан (2004 жыл қазан, 2005 жыл желтоқсан) келді.

ҚР Үкіметі мен ОС Үкіметі арасында «Жемчужина» құрылымындағы өнімді бөлісу туралы келісімге қол қойылды (2005 жылғы желтоқсан).

1998 жылы Оман Қазақстанға қайтарымсыз көмек ретінде Астана қаласындағы "Салтанат Сарайын” салу үшін 10 млн. АҚШ долл. бөлді.

2001 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаев Сұлтан Кабус бен Сайдті жоғары мемлекеттік 1 дәрежелі «Достық» Орденімен марапаттады.

Қазақстан мен Оман арасындағы тауар айналымы 2007 жылы 14 млрд. 896 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 1 млрд. 912 млн. 200 мың АҚШ доллары болса, импорт 12 млрд. 985 млн. 800 мың АҚШ долларына жеткен.

Ал 2008 жылғы қаңтар-май айлары арасындағы тауар айналымы 21 млн. 300 мың АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт – 15 млн. 400 мың долл., ал импорт болса 5 млн. 900 тыс. АҚШ долларына жетті.

Қазақстан-оман қатынастарының шарт-құқықтық негізін 9 құжат құрайды.

Категория: География | Добавил: nauriz (03.03.2014)
Просмотров: 481 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!