Главная » Статьи » Тарихи тұлғалар |
ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты. Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жаб¬дығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған Есенғали Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Бұл сөзімізге дәлелді оның әр жырынан, әр шумағынан, әр тіркесінен келтіре аламыз. Ақынның тереңнен тамырланған қаламгерлік тұлғасын "Пе¬ріштелер мен құстар” жыр кітабы ай¬ғақтай түседі. Батырша күліп түрегеп, Өлеңге ең әуелі керегі – мінез. Міне, сол мінез. Қайсарлық пен нәзіктік қатар сіңген жан болмысы осындай тегеурінді де салмақты сөздермен жыр болып өріледі. "Ел қырылған деседі мына дөңде, ХХ ғасыр басындағы алмағайып заманда халық басынан кешкен ауыр қайғы, сұмдық зобалаңды бұдан артық қалай бейнелеуге болады! Поэзия баян¬даудан, әңгімелеуден іргесін аулақ са¬лып, көрікті де астарлы сөзбен бей¬нелеуге бой ұрғанда ғана түйсікке әсер етіп, жүректі қозғайтыны хақ. Ақынның ақындық тегеуріні мен дарын қуаты екшеп шығарған өлең жолдары заман шындығын айна-қатесіз көз алдымызға әкелген. Қазаққа қоныс болған маң даланың көрмеген құқайы жоқ. Енді бірде ақын сол оқиғаларды болған қал¬пында жырына арқау етеді. Сөйте оты¬рып замананың салған лаңын жайып салады. "Қазақ ауылы” сюжетті өлеңінде тарихи кезеңнің нағыз шындығы бейне¬ленген. Өлеңнің "Сәскеде” атты бөлімін¬де қазақ ауылына шапқан ақ әскердің іс-әрекеті соншалық әпербақан оспадарлы¬ғымен көрінеді. Селеудің кімді күтіп сарғайды өңі, Атының басын ауылға бұрған ата¬ман¬ның әскері салған лаң ауылды осылай азан-қазан етіп шулатады. Кеп¬кен шал¬дың кескен теректей құлауы, сауға сұра¬ған би ағаның бишік жеуі, бәйбішенің таяқ¬қа жығылуы, "қамысты сүйрігінен айырғандай” тағы бір үннің шығып жатуы – ақынның тілінде шы¬найылықпен өлең болып өрілген сурет. Басына қазан киіп, жау кеткен соң бой көрсеткен қорқақтың тірлігі де оқиғаны шынайыландыра түскен. Бармысың, тірімісің, жарығым-ай, Қазақ ауылы текке сескенбеген екен. Ақтардың салған ойранынан соң ауылға ат басын қызылдар бұрған. "Кешке” деп аталатын өлеңнің екінші бөлімінде сол қызыл әскердің қылығы көрсетіледі: Селеудің кімді күтіп сарғайды өңі, Тұтастай бір шумақты қайталай отырып, ақын ақтар салған ойранның тағы қайталанатынын аңғартады. Тек үшінші жолдағы сәл өзгеріс ендігі келген әскердің аңысын аңдап, сыпайы болып, шын содырлықтарын ішке бүге келген алдамшы қалпын көрсетеді: Жүрісі "жау емеспіз” дегенді айтып, Қонақжай қазақ ауылы бейбіт қалып¬пен келгендерді ақ дастарханын жайып қарсы алады. Бірақ, ақ ниетпен жайылған дастархан, қонақжайлық ізетті қызыл командир басқаша қабылдап, құм ішінде отырған қазақ ауылына күдікпен қарайды. Ақыры, өзін қонақ етіп отырған ауылды ойрандауға бұйрық береді. Қызылдардың сұмдығы ақтардың әрекетінен де асып түседі. Ақын бұл оқиғаларды тілге тиек ете отырып, замананың бет пердесін сыпырып, шынайы бет-бейнесін танытады. Өзіміз сезген, сезінген, бірақ, айта алмай пұшай¬ман болған саясаттың сұмдық астары осы бір оқиға арқылы ашылады. Менің ата мекенім – менің жаным, Халық тағдырына бей-жай қарай алмау – мазасыз жанды ақынның бір ерекшелігі. Тарихқа назар сала отырып, оны қуатты, терең мағыналы өлеңге айналдыру, көр¬кемдік сапасы биік поэтикалық туындыны дүниеге әкелу ақыннан аз нәрсені талап етпесе керек. Шынайы шеберлік сезімтал-дық пен аңғарымпаздық, сыршыл сурет¬кер¬лік, биік талғам мен бай тілдік қор тұтасып, үйлесім тапқанда ғана танылады. Осы талап тұрғысынан келгенде Е.Рауша¬новтың әрбір өлеңін шеберліктің хас үлгісі деуге болады. Жұбатар ем, хал-жайын сұрар едім, деп мұңаяды. Жапырақтың жүрекке құлауы — тосын да ғажап сәтті бейнелеу. Ақын лирикасында жапырақ қорғансыз да нәзік, сезімтал да мұңлы жан дүние бейнесі іспетті. Бір өлеңінде "Жапыраққа айналып кетсем мен деп // Жасырындым күн ауа топ шеңгел кеп” десе, тағы бір өлеңінде: "Сен қалтырамашы, жалғыз жапырақ // Менің жанымды ауыртып”, "Сен қалтыра¬машы, жалғыз жапырақ //...Менің де жалғыз қарындасым бар” дейді. Іңір суре¬тін сөзбен салған, жазбен, күзбен, жұмбақ сырлы түнмен, желмен сырласындай тіл табысып, олардың әрқайсысын персонаж (бейне) дәрежесіне дейін көтерген ақын үшін уақыттың әрбір мезеті мен мезгілі, әрбір құбылысы терең сырға, үлкен мәнге ие. Табиғатты назарға ала отырып, ақын тың сипатты, поэтикалық қуаты аса жоғары кейіптеулердің тамаша үлгісін жасайды. Мысал керек пе? "Түннің көз жасы”, "Қаңтардың келуі”, "Сүйдім мен Іңір деген пері қызын”, "Еркем Тамыз”, "Ерте кетіп барасың, сары күз”, "Жаз не деп еді”, т.б. өлеңдерін оқып қараңыз. Желді, түнді, т.б. табиғат құбылыстарын бейне дәрежесіне дейін көтере отырып, адам жанының сырын шебер де шешен тілмен аңдату – Есенғалидың негізгі ұстанымы. Табиғат атты ұлы ұғым адам өмірінен бір сәтке де тыс қалмақ емес. Ақын адамды табиғат әлеміне сіңіре бейнелегенде осы фәлсаф¬аны әсте естен шығармайды. Желдің сыршыл да мұңлы қалпы (Бақты аралап баяу ғана жүреді // Жел бүгінде суып біткен бәрі¬нен), "қара шашты”, "меңсіз қара ат мінген” түннің таяныш, сүйеніш іздеп, шерге бөккен жан түріндегі бейнесі (Өксиді үнсіз кеудеме басын сүйеп // жұбатуға жаралғам мен о бастан) жан жү¬йе¬ні қозғап, терең ойға қалдырады. ...Қарайды маңдайшадан дала жаққа Осы жолдардың өзі көп нәрсені аңғар¬тады. Алдына келген Салықтың мақсаты мен тілегін білген соң генерал-губернатор оның ісін құптағандай жауап берсе, іштей: "Да-а, сөз жоқ, батыл ұлан, батыл ұлан, деп, сөзіне мүлде қарама-қайшы ой ойлайды. Поэмадағы табиғат суреті, адам ойы мен сезімі, орданың сән-салтанаты, кейіпкерлер характері ақындық зор қуатпен құйылып түскен, астары қалың бояу, ара¬сына сына кірмес тіркестер, жігі білінбес ұйқастармен жырланған. Ордаға қонаққа келген генерал-губернатордың көздеген мақсаты мен мұраты шағын ғана эпизод – бір-екі шумаққа сыйып кеткен: Шылымның түтінінен оймақ жасап, Гүлдің бойына сіңген шылым түтіні үстем елдің далалық азат халықты қалай бұғаулайтынының тұспалы. Мұндай ұтым¬ды да тапқыр тұспалдар күллі поэманың құндылығын арттырған. Жылы сөйлеп, жымия күлген генерал-губернатордың сұм¬ды¬ғы мен аярлығы, екі жүзділігі Салыққа өз қолымен у беріп, оның өліміне аһ ұра қайғырғандай кейіп көрсету әрекетімен барынша ашылған. Шыжыған күннен қорынбақ болып, Не деген сурет, не деген сөз саздылығы! Әр жолы әндетіп тұрған жоқ па?! | |
Просмотров: 1444 | |
Всего комментариев: 0 | |