Главная » Статьи » Ғылыми жұмыстар

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, методологиялық принциптері мен әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректер мен әдебиетке сипаттама беріледі. 
Диссертацияның «Қазақстан қоғамын жаңғырту (модернизациялау) кезеңіндегі көші-қон (1926-1939 жж.)» деп аталатын бірінші тараудың «Көші-қон процестерінің тарихнамасы» тараушасында тарихи демография саласы бойынша зерттеу нысаны етіп алынып отырған көші–қонның анықтамасы мен тарихнамалық еңбектерге талдау жасалды. 
Ресейлік зерттеуші Т.А. Володинаның ғылыми еңбегінде тарихнамалық зерттеудің әдістемесіне қызығушылық 1960-жж. туа бастағандығы айтылады. Тарихнамалық зерттеу мәселесіне және оның ғылымдағы алатын орнын анықтау барысында қызу талқылауға М.В. Нечкина, А.В. Черепин, А.М. Сахаров, С.О. Шмидт, А.Л. Шапиро, С.Л. Пештич, Е.Н. Городецкий және тағы басқа ғалымдар қатынасқан. Осындай талқылаудан кейін ғалымдар тарихнама тарих ғылымы болып табылады және мазмұны жағынан ғылым дамуының мынандай қырларын қамтиды деген тұжырымдар жасады: тарихи процестің жалпы концепциясы; зерттеуге қойылған бағыт; зерттеу әдістері; жаңа әдістемелік мәселелер; жаңа деректерді ғылыми айналымға тарту; ғылымды жаңа сапаға көтеруде жаңаша ұйымдастыру мәселелері. Тарихнамалық зерттеу салыстырмалы түрде талдау әдістеріне сүйенгендіктен, ғылымның бір кезеңінен екінші сатыға өткендегі жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді, яғни бұл белгілі бір тақырыптардың зерттелу, зерделену деңгейін көрсететіндіктен, ғылым саласы ретінде жаңа сапаға көтерілер шақта өте қажет зерттеу бағыттарының бірі болып табылады. 
Жалпы әлемдік тарих ғылымдағы секілді Қазақстандық тарих ғылымында да көші-қон мәселесі классикалық теорияның прагматикалық ұғымдарының таза пәндік шекаралық шеңберінде зерттелуде. Қазақстандық ғалымдар тарихи демографияның барлық мәселелері секілді 20 ғасырдағы өзгерістер әкелген көші-қондық үрдістерді жан-жақтылық және гуманистік таным бағытында жүйелі, объективті түрде нақты мәнін ашу бағытында зерттеуде. 
Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтының зиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудың бір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметінің пайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оның сын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соның нәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды. 
Қазақстан халқы үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі С.Сғдуақасұлы партия басшыларының жүргізіп отырған солақай саясатына қарсы наразылығын білдіріп, орынды сынға алды. Оның ұлттық мғселеге байланысты жарық көрген «Большевик» журналындағы «О национальностях и националах» атты мақаласы болды. Автор өз еңбегінде Қазақстандағы айтыс-тартыс жағдайларының себептерін дғлелдеуге тырысқан. 
Кеңестік кезеңде халықтың хал-ахуалына назар аударып, ол үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі М. Есболұлы Түркістан өлкесінің материалдары бойынша жер мғселесінің ушығуын сырттан ағылған көші-қоншылар санының артуымен тікелей байланыстырады. Автор нақты деректерге сүйене отырып, Түркістанды отарлау барысында көші-қон қозғалысына тартылған өзге жұрт өкілдерінің саны арта түскенін атайды. Келімсек атанған көші-қоншылардың барлық жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық екендігін дғлелдейді. Зерттеуші бір кездері Ресей империясынан кейінгі кеңестік қызыл империя жалғастырған орыс отаршылдарының орыс көші-қоншыларының санын арттыру арқылы жүзеге асыруға талпынғандығын да зерделейді. 
1926 жылы Т. Шонанұлының «Қазақ жер мғселесі тарихы» деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нғтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, «Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған», қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің иіріміне амалсыздан енгендігіне алғаш көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу жғне ішкі көші-қон процестерінің үдей түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: «Қазақты жерден қуып, қазақты переселенге айналдыру – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерін жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ықтырып тастау – отаршылдар жұмысының екінші жемісі», - деп жазып, мғселені дғл басып көрсетті. 
М. Тынышпаев Жетісу облысындағы қоныс аударушылардың тым көптігіне назар аударып, келімсектердің келуіне байланысты ғлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт төмендеуін ашып айтады. Аймақтағы шаруашылық құлдырап, құнарлы жерлер тартылып алынған соң, егіс-жайылым көлемі қысқартылып, халқы кедейленіп, адам танымастай өзгерген, - деп жазды. 
Үкімет тапсырмасын орындап, Қазақстанның демографиялық жағдайын зерттегендер де болды. Мғселен, А. Донич өз еңбегінде 1926 ж. халық санағының материалдарын талдап, 1928 ж. дейінгі кезеңдегі халық санының өсу динамикасына назар аударды. Оның мғліметтеріне қарағанда, 1928 ж. күзіне дейін республика тұрғындары 6 миллион 507 адамды құраған, 3717094 адамы (51,1%) қазақтар, 1280000 адамы (19,7%) орыстар, 860978 адамы (13,2%) украиндар, 648923 адамы (10%) басқа ұлт өкілдері болған. Республика халқы санының тым аз өсіп, төменгі үлеске ие болуын автор механикалық өсіммен орынды байланыстырғанымен, табиғи өсімнің әсерін ашып бере алмаған. 
Республикадағы 1924-1927 жж. ауыл тұрғындарының табиғи өсіміндегі ерекшеліктерін Н.Д. Трублаевич қарастырды. Ауыл тұрғындарының табиғи өсімі 1927 ж. 27,6 промильге ие болғандығын айқындап, оның ұлттар арасындағы ерекшелігіне тоқталды. Автордың көрсетуінше, осы жылдары табиғи өсім орта есеппен қазақтарда – 20,6 промиль, ұйғыр, дүнген жғне өзбектерде – 22,3, ал орыстарда – 30,6 промиль болған. 1920-жж. республика тұрғындары ішінде орыстардың табиғи өсімі жоғары болған. Бірақ, автор ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелген. Демек, кеңестік өкімет жағдайында ашық жазу көпшілігіне мүмкін болмады. 
Қазақстан халқы, оның ұлттық құрамы мен орналасуы мғселелері Т. Рысқұловтың 1927 ж. жарық көрген «Қазақстан» атты еңбегінде жғне М.О. Ғуезовтың 1930 жылы шыққан «Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан. 
Ә. Ғали өз зерттеуінде 1926 ж. халық санағына дейінгі сыртқы жғне ішкі көші-қон процестерінің ауқымын қарастырған. Оның көрсетуінше, 1926 ж. дейінгі аралықта 800 мыңнан астам адам республикаға келіп қоныстанған деген мәлімет келтірген. 
Н.Ф. Базанованың еңбегінде көші-қондық процестер кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатымен тығыз байланысты қарастырылып, көші-қонның Қазақстан халқы саны мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге ғсері талданған. Автордың көрсетуінше, 1929 жылы Қазақ АКСР қоныс аудару басқармасы құрылғанға шейін, сырттан республикаға көші-қоншылардың ағылып келуі нғтижесінде ауыл тұрғындары 1920 жылдан бері қарай 26,4%-ға өскен. 
Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мәселесін қарастырған Т. Омарбековтың зерттеуінде зұлмат ашаршылық кезеңі қазақ тарихында үлкен демографиялық апатқа әкелгендігі баяндалады. Зерттеушінің қарастыруынша, 1930-1933 жылдары негізінен қазақтардан тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігендігін атайды. Мұның 1 миллионнан астамы босқындар, - дейді. 
Зерттеуші ғалым Т. Омарбеков осы мәселеге байланысты М. Тәтімов пен сонау 1930-жж. Қазақстанның халық шаруашылығы есебі басқармасын басқарған К. Саматовтың есептеулері бір жерден шығып, 1930 ж. Қазақстанда ең кемі 4 миллион 170 мың қазақ өмір сүргендігін дәлелдеді, - дейді. Автордың пікірінше, осы көрсетілген санның тең жартысы қырылған. Өйткені, босқындардың тірі қалғандары (Қазақстанның ішіндегі 300 000 дай адам) республикаға қайта оралған тағы 200 мыңдай адам, онан соң көрші республикалардан және шет елдерден атамекендеріне қайтпай қалған 400 мыңдай адамды шығарғанда, бәрібір 2 миллион 300 мыңнан астам адам жетіспейді, - деген мәлімет келтіреді. Автордың қарастыруынша, 1932 ж. Қазақстан байырғы халқының 64 пайызынан айырылған. 1930 ж. Қазақстан халқының саны 5,9 миллион адамнан 1933 ж. 2,5 миллионға дейін азайған. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан шығып, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп, туған жеріне қайта орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны – 450 мыңдай, - деген мәліметтер көрсетті. 
Кеңес Одағының зұлматты жылдарының тарихын зерттеген ғалымдардың бірі ресейлік В.Н. Земсков. Автор өз зерттеулерінде 1930-1931-жж. Қазақстанға Еділдің төменгі жағалауынан – 18092 жанұя, Еділдің орта тұсынан – 11477, Орталық аудандардан – 10544, Нижгород өлкесінен – 50, Кавказдан – 870 жанұя қоныс аударылған, - деген мғліметтер келтіреді. Қазақстанның өзінде қоныстандырылғандар мен шашыратып орналастырылған жанұялар саны – 6765, барлығы – 50929 жанұя келген. 
Кеңестер Одағындағы, сондай-ақ, Қазақстандағы көші-қондық процестерде орын алған ерекшеліктер батыс зерттеушілері тарапынан қарастырылып, бұл мғселе нақты бағаға ие болды. Зерттеушілер А.Р. Льюис, Н.Р. Роулэндтің көрсетуінше, Қазақстандағы аграрлық отарлау саясатының салдарынан қазақтар отырықшылыққа көшіп, аштыққа ұшырады. 1926 ж. халық саны 4 милион шамасында болса, 1939 ж. дейін 3 миллионға дейін қысқарған. С.Г. Уиткрофтт Одақ көлемінде 1930-1933 жж. болған ашаршылық, демографиялық апат қолдан жасалды деген пікір білдіреді. Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде былай деп жазды: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3963300, 1939 жылғы санақ бойынша 3100900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын – сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді». 
Бұл тарауда көші-қон қозғалысына қатысты отандық, шетелдік және ресейлік ғалымдардың еңбектері салыстырмалы түрде қарастырылып, сыртқа көшкендер жайында нақты деректер келтірілсе, көшіріліп келгендердің ұлттық құрамға әкелген өзгерістері көрсетілді. 
Тараудың «Республикааралық көші–қон және халық құрамындағы өзгерістер» деген тараушасында сырттан келген көші-қон толқындары талданған. 1934 ж. Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен Қарақалпақстанға көшіп кеткен 7000 шаруашылықты Қазақстан жеріне көшіру туралы қаулы қабылданды. Қарақалпақ жерінен көшіп келгендер ұжымдастыру, аштық жылдары кеткен адамдар екені байқалады. 1934 ж. Ақмола қаласының аумағына Ленинград, Мғскеу, Орал, Солтүстік Кавказ, Батыс Сібір, Қиыр Шығыс, БКСР, УКСР, Днепропетровск, Донецк, Армян КСР, Өзбек КСР-нан 530 адам қоныс аударған. Оның 282-і ер адам, 248-і ғйел адам болды. Ақмола, Семей, Орал, Атырау, Петропавл жерлеріне 1652 адам келіп, 7786 кері қайтқан. Сол жылы Қазақстанға келгендердің ғлеуметтік құрамында мынандай топтар бар: жұмысшылар, металл қорытушылар, кіші қызмет көрсетушілер, оқушылар, үй шаруасындағы ғйелдер, 16-жасқа дейінгі жастар тағы басқалары бар еді. 1936 ж. поляктарды қуғындау кезінде Украинадан Қазақстан территориясына 15 мың поляк жғне неміс шаруа қожалығы көшірілді. 
Зерттеуші Г.В. Кан өз еңбегінде 1937 ж. 21-тамызда Қиыр Шығыстан кәрістерді Қазақстан мен Өзбекстанға көшіру туралы бұйрық шыққаннан кейін оларды қоныс аударту 1937 ж. 25-қыркүйегінен 24-қазанына дейін Алматы қаласы арқылы жүргізілді, - дейді. Автордың көрсетуінше, Қазақстанға 20769 отбасы (98454 адам) көшірілген. Екінші кезеңде кәрістер 1938 ж. 20 ақпанындағы БК(б)П Орталық Комитетінің шешіміне сәйкес көшірілді. Онда келгендер Алматы облысы бойынша – 4774 отбасы, Қарағандыға – 6476, Батыс Қазақстанға – 500, Атырауға – 1322, Ақтөбеге 1285, Қызылордаға – 2255, Солтүстік Қазақстанға – 1500, Оңтүстік Қазақстанға – 1698, Қостанайға – 720 отбасы көшіріліп келген. 
Ж.У. Қыдыралинаның зерттеуінде Батыс Қазақстанға депортацияланғандар жайында мәліметтер кездеседі. Автордың қарастыруынша соғысқа дейін және соғыс уақытында күштеп көшірілген халықтар облыс территориясына әкелініп қоныстандырылған. Олардың ішінде кәріс, неміс, татар, армян, балқар, грек, Солтүстік Кавказ ұлтының өкілдері болғандығы баяндалады. Атырау облысына 1937 ж. 21-тамызда кәрістер көшіріліп келген. Олардың саны сол кезде 36442 отбасында (171781 адам), ал қыркүйек-қазан айларында әкелінгендері 124 эшалонда Қазақстанға – 20170 отбасы (70525 адам) және Өзбекстанға – 16272 отбасы (76525 адам) келген. 
1938 ж. қазан айының 8-інде Кеңес Одағы Халық Комиссарлар Кеңесінің арнайы № 1084-269 бұйрығымен: «Ғзірбайжан шекаралық аймағында тұратын ирандықтар Қазақстанға көшірілсін» деген арнайы құпия құжат дайындалған. Ол құжатты бекіткен сол кездегі Одақтың Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. Молотов болды. Соған сғйкес, 1938 ж. қараша-желтоқсан айларында Ғзірбайжаннан – 1621 ирандық отбасы Қазақстанға қоныс аударылған. Олар Қазақстанның Оңтүстік облыстары мен Алматы облысы аудандарына орналастырылуы керек болды. 
1938-1939 жж. қоныс аударылып келген ирандықтар негізінен Азербайжан КСР-ның Алибайрам, Астрахан – Базар, Ярдумлин, Акжебедин, Массалы, Кориягин, Зайгилан, Ленкоран аудандарынан келген. 
Кеңес өкіметі кезінде қоныс аударылған ұлттардың ішінде немістер де болды. 1939 ж. Батыс Белорус пен Батыс Украина жерінде тұратын айтарлықтай көп поляк ұлты өкілдерін қоныс аудартқан. Ол кездегі Батыс Украина жерінен – 6478, Батыс Беларус жерінен – 203 отбасы Қазақстанға көшірілді. 
1926 ж. республикадағы негізгі этностар мынандай көрсеткіште болған-ды: республикада 6198467 адам өмір сүрді, оның ішінде қазақтар – 3627612 адам, орыстар – 1275055, украиндар – 860201, немістер – 51094, татарлар – 79758, өзбектер – 129399, беларустар – 25584, ұйғырлар – 63432, кғрістер – 42 адам жғне басқа ұлттың өкілдері – 86290 адамды құрады. 
О.Қ. Жандосовтың көрсетуінше, 1926 ж. қазақ жеріндегі ұлттардың үлес салмағы мынандай мөлшерде болды: қазақтар – 55,6%, өзбектер – 3,6%, қарақалпақтар – 1,3%, қарақырғыздар – 0,8%, ұйғырлар – 1,1%, татарлар – 1,4%, басқа шығыс халықтары – 0,2%, орыстар – 25,3%, украиндар - 9%, басқа еуропалық халықтар – 1,67% құрады. 
1939 ж. Қазақстан халқының саны 6 млн 093 мың 507 адам болып, 95 ұлттың өкілдері тұрған. Халықтың ұлттық құрамы жағынан республикада: орыстар – 2 млн 449 мың 128 (40,2%), қазақтар – 2 млн 313 мың 674 (38%), украиндар – 6566676 (10,8%), татарлар – 106943 (1,7%), өзбектер – 103240 (1,7%), кғрістер – 96903 (1,6%), немістер – 92397 (1,5%), басқа ұлт өкілдері – 275564 (4,5%) адам екен. 
Республикааралық көші-қон процестерінің салдарынан халық құрамының өзгергендігі және жергілікті қазақ халқының үлес салмағы жағынан азшылыққа айналғаны ғылыми деректер негізінде айқындала түсті. 
Жұмыстың «Сыртқы көші–қон» атты тараушасында шетелге ауған қазақтар жайында мәселе талданған, бұл жөнінде ғалымдар әртүрлі мәліметтер келтіреді. Мәселен, Р. Конквест Қазақстанның шекаралық аудандарынан Синь-Цзяньға (Батыс Қытай) 200 мың қазақ көшіп кетті десе, зерттеуші Ж. Талдыбаев Қытайға өткен қазақтар саны 70 мыңға жуық болғандығын айтады, ресейлік зерттеушілер Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская, И.Н. Киселев 1930-1931 жж. шетелге кеткен қазақтар санын (қайтып келгендерін шығарып тастағанда) 1,3 миллионға жеткізеді. М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Ғбілхожин, Қ.С. Алдажұманов одақтан тысқары өтіп кеткендердің саны 200 мыңдай болғандығын айтады, мұндай мғліметті қазақ диаспорасының тарихын зерттеген Г.М. Меңдіқұлова да қостайды. Б.А. Төлепбаев пен В. Осипов шетелге 500 мыңдай қазақтың көшіп кеткендігі жайлы мғлімет көрсетті. Белгілі демограф-ғалым М.Б. Тғтімов болса 165 мың қазақ одақ көлемінен шығып кетіп, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға жетті дейді. Ал осы жылдардағы Қазақстан қасіретін арнайы зерттеген Т.О. Омарбеков «шетелдерге біржолата көшіп кеткен қазақтар жалпы алғанда 100 мыңға жуық» деп көрсетеді. Сондай-ақ, Т.О. Омарбеков шетелге көшіп кеткендердің санын асыра көрсетушілердің мғліметі ашаршылықтан өлгендердің санын кемітіп көрсетуге алып келетіндігін де атап өткен. М.Қ. Қозыбаев, Ж.Б. Ғбілхожин жғне Қ.С. Алдажұмановтардың мғліметтеріне қарағанда, 1932 ж. қазақтардан Еділ бойына 40 мың, Қырғызстанға 100 мың, Батыс Сібірге 50 мың, Қарақалпақстанға 20 мыңнан астам адам, Өзбекстан мен Тғжікстанға 45-50 мыңдай адам барған. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың еңбегінде 1932 ж. 5 мамырға дейін Батыс Сібірдің 33 ауданына 43632 қазақ көшіп барған да кейін олардың 29166-сы ғана Қазақстанға қайтқан. 
Қазақ халқының туған атамекенінен Орта Азия республикаларына ауа көшуі мен босуы жайында мғліметтерді М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков жоғарыда аталған зерттеулерінде жақсы ашып көрсеткен. Авторлар 1931 ж. 5 тамызына дейін Қазақстанның тек 27 ауданынан ғана (қалған 47 ауданының мғліметтері есептелмеген) Орта Азия жеріндегі көрші республикаларға жғне Қытайға көптеген қазақ шаруалары көшіп кеткен. Оның ішінде Өзбекстанға – 3436, Түркменстанға – 7371, Тғжікстанға – 1767, Қырғызстанға – 1031, Қарақалпақстанға – 2355, Қытайға – 563 қожалық көшкен. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Мғскеу, Ленинград, Орал, Башқұртстан, Төменгі Еділ бойы, Батыс Сібір, Днепропетровск облыстарына Қазақстаннан 230 адам кері көшкен. Олардың арасында ерлер – 123, ғйелдер – 127 адам болған. Сыртқы көші-қонда шетке қазақтармен қатар өзге ұлт өкілдері де болғандығын байқаймыз. 
1934 ж. Қазақстанға келгендерден кері қайтқандар да болды. Аталған жылда 6089 адам қоныс аударылып келіп, 9211-і кері қайтқан. Осы жылдары келгендердің ғлеуметтік жағдайында мынандай топтар болды: жұмысшылар, құрылысшылар, қара жұмысшылар, метал қорытушылар, кіші қызмет көрсетушілер, оқушылар, үй шаруасындағы ғйелдер, 16 жасқа дейінгі жастар тағы басқалары бар. 
1937 ж. Кеңес Одағынан Қазақстанға 83314 адам келіп, 45791 адам кері қайтқан. Демек, кеңестік басшылар көші-қон қозғалысын одақ көлемінде қадағалап отырғандығы байқалады. Ал, 1938 жылы көші-қон қозғалысында Одақ бойынша 282410 адам көшіп келіп, олардың 137639 адамы кері кеткен. 1939 ж. Алматы қаласына РСФСР-дың түкпір-түкпірінен жғне Беларуссия, Украина, Ғзірбайжан, Грузин, Армян, Түрікмен, Өзбек, Тғжік, Қырғыз ССР-ның жерлерінен, оның ішінде қалалардан – 20888, ауылдардан – 21762, белгісіз – 5416, барлығы – 48066 адам келген. Олардан кері қайтқаны 30980 адамды құрады [17]. 
Сыртқы көші-қонның салдарынан қазақ халқы өзге ұлттармен салыстырғанда азайған. Мұндай жағдайға әкелген кеңестік жүйе басшылығының қолдан жасаған ұжымдастыру, тәркілеу сияқты науқандарының нәтижесі болғандығы көрсетілді. 
«Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көші-қон (1939-1945 жж.)» деп аталатын екінші тарауда сол жылдарда халықтарды күштеп көшірілген, эвакуация, депортацияға байланысты көші-қон қозғалысы және бұл мәселелердің тарихнамалық деңгейі қарастырылды.
«Күштеп көшірілген халықтар тарихының зерттелуі» атты тараушасында соғыс жылдарындағы көші-қон қозғалысын қарастырған авторлардың еңбектері талданған Ф.Н. Базанованың көрсетуінше, эвакуацияланғандардың алғашқы толқыны 1941 ж. 7 шілдеде эшелонмен 15206 адам Мғскеу, Ленинград, Украина, Беларуссия жғне Балтық жағалауындағы елдерден көшіріліп келді. 1941 ж. тамыз айынан 1942 ж. қаңтарына дейін 386492 адам қоныстанғандығы жайында, сондай-ақ, 1942 ж. қаңтары мен маусым айлары аралығында 31911 адам қоныс аударылған бірінші кезең десе, екінші кезеңі 1942 ж. тамызынан басталғанда Қазақстанға Воронеж, Сталинград, Ворошиловград, Ростов облыстары мен Солтүстік Кавказ жерлерінен халықтар ғкелінген. Ал, 1943 ж. 1 шілдеде эвакуация жалғасып, республикаға 532506 адам қоныстанды. Олардың Алматы (17,3%), Жамбыл (10,8%), Оңтүстік Қазақстан (9,6%), Қызылорда (8,9%), облыстарына барлығы – 46,6%-ы Оңтүстік облыстарға қоныстанса, солтүстікке – 11,9% орналасты. Келгендердің 35,4% қалаларға тұрақтаса, 64,6% ауылды жерлерге қоныстанды. Зерттеушінің еңбегі Кеңестік дғуірдегі соңғы жылдарында жарық көргендіктен, қоныс аударылғандардың ұлттық құрамға ғкелген өзгерістері мен жалпы демографиялық ахуалға тигізген ғсерін толық қарастырудан атүсті айналып өтіп, оның орнына ағайынды республикалардың бір-біріне көмегі, қамқорлығы сияқты мғселелерді көтеріп, Кеңестік жүйенің ұлт саясаты экономикалық қажеттіліктерден туды деген ескі ұғым негізінде жазған. Ал, шындығында ұлт саясатын жүргізуде тоталитарлық жүйе адам құқықтарын аяққа басып, қуғын-сүргінге ұшыратқандығы жайлы мғлімет келтірмейді. 
Қазақстан Республикасына көші-қон процестерінің нғтижесінде келген түріктер туралы сол ұлттың өкілі Т.А. Курдаев еңбек жазды. Түрік халқының ішінен шыққан ғалым-дғрігер өз ұлтының тарихи тағдырына назар аударып, оны жазып шығуды азаматтық парыз деп білген сияқты. Автор өзі қудаланып келген түріктердің ішінде бір кезде сғби болған. Ол көрген-білгенін, көкірегіне түйгенін, үлкендерінен естігенін жинақтап, еңбек етіп шығарған. 
Осындай көші-қондық процеске тартылған ұлттардың бірі – шешендер мен ингуштер. Қазақстандағы шешен жғне ингуштар туралы еңбек жазған М.Ю. Джургаевтың естелік кітабы бар. Онда автор оқиғаны өз басынан өткергендігі жғне Темлаг лагерінде отырып, тағдыр тауқыметін көргендігін баяндаған. Автор бұл еңбегінде шешен-ингуш халқының көрген қорлығы мен тоталитарлық режимнің адам құқықтарын аяқ асты еткен өрескел іс-ғрекеттерін жазған. М.Ю. Джургаевтың өзі Қазақстанға қоныс аударылып келгенде, Талдықорған облысының эвакуациялық қоныс аудару мекемесінде қызмет істеген. 
Тарихшы-демограф А.И. Құдайбергенованың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы көші-қон процесі» деп аталатын ғылыми мақаласында автор көптеген мғселелерді қарастырған. Қазақстан жеріндегі алып ГУЛАГ жүйесінің КАРЛАГ, Далалық Лагерь тағы басқа жерлердегі тұтқындар саны да соғыс жылдары күрт өсіп отырды, - дейді де, мынандай мғліметтер келтіреді. Қарағанды облысының Долинское селосында орналасқан КАРЛАГ-та 1941 ж. 33747, 1942 ж. 42582, 1942 ж. 1 сғуірінде 41019, 1943 жылы 45798, 1945 жылы 5394 тұтқын ұсталған, - деп нақты деректер көрсетеді. Демек, автор жалпы алғанда, Ұлы Отан соғысы жылдары туудың азаюымен бірге, өлім-жітім өсіп, халықтың табиғи өсімі төмендеді, ауыл халқының саны азайып, қала халқының саны анағұрлым артты. Осы жылдардағы көші-қон республика халқының полиэтникалық сипатын өзгертуде тереңдете түсті, - деген дғлелді тұжырымдар жасаған. 
Соғыс жылдарындағы көші-қон жайында жазылған А. Есимованың мақаласында Қазақстан демографиялық жағдайы баяндалады. Автор соғыс жағдайында эвакуацияланғандардың 40% 4 облысқа бөлінді дейді. Олар: Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары еді. Ғалымның зерттеуі бойынша, республикаға келген шешен, ингуш, татар, қарашай, балқар, еврей, ғзірбайжан, түрік тағы басқаларының үлес салмағының көбеюіне байланысты жергілікті жерлерде қазақ халқының үлес салмағы азая түскендігін атаған. Демек, автор бірқатар мғселелерді көтерген. Сонымен, ізденушінің өзі бұл еңбекте көші-қон толқыны жүрген уақыттарда кейбір мғліметтер толық еместігін айтады. Бірақ, мұрағат деректері мен санақтарда өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп көшіріліп, ұлттық құрамға ғсерін тигізгендігі сөзсіз, - дейді. 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көші-қон эвакуация, депортация, ревакуация, репрессия секілді іс-шаралармен тығыз байланыста жүргендігі тарихнамалық зерттеулерді салыстырмалы талдау нәтижесінде анықтала түсті. 
«Көші-қонның себептері мен салдары» деген тараушасында Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі мобилизация мен демобилизация, өнеркғсіп орындарымен бірге халықтың эвакуациясы, реэвакуациясы, депортация, екпінді құрылыстарға негізделген көші-қон, еңбек армиясына алды, тағы басқа көші-қон толқындары қарастырылған. 
Қазақстанға мұрағат деректеріне қарағанда, 1940 ж. республикааралық көші-қон бойынша Кеңес Одағының жері аз республикаларынан 13264 шаруашылық отбасы көшіріліп келді. 1940 ж. Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне қарасты қоныс аударту бөлімінің қорытынды есебі бойынша, Солтүстік жғне Шығыс Қазақстанның 6 облысына 25 мың шаруашылық отбасы көшірілуі тиіс болса, Оңтүстік Қазақстан облысына 900 отбасы келуі жоспарланған. Нәтижесінде 19293 шаруашылық отбасы көшіріліп келді. 
1941-1943 жж. көші-қон қозғалысы Қазақстанда жалғаса түсті. Осы аталған жылдарда барлығы – 484149 адам эвакуацияланды. Олардың 1943 ж. қайдан келгендігі мұрағат деректерінде көрсетілген. 
1943 ж. Талдықорған облысына «арнайы қоныс аударылғандар» туралы 24 сғуірде берілген мғлімет бар. Онда облыс территориясына көші-қон процесінде эвакуацияланғандардың 6212 отбасы (23853 адамы) келгені жғне олардың 3577 отбасында 8210 еңбекке жарамды адамдары колхоздарға орналастырылған. Сөйтіп, олар қызу еңбекке араласып кеткендігі жайында дерек кездеседі. 
1943 ж. 12 қазанда Кеңес Одағының Жоғары Кеңес Төралқасы шешімімен Қарашай Автономиялық облысы таратылып, 14 қазанда Саяси бюроның жасырын шешімімен, қарашайларды көшіру туралы шешім қабылданды. Автономиялық облыстан 14774 отбасы (69267 адам) қуғындалып, олардан Жамбыл жғне Оңтүстік Қазақстан облыстарына 11711 отбасы (45529 адам) қоныстанса, Қырғызстанға – 5790 отбасы (23300 адам), Өзбекстанға – 95 отбасы (353 адам) қоныс тепті. 
1943 ж. БК(б)П Орталық комитетінің шешімімен Солтүстік Кавказ, Қалмақ АКСР және Грузия АКСР-нің территорияларынан Қазақстанға тұрақты тұруға халықтар арнайы қоныс аударылды. 1943 ж. күзде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам), 1944 ж. көктемде шешен-ингуштар 89501 отбасы (406375 адам) балқарлар – 4660 отбасы (21150 адам), қалмақтар – 648 отбасы (2268 адам), Қырымнан – 1268 отбасы (27657 адам), барлығы – 6296 отбасы (507480 адам) келген. Бұлар республика бойынша 151 ауданға және 16 қалаға орналасты. 
1943 ж. 28 қазанында қалмақтар елдің шығыс, солтүстік аудандарына жғне Оралға жер аударылды. Қысқа мерзім ішінде 99252 адам көшіріліп, оның 2268-і Қызылорда облысына қоныстандырылды. 
1944 ж. 7-наурыздағы Жоғарғы Кеңестің «Шешен-ингуш автономиялық республикасын жою және оның территориясының әкімшілік құрылымы туралы» қаулысымен шешен және ингуш халқы өз жерінен қуылды. Мұнан соң, балқар халқы да көшіріліп, туған жерінен айырылды. Оған Кеңес Одағы Жоғары Кеңесінің 1944 ж. 8 сәуірдегі «Кабардин-Балқар республикасында тұратын балқарларды көшірту, Кабардин-Балқар республикасын Кабардин автономиялық республикасы деп қайта өзгерту туралы» қаулысы негіз болды. 
1944 ж. 17 қарашасында Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1945 ж. 26 сәуірдегі «Солтүстік Кавказдан қоныс аударылғандарды шаруашылыққа орналастыру» туралы қаулысы шықты. 1944-1945 жж. Талдықорған облысына шешен-ингуш және балқарлардан 6031 отбасы (22598 адам) көшіріліп, 10 ауданға шашыратылып орналастырылды. 1944 ж. наурызында келгеннен бастап арнайы қоныстанушылар 1946 ж. шілдесіне дейінгі аралықта ажырап қалған отбасыларын және өлім-жітімнен отбасылары 5839-ға, адамдары – 20787-ге қысқарған. 
1944 ж. Қазақстан территориясында арнайы қоныс аударушы 12342 отбасы (45500 адам) қарашайлар орналасты. Олардан Оңтүстік Қазақстан облысында 6643 отбасы (25216 адам), Жамбыл облысында 5699 отбасы (20285 адам) тұрақтады. Арнайы қоныс аударушыларды қамтамасыз ету үшін 24 комендатура тағайындалып, оның 13 комендатурасы Оңтүстік Қазақстанда жғне 11 Жамбыл облысында болды. Қоныс аударылып келген қарашайлар колхоздарға орналастырылып, олар негізінен ауыл шаруашылығын дамытуда жұмыс істеді 
Осы мезгілде Солтүстік Кавказдағы шешен жғне ингуш халықтарын көшіру ісі де ойластырылып жатты. Бұл туралы 1944 ж. 31 қаңтарында шешім шығарылып, ол өте құпия сақталды. Оларды қазақ жғне қырғыз жерлеріне көшіру 1944 ж. 21 ақпанында басталды. Көшіру ісі аяқталуға бір күн қалғанда, 7 наурыз 1944 ж. Шешен-Ингуш АССР-ін жою туралы Кеңес Одағы Жоғары Төралқасының жарлығы шығады. Мұрағат құжаттарына қарағанда, 1945 ж. қазан айына дейін республикаға 406375 шешен жғне ингуш халықтарының өкілдері көшіріліп келген. 
1945 ж. 1 қаңтарда келгендер саны – 112311 отбасы (462120 адам) болды да, олар колхоздар мен кәсіпорындарға бөлінді. 
1945 ж. ортасында 6125 отбасы (25304 адам) келсе, 75233 отбасы (75233 адам) кері көшіп кеткен және 13218 адам өлген. Ал, 1946 ж. 1 қаңтарда республикада 107272 отбасы (412191 адам) қоныс аударып келсе, соның ішінде Солтүстік Кавказдан 10089 отбасы (384289 адам) және Грузиядан 6422 отбасы (27902 адам) облыстар бойынша мынандай сандық көрсеткіште орналастырылды [18]. 
Тарихи деректер негізінде Қазақстанның этнодемографиялық құрамына өзгерістер соғыс жағдайында күштеп келтірілген шешен-ингуш, балқар, қарашай, поляк, неміс, түрік және тағы басқа халықтардың келуінен қалыптасқандығы анықталды. 
«Көші-қонның этнодемографияға тигізген әсері» атты тараушада Екінші дүниежүзілік соғыс република халқының этнодемографиялық құрамына үлкен әсерін тигізді. Мәселен, 1940 ж. Орталық Комитет пен ХКК-нің арнайы шешімі шығарылып, Қазақстанның кең өлкелері солтүстік және шығыс аудандарына 25 мың шаруашылықты көшірді. 1940 ж. тамыз айында Қазақстанға 19408 шаруашылық (90007 адам) көшіріліп келді. Олардың 17006 адамы Ақмола обылысына орналастырылса, Шығыс Қазақстан жеріне 7445 адам қоныстандырылды. Ал, Қостанай - 21079, Павлодар – 16646, Солтүстік Қазақстан – 19601, Семей – 3340, Жамбыл – 1567, Алматы облысына 3323 адам келді. Сөйтіп, Қазақстан халқының құрамын одан ары көпұлттандыру соғыс жылдарында да, соғыстан кейінгі жылдарда да жүре берді. Бірақ жергілікті ұлт өкілдерінің емес, сырттан келгендердің үлесі арта түсті. 
1941 ж. республикада 110 мың адам келгендігі тіркелген. Жоспарлы түрде ұйымдастырылғандардан 13263 және өз бетімен қоныс аударып келгендерден 10997 отбасы келді. Осы жылы Украинадан - 6478 отбасы, Беларуссия - 203, Воронеж – 1142, Курск – 1415, Рязань – 574 отбасы қоныс аударылып келсе, автономиялы обылыстар Татарстаннан – 917, Чувашия – 876, Молдавия – 591 отбасы және Кеңес Одағының басқа аймақтарынан – 1068 отбасы қоныс аударылып келген. Осы аталған жылда республикаға 161232 адам Кеңес Одағының 32 географиялық аудандарынан көшіріліп орналастырылды. 
1941 ж. 1 тамызда соғыс жағдайына байланысты эвакуацияланып келгендердің саны 15206 адам болды. Бұлардың көпшілігі Мәскеу, Ленинград, Беларуссия және Балтық жағалауы елдерінен еді. Одан кейінгі уақытта 1941 ж. тамызынан 1942 ж. аралығында 3386 492 адам келген. 1942 ж. бірінші жарты жылдығы өте қарқынды эвакуацияланғандардың екінші толқыны келді. Бұлардың көпшілігі Воронеж, Сталинград, Ворошиловград, Ростов және Солтүстік Кавказдан болды. 1943 ж. 1 шілдеде республикаға 532506 адам эвакуацияланды. Олардың айтарлықтай бөлігі Алматы обылысына – 17,3% Жамбыл – 10,8% Оңтүстік Қазақстан – 9,6% Қызылорда – 8,9% барлығы – 46,6% эвакуацияланғандардың 11,9% оңтүстік және солтүстік облыстарға қоныстанса, соның ішінде 35,4% қалаларға орналастырылды, ал 64,6% ауылды жерлерге шашыратылып қоныстандырылды. 
1942 ж. 1 қаңтарда республикаға жоспарланған 722 мың эвакуацияланушылар мен 479 мың қоныс аударушы немістердің орынына 386492 адам эвакуацияланып, 102533 поляктар мен 361244 немістер қоныс аударылды. Осы көші-қонда келгендер Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды. Соның ішінде басым көпшілігі – 533140 адам, яғни 62,7 екі аймаққа мынандай көрсеткіште орналастырылды: Оңтүстікке 273548 адам, 30,5 бөлінді. Оның ішінде обылыстарға төмендегідей орналасты: Оңтүстік Қазақстан – 93984 адам, яғни 11,05%; Жамбыл – 70696 адам – 8,3%; Алматы – 63557 – 7,5%; Қызылорда – 41446 – 4,9%; Алматы қаласы – 3805 – 0,45%; Ақмолада – 99583 – 11,7%; Солтүстік – 86060 – 10,1%; Павлодар – 73949 – 8,7%. Көші-қонның үштен бірінен астамы (37,3%) Батыс, Шығыс (113870 – 13,5%) және Орталық аймақтарға келді. Бұл аймақтардың осы көші-қондағы үлесі мынандай болды: Қостанай – 74993 адам – 8,8% ; Батыс Қазақстан – 37182 – 4,4%; Ақтөбе – 34115 – 4,0%; Гурьев – 9278 – 1,1%; Семей – 73838 – 8,7%; Шығыс Қазақстан – 45035 – 5,3%; Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Семей облыстарына орналасса, поляктардың көбі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды. 
1943 жылдың жазына дейін Қазақстанға барлығы 532506 адам эвакуацияланды. Осы уақыт ішінде басқа республикаларға көшкені, Қызыл ғскер қатарына шақырылғаны жғне сол сияқты себептермен 66351 адам республикадан кетті. 1943 жылдың 1 маусымына қарай эвакуацияланғандардың 466155 адамы қалып, олардың 301063-і (64,6%) ауылдық жерлерге, 165092 (35,4%) қалаларға орналасты. 
1943-1944 жылдары депортациялық күштеу саясатымен Солтүстік Кавказ халықтары қудаланды. 1943 жылы 14 қазандағы № 342 ХКК-нің шешімі бойынша Жамбыл жғне Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлеріне 11 мың қарашай жғне балқар отбасы қоныстандырылды. Осындай қудалау науқанында 1943 жылы 28 қазанда қалмақтар да көшірілген. Олар негізінен Қызылорда облысына орналастырылды да, саны 2268 адамға жетті. 
1943 жылдың қазанынан 1945 жылдың 1 қаңтарына дейін республикаға 504431 адам қарашай, балқар, шешен, ингуш, қалмақ, түрік, грек, поляк, күрд, ирандық, ассириялық ұлт өкілдері көшіріліп келген. Арнайы қоныс аударылғандар 14 облыстың 145 ауданына қоныстандырылып, колхоздарда – 68969 отбасы, совхоздарда – 11377 отбасы, өндірістерде – 31247 отбасы тұрды. Яғни, көші-қон қозғалысы соғыс уақытында да мақсатты түрде, мғжбүрлеп көшірумен сипат алды. Мұндай демографиялық процестер республиканың ұлттық құрамын жылдан-жылға өзгерте түсті. 
«Соғыстан кейінгі кездегі демографиялық ахуал (1946-1959 жж.)» деп аталатын үшінші тарауда республиканың ұлттық құрамына өзгерістер әкелген көші-қонның зерттелуі, оның барысы мен нәтижелері және көші-қонға қатысты құқықтық жағдай көрсетілді. 
Тараудың «Соғыстан кейінгі көші-қон қозғалысының зерттелуі» тараушасында Қазақстан халқының құрамын соғыстан кейінгі көші-қон процестері одан әрі көп ұлттандыра түскендігі көрсетілген. Бұл жайында М.Х. Асылбеков пен Х.М. Әбжановтың бірлесіп мақала жазған. Авторлардың зерттеуі бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі азайып, сырттан келгендердің үлесі арта түсті. 
А.И. Құдайбергенованың еңбегінде қазақ жеріне қоныстанғандардың ұлттық құрамға әсері және олардың саны туралы нақты мәліметтер келтірілген. Мәселен, 1946 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасында 107272 отбасы немесе 412191 адам қоныстанушы тіркелген. Автордың көрсетуінше, материалдық және тұрмыстық жағдайларының адам төзгісіз болуы және олардың қоныс аударған жерлерге қиындықпен көндігуі қоныс аударушылардың, ерекше Солтүстік Кавказдықтар, Қырымнан келгендер, қалмақтар, түрік-месхеттер арасында адамдардың есепсіз өлуіне жол берді, - дейді. 
Соғыстан кейінгі жылдардағы арнайы қоныс аударушылар мәселесін зерттеген ресейлік ғалым В.Н. Земсков осы кезде арнайы қоныстанушылар әртүрлі себептермен ерікті адамдар қатарына босатыла бастады дейді. Мәселен, 1946 ж. Қазақстаннан басқа республикаларға 28105 адам жіберілсе, Польшаға Қазақстан территориясында тұрған 40 мың поляк қайтарылды деген мәліметтер келтірген. 
М.М. Сужиков пен Г.Д. Демаков тың игеру жылдарынан кейін республикада қазақтардың үлес салмағының кемуі шарықтау шегіне жеткенін көші-қондық процестердің ықпалымен байланыстырмайды. Керісінше еуропалық аудандардан тұрғындардың қоныс аударуы жұмысшы табы мен интеллигенцияның санын ғана арттырып қоймай, жергілікті тұрғындардың біліктілігін көтеруде және ұлттық жұмысшы кадрлар мен интеллигенцияны қалыптастыруда маңызды әлеуметтік құрал қызметін атқарды, - дейді. Әрине, авторлардың бұл еңбегі Кеңестік кезеңде жарық көргеннен кейін, қоғамда үстемдік құрған идеологияға сәйкес жазылғандығы байқалады. 
Ф. Михайлов пен И.Ш. Шамшатов өз еңбектерінде тың игеру кезіндегі көші-қон мәселесін қарастырған. Олар 1954 ж. наурыз айында Қазақстанға Украина, РСФСР және басқа да одақтас республикалардан 14200 комсомол жастар келді, - дейді. Келгендердің құрамында тракторшы, бригадир, слесарь, токарь, шофер, комбайншы, механик, тағы басқа мамандық иелері болған. Арнайы жолдамалармен көптеген комсомол жастардан 9,5 мың адам тың өлкесіне жіберілсе, Алматыға 2,4 мың адам әкелінді. Көші-қон толқынында еріктілердің де саны көбейе түскен. Мәселен, 1955 ж. соңына дейін 75700 жас жігіттер мен қыздар әкелінген. 

Категория: Ғылыми жұмыстар | Добавил: nauriz (04.03.2014)
Просмотров: 892 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Код *:
Мини-чат
Для добавления необходимо
войти или зарегистрироваться
Yandex жаңалықтары
Партнеры сайта
Меню сайта
Навигация
Әлеуметтану, саясаттану,мәдениеттану [63]
Бизнес, менеджмент, финанс т.б [2]
Патриоттық және мерекелер т.б [0]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [0]
Шағын көлемді шығармалар [0]
Философия және логика [0]
Қазақ тілі және тіл білімі [58]
Елді мекендер, қалалар [0]
Агро,шаруашылықтар [0]
Қазақ халық әндері [22]
Курстык жумыстар [0]
Ғылыми жұмыстар [64]
Қазақстан тарихы [32]
Қазақ мерекелері [3]
Тарихи тұлғалар [134]
Еуразияшылдык [0]
Ашық сабақтар [50]
Қазақ әдебиеті [105]
Дүние тарихы [32]
Информатика [42]
Флипчарттар [0]
Силабусстар [0]
Астрономия [0]
Психология [0]
Переводчик [0]
Математика [0]
Педагогика [0]
Дипломдар [0]
Лекциялар [0]
География [71]
Глоссарий [0]
Биология [40]
Экология [0]
Ән,өнер [95]
Дінтану [21]
Физика [0]
Химия [0]
Құқық [0]
Еңбек [0]
Витрина ссылок
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Яндекс.Метрика

Лучшая рип студия!