Главная » Статьи » География |
БҚО мал шаруашылығының жағдайы Барлық санаттағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ірі қара мал басының саны-498 мың басты құрады, соның ішінде сиыр-165 мың бас, қой мен ешкі-1029,3 мың бас, жылқы-70,1 мың бас (107,5%), шошқа 30,4 мың бас және құс-1023,1 мың бас. 2009 жылдың қаңтар-шілде айларында мал мен құстың сойыс салмағы 36,8 мың тонна, яғни 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,9 %-ға өскенін көрсетті. Төл алу былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5% өсіп, 153 мың басты құрады, соның ішінде бұзау мен қозылар 3%-ға өсіп, 436,6 мың басты көрсетсе, құлын 5,2 % , торайлар 3,5 %-ды құрады. Облыстың асыл тұқымды мал шаруашылығының негізін 24 шаруашылық нысандары құрайды, олардың 6-ы асыл тұқымды мал зауыты, 18-і асыл тұқымды мал шаруашылығы болып келеді. 13 шаруашылық мүйізді ірі қара малын өсірумен (9683), 5 шаруашылық қой өсірумен (52540), 5шаруашылық жылқы өсірумен (1907) және бір шаруашылық түйе өсіумен (266 бас) айналысады. Осы жылы тағы 5 шаруашылық ашу көзделіп отыр. Оның 3-уі көшім тұқымды жылқы өсіретін болса, 2-уі сүтті бағыттағы сиыр малын өсірумен шұғылданатын болады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 2009 жылы 083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы есебінен асыл тұқымды төл сатуға 60965 мың теңге қаржы қарастырылатын болады. Қазіргі таңда осы қаражаттан мүйізді ірі қарадан 400 басқа 21605 мың теңге игерілді, қой-248 бас (2325 мың теңге), жылқы-44 бас (1881 мың теңге) және бұқалардың ұрықтарын сатуға 374 мың теңге игерілді. Бөлінген қаржыдан игерілгені 26185 мың теңге, яғни 43%-ды құрайды. 2009 жылы 010 015 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша жоғары сапалы аналық мал басын ұстау шығынын азайту мақсатында облыстық бюджеттен 36000 мың теңге қаржы бөлінді. Қаржыны игеру осы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Облыста қолдан ұрықтандыратын 194 пункт жұмыс істейді. 2009 жылдың 1 тамызында 28966 сиыр мен қашар қолдан ұрықтандырылды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға жоғары. 010 015 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша сиыр мен қашарларды қолдан ұрықтандырушы қызмет шығынын өтеу мақсатында 27000 мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда осы қаржының 90%-ы игеріліп отыр. Облыста 174 ірі және орташа шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Осы шаруашылықтарда 46,4 мың бас ірі қара немесе жалпы мал басының 9,3%-ы қой-157 мың бас (15,2%) және жылқы-19,1 мың бас (27,2%) ұсталады. 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қараларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасы бойынша облыстағы сиыр, шошқа, қой еттерін өндіруді көбейтуге және сүтті тауар өндірушілерге республикалық бюджеттен 312566 мың теңге көлемінде субсидия бөлінді. Ол қаржы сиыр етін өндіретін мамандандырылған-53 шаруашылық, шошқа етін өндіретін-6 шаруашылық, сүт өндіретін-3 шаруашылық, жұмыртқа өндіретін-3 шаруашылық және жүн өндіретін-1 шаруашылыққа бөлінетін болды. Сонымен қатар қосымша 110 тонна ет өндіру көзделіп отыр. 2009 жылдың 7 айында облыстық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 1118 тонна сиыр ет өндіріп, 98252 мың теңге, шошқа еті 228 тонна, 22247 мың теңге, сүт 823 тонна, 9056 мың теңге, жұмыртқа 17012 мың дана, 44231 теңге және жүн 17,4 тонна, 2819 мың теңге көмек қаржы алды. Мал азығын дайындау кезінде жұмсалатын жанар жағар майды арзандатуға 010 015 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 55600 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы осы жылдың қазан-қараша айында игерілетін болады. 1.08.2009 жылы 161317 бас ірі қараға (66%), 274668 бас қойға (50%), 11975 бас жылқыға (30%) бірдейлендіру жасалынды. Зеленов ауданының Янайкин ауылдық округінде сиыр етін өндіруді көбейту мақсатында 8640 бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысы жүріп жатыр. 2009 жылдың екінші жартысында 104 жұмыс орнын беру көзделіп отыр. Көшім ауылдық округінде «Бисекеш» ЖК тәулігіне 3 тонна ешкі сүтін өндіретін, 20 жұмыс орыны бар шағын зауыттың жұмысын бастады. «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 500 бас сиырға арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысын аяқтады. Сонымен қатар «Есет» ШҚ базасында қымыз өндіретін цехтің құрылысы аяқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында «Ветеринария мәселесі туралы» кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және мал шаруашылығында жүргізілетін ірі көлемді селекциялық бағдарламаны түсіндіру жөніндегі аймақтық өтті. Мал шаруашылығы бөлімінің мамандары облыстағы мал шаруашылығының болашағы және істеген жұмыстары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімет беріп отырады. мың бас Көрсеткіштер 2008 ж көрсеткіштер 2009 жылға болжам Соның ішінде АШТӨ және шаруа қожалықтары Үй шаруашылығы А/ш мал басының саны, с.і Ірі қара 438,5 444,3 89,5 355,0 с.і сиыр 167,4 170,0 30,6 139,4 Қой 769,6 780,0 234,0 546,0 Жылқы 61,1 62,1 26,1 36,0 Шошқа 26,1 27,1 9,3 17,8 Түйе 3,4 3,5 1,7 1,8 Құс 897,1 908,4 345,2 563,2 Мал шаруашылығы өнімі өндірісі Ет (сойыс салмағы), мың тонна 36,7 38,3 7,7 30,6 Сүт, мың тонна 231,2 239,2 35,9 203,3 Жұмыртқа, млн. дана 106,20 113,0 62,2 50,8 Жүн, тонна 1651,5 1685,6 489,6 1196,0 Мал шаруашылығы өнімін өндіру өсуде Рубиком» ЖШС мал шаруашылығы кешені - шошқаның 12 мыңға жуық санымен Павлодар облысы аймағында ірілердің бірі. Өндіріс орындары Павлодарское ауылы аймағында орналасқан. Кешен Еуропа өндірушілерінің үздік құрал-жабдығымен жабдықталған. | |
Просмотров: 758 | |
Всего комментариев: 0 | |